АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жомарт күз», "Жұлдыз" мектепалды даярлық топ

04.11.2022

Тақырыбы: «Жомарт күз»

Мақсаты: 

Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Міндеті:  1)Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
 Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме.   Біздің №2 «Жұлдыз» мектепалды даярлық тобының «Жомарт күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Олай болса қошеметпен біздің балаларды қарсалайық.
Барысы: Залға мерекеге  музыка әуені бойынша ортаға шығады: Вальс биін билейді.
Тәрбиеші: Тамаша, жақсы балалар! Орындарымызға жайғасайық.

Жайдарлы күз,

Жарқын күз,

Аяулы күз,

 Алтын күз,- дей отырып балалардың күзге арналған тақпақтарын тамашалайық.

Аяулым:

Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
:

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

:

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
:

Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді
 

:

Көбейді құт береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз

:

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
: Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Жұлдыз туып таң алды,
Әнге орап ғаламды,
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.

Тәрбиеші:

Тәрбиеші: Балалар, сендердің әндеріңді естіп Алтын күз қонаққа келе жатыр қол соғып қарсы алайық. (Музыка әуені бойынша алтын күз ортаға шығады)

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай әдемі, көрікті болып кеткенсіндер.Мен сендердің дауыстарынды естіп келіп қалдым, шақыру хаттарыңды да алдым, сендерге көп рахмет.
Тәрбиеші:Алтын күз хош келдіңіз!. Ал енді біздің балаларымыздың сізге арналған   әнін тамашалаңыз.

Ән: «Күз келіпті тамаша!»  

Тәрбиеші:    Біздің балалар сізге деп арнайы тақпақтар жаттап келді. Тақпақтарын тамашалайық.

:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық

Күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр,сыбдыр етеді.

:

 Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
 

:

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан, алуан жапырақ

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ
:

 Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.

:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

:

Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Жеміс - жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
 :

Дым бүркіп, тұман басталып,
Қарғалар шулап топтанса.
Үлкендер шаруа басқарып,
Ауылдан сыртқа аттанса.
Жайқалса шетте шоқ қамыс,
Желбіретіп үкісін.
Қызғыш жоқ, кұс жоқ, жоқ таныс,
Көл беті тыйса күлкісін.

:

Күзім ау, күзім ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

:

Ауылдың малы өрістеп,
Жайырақ шықса манаурап.
Оқыранып, жер иіскеп,
Байлауда тұрса жарау ат.
Егістік жақтан Даладан,
Естісең мотор гүрілін.
Астықты керуен қалаға,
Ағылып жатса күн ұзын.

Би: «» қабыл алыңыздар.(қыздар биі)
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар. Қанекей, балалар енді күз мезгіліне  арнаған тақпақтарымызды жалғастырайық.

:

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

 :

Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызықты көп күзде

:

Жайдарлы күз, жомарт күз

Аяулы күз,алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр

:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық

:

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды

Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді

 

:

Жатыр дала атырап

Жаз шуағын мол құйды

Күн астында алтын дән

Тербеледі толқиды

:

Алақай, алақай

Шаттанады балақай

Береке салты күз

Бақшада алтын күз

Балалар тойлайды

Қуана шаттана

Оркестр: «Қазақ күйі»

 Алтын күз: Балалар сендер сондай өнерлі екенсіңдер, рахмет сендерге, әндерің мен тақпақтарын өте тамаша екен. Ал енді менің кезегім, сендерге  арнап ойын алып келдім. Сендер менімен ойын ойнайсыңдар ма?(Балалар иә)

Балалар , сендер көкеністер мен жемістерді таный аласыңдар ма? (Балалар иә). Ендеше байқап көрейік.

Ойын: «Даусынан тап»

Шарты: Бір баланы ортаға шығарып, көзін байлап, қай бала дыбыстайды соны даусынан тану. Сөйтіп бірнеше рет ойнаймыз.

Ойын: «Қол шатыр»

Шарты: Балалар, музыка ырғағымен билеп жүреді, күн күркіреген кезде қол шатырдың астына жиналады. Солай үш рет ойнатылады.

 Тәрбиеші: Рахмет сізге Алтын күз! Балалардың көңіл күйлері көтеріліп риза болды сізге. Ал, енді балалардың орындауында ән тыңдаңыз!

Ән: «Жаңбыр»

Тәрбиеші: Келесі кезекті ұлдар биіне берейік.

Би: «Ұлдар биі»

Алтын күз:  Рахмет балалар, менің сендермен қоштасатын кез келді.Қош сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар балалардың орындауында «Балдырған» әнін қабыл алыңыздар.                       
Тәрбиеші: Осымен біздің «Армысың-Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмен, келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

 

 

Тәрбиешілер:Омирсерикова З. М.

Зкрина У. Е.

04.11.22ж

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст