Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Өсімдіктер сияқты өсеміз!
Мақсаты:
Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін бекіту (атауы, құрылысы); өсімдіктерді салыстыра білу, олардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба алу; олардың өсуіне қажетті жағдаймен таныстыру. Практикалық жұмыс істеу дағдыларын арттыру; өсімдіктер туралы білімдерін дамыту.Әңгімеге араласа білуге, өз көзқарасын айта алуға тәрбиелеу; өсімдіктерді өсіруге, күтуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиеші балаларды табиғат бұрышына апарып өсімдіктердің атын атайды:
бегония, бальзамин,герань, папоротник, кактус т.б. Олардың тамыры, жапырағы, сабағы бар.
- Олардың жапырақтары әртүрлі, бірінің сабағы жуан, бірінің сабағы жіңішке. Өсімдіктер өседі, қоректенеді, су ішеді, ауамен демалатынын түсіндіреді.
Балалармен, өсімдіктерді қалай күту керек екендігін жұмыс жасап көрсетеді. Өсімдік жақсы өсу үшін не керек? Оларға күтім керек - өсімдіктерді жарық
жерге қойып, өсімдіктерге күтім жасайды.
1. Топырақты таяқшамен қопсы-тамыз.
2. Жапырақтарының шаңын жұмсақ шүберекпен сүртеміз.
3. Су құямыз.
4. Жапырақтарына су бүркеміз.
- Өсімдіктердің жапырағы, тамырына зақым келтірмес үшін, күту жұмысын балалар жақсы орындайды.
Енді өсімдіктер өсетін болады! Біз де өсімдіктер сияқты өсеміз!