Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Ұйымдастырылан іс әрекет
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: «Тірі табиғат және өлі табиғат».
Мақсаты: жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру. Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жанды және жансыз табиғатқа байланысты
интерактивті тақтамен жұмыс суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: баяу музыка жазылған үнтаспа,
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап, зерттеу жасау әңгімелеу.
|
Іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
|
|
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
-Шаттық шеңберін ұйымдастыру Сәлем саған Алтын күн! Сәлем саған Көк аспан! Сәлем саған Достарым! Сендерді көрсем қуанам!
|
Балалар қызығушылық танытып өлең жолдарын қайталап айтады . |
|
|
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
|
Балалар, кім айтады бір жылда неше ай бар? Қазір жылдың қай мезгілі ? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Балалар табғат дегеніміз не?(Меруерт) Айналамыздағы ағаштар, таулар, мен тастар, құстар,Жануарлар,өсімдіктер, жеріміз, топырағымыз бәрін бір сөзбен айтқанда табиғат деп атаймыз. -Балалар табиғат неше түрге бөлінеді? - Өлі табиғатқа нелер жатады?( Интерактивті тақтадан көрсет) - Дұрыс айтасыңдар, балалар, тірі табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп - өнетіндердің барлығы жатады екен. Яғни тірі табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал өлі табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді. Неліктен өлі табиғатты тірі табиғаттың тірегі деп айтады? Дұрыс айтасыңдар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз өмір сүре алмайды екен. Міне, балалар, біз өлі және тірі табиғат туралы білдік. Тәрбиеші:Біз қызықтықты ,ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз .Айналаға қарасақ бізді көптеген заттардың қоршап жатқан білеміз.Қандай зат қоршап жатыр.Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған, Олар қандай затта екен? Тәрбиеші:Балалар мен тәңертең топтың ішінен бір қорапша тауып алдым. Қане оны сипап сезу арқылы не зат екенін тауып көрейікші. (ҚОРАПША) Топқа жас ғалым келеді. Амандасады, балалардан көмек сұрайды. Балалар сендер мені білесіңдер ме? Мен жас ғалыммын табиғатты зерттеумен айналысып жүргеніме көп үақыт болды,бірақ тасты, таскөмірді құмды әлі зерттеген жоқпын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?Балалар көмектесеміз бе? Олай болса қазір сиқырлы жолмен зертханаға барамыз. Зертхананың бірнеше ережелері бар.Сол ережелерді есімізге сақтау керекпіз. 1.Үстімізге алжапқыш кию керекпіз. 2.Заттарды ққыпты ұстау 3.зертханада шулауға .қатты дауыс көтеруге болмайды. 1. тапсырма Тасты зерттеу( қолымыза алып салмағын көреміз) 2.тапсырма Таспен ағашты суға салу.Тас суға батты ағаш батқан жоқ дәлелдеу. 3. тапсырма Тасқа шеге қағылмайды. Балалар дәлелдейді. 4. тапсырма Тұз зерттеу. Тұз суда тез ериді. Яғни тұз ерігіш. 5. тапсырма Таспен құмды салыстыру. 6. тапсырма Суды зерттеу,Су түссіз, 7. тапсырма Судың иісі жоқ. 8. тапсырма Су пішіні жоқ.Қандай ыдысқа құйсаң сол ыдыстың пішінін қабылдайды. Үй тапсырмасы. Аружан жобаны қорғау.Тас көмір туралы айтады.Слайд Тәрбиеші.Осы зерттеген заттар қайда өңдіріледі, соны картадан қарайық. Тас көмір-Қарағандыда, Екібастұзда оңдіріледі.(Зере) Көмір-өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты кен жынысы.Көмірді біз отын ретінде пайдаланамыз.Ол бізге жылу береді. Тұз-Павлодар қаласында өңдіріледі.(Аружан) Тұз бізге өте қажет,Тұз өлі табиғатқа жатады Тұз тамақтың дәмін келтіреді,сондақтан тұзды да су сияқты күнделікті қолданамыз. Тәрбеші енді балалар орнымызға келіп отырайық. Жақсы балалар енді сендермен бір ойын ойнайық. Ойын:(Жақсы-жаман» Тас жақсы-себебі одан үй салады Тас жаман-себебі ол қауіпті Тас жақсы-себебі одан жол салады Тас жаман-себебі тау арасында тұратын жануарларға қауіпті Сергіту сәті:Теледидардан Мнемокесте арқылы табиғат туралы тақпақ жаттау. Тақпақты бірнеше рет қайталап шығады |
12 ай бар .Барлық бала жеке айтып шығады. Күз мезгілінде 3 ай бар. Табиғат тірі және өлі болып екіге бөлінеді.
Өйткені біз өлі табиғатсыз тіршілік ете алмаймыз.
Өйткені тас ауыр, ағаш жеңіл.
Өйткені тас қатты.
Құм
Табиғат біздің анамыз, Жер ана біздің панамыз. Таза болса табиғат, Бізде аман боламыз.сусымалы |
|
||
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Қорытындылау слайд бойынша атап шығады. Біз бүгін қайда бардық ? Не жайында айтық. Нені зерттедік ? Тас көмір қай қалада өндіріледі ? Тұз ше ? Жарайсыңдар,атқарған жұмыстарыңа қарап,сендердің табиғатты жайында жақсы білетіңдерді түсіндім. Сондықтан да бүгін мен бәріңе «Табиғаттың жас досы» лауазымын беремін.Мына ағашқа табиғатқа деген жақсы тілектерді айтып жапырақтарды жапсырыңдар. |
Қарағандыда |
|
||
Күтілетін нәтиже:
Білді: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын, жансыз табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
Игерді: жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын, жансыз табиғатсыз жанды табиғаттың өспейтіндігін, олардың өзара байланысын.
Меңгерді: ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды, күтіп баптауды.