Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Ғажайып пішіндер»
Тәрбиеші: Омирсерикова З.М.
Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндермен таныстыра отырып түсініктерін толықтыру. Геометриялық пішіндер арқылы тапсырмаларды орындау.
Әдіс тәсіл: геометриялық пішіндерді ажырата білу, құрастыру, зерттеу салыстыру.
Көрнекіліктер:зерханаға арналған ыдыстар, дымқыл сұлгілер, кептірілген шай түйіршіктері, желім ПВА,ермексаз, ағаш таяшалар,су сабыны, түтікшелер, үй үлгісі, геометриялық пішіндер. Технология: STEAM әдісі (шығармашылық орталығы, таным орталығы,, коммуникация орталығы)
Таңғы жиын. Әңгіме Амандасады, балалармен шеңбер бойымен отырып тіл табысып, әңгімелеседі, сұрақ қойады. -Балалар, көңіл күйлерін қалай, мен сендерді жақсы көремін, ал сендер жақсы көресіндерме балабақшаны, дала ауа райы қандай, қай жыл мезгілі? -Балалар, енді біраз күннен соң бізде қыс мезгілі келеді.
Мен сендерді «Ғажайып пішіндер» атты ойын алаңына шақырамын. Ең алдымен геометриялық пішіндерді есімізге түсірейік. Тәрбиеші геометриялық пішіндерді көрсете отырып сұрастырады, пішіндерді айтқызады, естеріне түсіреді. -Мен сендерге «Сиқырлы Үй» ала келдім. Осы үйдін терезелері бар екен, әр терезеде геометриялық пішіндері бар екен. Осы ұнаған пішіндерді өздерін таңдап аласындар. Содан соң екі бағытқа бөлінесіндер. Бағытқа мына жолдар арқылы жетеміз. (Жерде ленте немесе арнайы қиылған жолдар ирек- ирек болып төселеді). Балалар орындарынан тұрып ұнаған пішінді алып, жол арқылы орын таңдайды. Екі бағытқа бөлініп орындарына барады. -Біздің ғажайып үйіміз сендерге ойын ұсынып отыр, ойында біз бүгін құрлысшы және суретші боламыз. Сендерге сұрақ суретші не істейді? Ал құрлысшылар не істейді? Енді алдымыздағы заттарға қарайық (көзімізді жүгіртейік) және атап шығайық. Алдарымызда кептірілген шай ұнтасы, желім, үйдін сызба суреті, ермексаз бен таяқшалар. Осы заттардан біз үйді салып ойнаймыз және құрастыру керекпіз. Қалай ойласындар, үйдін суретін салу үшін біз не істеу керекпіз? Ал, үйді құрастыру үшін осы алдымыздағы заттарды қалай қолданамыз? Балалар өздері түсіндіруге тырысады, және тәрбиеші өзіде түсіндіріп жібереді. Ең алдымен жаттығу жасайық содан соң тапсырманы орындаймыз. Саусақ жаттығуын орындайды. Қауіпсіздік ережесін ескертіп түсіндіреді. Баяу әуен қойылады балалар іс әрекетті ұйымдастыра бастайды. Балалар аяқтаған соң, қолдарын сүлгіге сұртеді. Бір кезде бір музыканың дауысы естіледі. Балалар бұл музыка ойнап жатыр, кәнекей ортаға тұрып экранға назар аударайық музыкалық ойын қимылын жасайық. Балалар қимылды орындап қайталайды. Қайтадан орындарына келіп кептірілген шайды ыдысқа түсіріп сілкейді. Өз жасаған еңбектерін тәрбиешілерге көрсетеді. Тәрбиеші мақтайды, сұрақ қояды не жасадық? - деп - Балалар, біз қандай пішіндермен ойнадық, және құрастырдық? Ал менім қолымда бір ғажайып зат бар- деп тәрбиеші су сабын көпіршігін көрсетеді. Бұл не деп сұрайды. Балалар өз ойларын түсіндіруге тырмысып айтып береді. Осы сиқырлы су сабыны арқылы қандай көңілді пішінді шығаруға болады? Дұрыс айтасындар дөңгелек. Ол үшін біз зерханаға бару керекпіз. Маңағы жолдар арқылы енді зертханаға барайық. Балалар жолдарды пайдалана отырып зерханаға келеді. Балалар зерханаға кіру үшін мына бас киімді киеміз, сосын бірақ кіреміз. Балалар бас киімді киіп орындарға тұрады. Тәрбиеші балалардан сұрайды не бар екен зертханада- деп. Атап шығады су, сүйық сабын, түтікшелер, және глицерин деп тәрбиеші айтады. Тәрбиеші қауіпсіздік ережесін ескере отырып балаларды таныстырады, тазалықты сақтаймыз, ауызға салып жүтпаймыз. Енді кәнекей балалар біз не жасауға келдік, ең алдымен бізге не керек? Бірінші суды керек екен, алдарында дайын су құйылған ыдыс, енді осы ыдысқа мына қасық арқылы екі қасық су сабының құйямыз, содан сон майлы глицерин ертіндісін бір қасық қосамыз, глицерин арнайы құтыда дайын, соны алып қосып араластырамыз. Енді осы дайын суға түтікшемізді батырамыз, ақырын ұрлейміз. Балалар тәрбиешінін айтуы бойынша орындар ұрлейді. Балалар кәнекей біз ұрлегенде не пайда болды, қандай көңілді пішін жасалды? Балалар сұраққа жауап береді. - Дұрыс айтасындар көңілді дөңгелек пішін шықты. Көрдіңдер ме балалар, бізде ең көңілді пішін дөңгелек болды және көңілді ойынымызды неден жасадық? Тамаша балалар сендерге бүгінгі ойын ұнады ма, ұнаса көңілді смайлик қасына барамыз, егерде ұнамаса лайк арқылы көрсетеміз. Балалар сиқырлы үй сендерге риза екен ризашылығын осындай смайликтер арқылы білдіреді деп смайликтер таратады немесе таңбасын қояды. Рахмет сендерге сау болындар балалар.