АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ойнайық та,ойлайық». №8 «Құлыншақ» МАД- тобы Өткізген: Кабдушева Ж.Б.

02.12.2022

Тақырыбы: «Ойнайық та,ойлайық»

Білім беру саласы: «Таным»

Мақсаты: Тура  және кері санап, логикалық  есептерді шешу,салыстыру бойынша  білімдерін бекіту.Есте сақтау, логикалық ойлау қабілетерін, қиялын дамыту. 

Ұйымшылдыққа, шапшадылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:сандар,слайдттар.

Барысы:

                                     1-тапсырма: «Сұрақ-жауап»

-Бір жылда неше мезгіл бар?        

-Жыл мезгілін кім атап береді?

-Қазір жылдың қай мезгілі екенін мнемокесте арқылы білеміз?

Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау.

Шана зырғып желетін

Шағы коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

                       2-тапсырма: 1-ден 10-ға дейін тура, кері санау

               

                     3-тапсырма: «Логикалық жұмбақтар есептер» 

1. - Дүкеннен анам дөңгелек  2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім.

Менде неше доп қалды? (1)
2. - Қоянда неше құлақ бар. (2)
3. - Қолда қанша саусақ бар?  ( 5)
4. Ағашта 5 құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды? (3)
5. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма? (5 )

6.Үшбұрыштың  неше бұрышы бар?

7.Дөңгелекте  бұрыш  болама?

8.Түлкінің  құлағы  қысқа,ал  қоянның  құлағы ......

9.Күшік  жүгіреді ,ал қарлығаш ......

10.Тасбақа  жүреді, ал балық ......

                               4-тапсырма.«Қай  уақытта  болады?»

Ұйқымыздан  оянамыз

Бетімізді жуамыз

Анамызға ереміз,

Балабақшаға келеміз.

Бұл қай уақытта болады?  (танертең)

 

Сабақты да оқимыз,

Серуенге де шығамыз.

Беті- қолды жуамыз,

Тамақтанып  аламыз.

Бұл  қай уақытта болады?   (күндіз)

 

Серуенде жүреміз,

Анамызды күтеміз.

Апай Сау болыңыз! Деп

Үйімізге кетеміз.

Бұл қай уақытта болады?   (кешке)

 

Үйлерде шам жанады

Маңайтастайқараңғы

Ертегіні тыңдап алып

Тәтті ұйқыға батамыз.

Бұлқай  кезде болады?  (түнде)

 

Сергіту сәті: Балаларға аралас сандар беріледі, қолдарындағы сандар бойынша

әр бала ретімен тұру керек.

 

                                           5-тапсырма: «Тез ата»

1. Аспанда неше күн бар? (1)

2. Алма үлкенбе, түйме үлкенбе?  (Алма үлкен)

3. Шаш ұзын ба, қас ұзынба?  (Шаш ұзын)

4. Кемпірқосақта неше түс бар?   (7)

5. Адамда неше саусақ бар?  (5)

6. Жұлдыздың неше бұрышы бар?  (5)

7. Жол ұзын ба, қол ұзын ба? (Жол ұзын)

8. Көлікте неше доңғалақ бар? (4)

9. Қоян жүйрік пе, таспақа жүйрікпе?  (Қоян)

10. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?  (Төрт)

11. Дөңгелектің неше бұрышы бар?   (Бұрышы жоқ)
 

                       6-тапсырма: «Бізді қоршаған орта?»

-Табиғат нешеге бөлінеді?  (2)

-Қандай болып бөлінеді?   (Тірі жіне өлі)

-Тірі табиғатқа нелер жатады? (ағаш, гүл, жануарлар, адам)

-Ал өлі табиғатқа нелер жатады? (тас, су, құм)

-Балалар біздер табиғат бұрышындағы гүлдерге қандай қамқорлық жасаумыз керек?  (Балалардың  жауабы)

 

                       7-тапсырма: Санамақ  жаттау        

                                      6-дегенім асық

1- дегенім –бөрік                   7-дегенім жеміс

2-дегенім етік                8-дегенім сәбіз

3-дегенім үтік               9-дегенім табақ

4- дегенім төсек           10-дегенім оймақ

5-дегенім бесік

Қорытынды:

Ойын ойнау: «Адасқан сандар», «Математикалық  бұлттар», «Ағашта  неше алма бар?»  -Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі  ҰІӘ  өте жақсы қатыстыңдар.

№8 «Құлыншақ» МАД- тобы

Өткізген: Кабдушева Ж.Б.

 

Просмотров: 171


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст