Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
№10 «Ботақан»ортаңғы тобы
Тәрбиешілер:Таңатова Ш.О
Есекеева М.Ш
22.12.22ж
Зал іші Жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендірілген.
(Орман ханшайымы қысқы әуенмен залға кіреді қолында сиқырлы таяқшасы бар)
Орман ханшайымы:Қандай әсем менің орманым,бүгін ерекше құлпырып,көңілім де көтеріліп тұр.Ормандағы досым барысқа хабар беріп едім ,тез келсе келетін қонақтарды қарсы алсақ,
Біздің сиқырлы орманымызға қонақта Ботақан тобы қарсы алайық.
(Әуен ойналады. Залға балалар мен Барыс кіріп келеді.)
Барыс: Амансыздар ма ұстаздар, ата-аналар!
Жаңа жылдарыңыз құт – береке әкелсін! Орман ханшайымы, мен биыл өздеріңізбен жыл бойы бірге болып қызық,қуанышты бірге тойладық.Менің балалармен қоштаса тын сәтім жақындады.Сондықтан бүгінгі күні көңілді етіп тойлайық.
Орман ханшайымы: Балалар, қош келдіңдер,Я,барыс жылы сенің биылғы кететін уақытың таяп қалды .Бүгінгі мерекені жақсылап кел тойлайық.Олай болса уақыт өткізбей біздің Жаңа жылымыздың басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарды да барлығымыз бірге шақырып алайықшы.
Балалар: Алақай! Аяз ата ,Ақша қар! (Аяз ата мен Ақшақар ,ақ қоян кіріп келеді).
Аяз ата:
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Амансыңдарма балалар!
Мен өзіммен бірге келе жатқан Жаңа жылымыз ақ қоянды алып келдім.Ақ қоян еліме жеріме береке болып келші.
Ақшақар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата-аналар!. Жаңа жылдарың құтты болсын! Қоян жылы табыс, береке, бірлік әкелсін!
Ақ қоян:Амансыңдар ма балалар,мен Келе жатқан жыл басымын,Тоймызды жақсы көңіл күймен бастайық!
Орман ханшайымы Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат!
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.
(қолдарын шапалақтайды) Шырша жарқырайды
Орман ханшайымы: Аяз ата, Ақшақар,ақ қоян! қош келдіңіздер, бізбен бірге ән айтып, билеп балалардың өнерін тамашалаңыздар. Балалар, бізде орманда шыршалар өте көп, үлкені де, кішкентайы да бар. Шырша туралы ән айталық
Ән:«Шырша».
Барыс: Шырша әндеріңіз керемет екен, ал біздің мына кішкентай шыршаларымызды
жаңа жыл келгенше безендіріп қояйықшы. Балалар сендер маған көмектесесіңдер ме?
Ойын: «Шыршаны безендірейік»
(Балалар екі топқа бөлінеді. Қорапшадағы ойыншақтарды бір-бірден шыршаға іліп, қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңімпаз атанады.)
Барыс: Балалар, біздің орманымыз одан да жарқырап кетті. Рахмет сендерге.
Орман ханшайымы: Балалар жаңа жылға арнап тақпақтар жаттап келді.соны Аяз ата мен Ақшақарға айтып берейік.
Тақпақтар:
Муслима:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Карим:
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз,
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз
Адема
Өлеңде әзір,әнде әзір,
Ойында әзір ,бәрі әзір
Қол ұстасып,құшақтасып,
Үйренейік жаңа жыр.
Алфия
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет,төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты болсын!
(Музыка әуенімен аю кіреді)
Аю: Балалар, мен ұйқымнан оянып кетіп сыртқа шықсам, Жаңа жыл ,жаңа жыл деп шулаған дауыстарды естідім,не болып жатыр
Орман ханшайымы: Балалар, аю ұйықтап қалыпты, Жаңа жылдан кеш қалатын болды, біз оны оятайықшы, ол үшін балалардың биін тамашалаңыздар
Би: «Аяз ата-Санта»
Аяз ата мен Ақшақар: Рахмет сіздерге балалар, жаңа жыл қуанышқа мол болсын!
Қоян: Кел,барыс бір ойын ойнайық
Ойын: «Қарды кім көп жинайды?»
Ойын шарты:Екі корзинаға бөліп қар жинау.
Аяз ата:Ой қандай епті ,әрі көңілді балалар,жарайсыңдар!
Барыс:Рахмет орман ханшайымы,рахмет балалар Ал келесі жылдар айналып келген ше сау болыңдар!
Аю:Ой рахмет балалар ,мен ұйықтауға кеттім.Жаңа жылдарың құтты болсын! (Барыс пен аю қоштасып шығып кетеді)
Орман ханшайымы:Аяз ата,Ақшақар, балалардың жақсы әнін тыңдайық! Жаңа жылымыз ақ қоян саған арналады
Ән :«Ақ қоян»
Орман ханшайымы: Аяз ата келіңіз балалар тақпақтарын тыңдайық
Тақпақтарға кезек берейік
Таймас:
Келді міне жаңа жыл Қарсы алайық,бәріміз Күліп,ойнап ,би билеп Ән салайық бәріміз
Нұралы:
Құтты болсын,құтты болсын, Құтты болсын жаңа жыл!
Айбарыс
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Чингизхан:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Кира
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Томириз
Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып, Келді қысқы сапардан, Аяз ата оралып.
Би: « »
Ән: «Жаңа жыл»
Орман ханшайымы: Аяз ата,Ақша қар сіздер біздің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер? Аяз ата: Ой,ұмытшақ басым ай,әрине қазір,қазір....,Ақшақар қызым сыйлықтарды алып келші
Ақшақар: Иә, әрине ала келдім,бірақ сыйлықтар қайда? (Музыка әуенімен түлкі келеді,шанаға сүйреген сыйлықтары бар)
Түлкі: Орман ішінде зытып әнімді айтып келе жатсам мына шанамен қапшық жатыр екен,ойландым да сіздер келген ізбен осында келдім.Кел, ақ қоян балалар сыйлығын табыстайық.
Аяз ата: Рахмет саған ,түлкіжан
(Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтарды үлестіріп береді) Аяз – Ата: Жарайсыңдар балаларым! Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарың ашық болсын! Келген жаңа жыл Қоян жылы еліме береке болып келгейсің!Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап бәрі шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Орман ханшайымы: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің,Жаңа жыл!»
атты ертеңгілігіміз аяқталды..Жаңа жыл құтты болсын!
Отбастарыңызға тек бақыт қуаныш нұры жаусын.
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір.
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын!Құтты болсын жаңа жыл!