АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарқыра Жаңа жыл!». Сәбилер тобының тәрбиешілері Шалкарбаева Ж.К., Хамзина Ш.С.

23.12.2022

Ертеңгілік «Жарқыра Жаңа жыл!»

Мақсаты: -Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру;

  • Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың,  карнавалдық киімдеріне назар аударту;көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
    Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, орман аңдары.
    Музыка ойнап тұрады.
    Тәрбиеші :Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар.

Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтардықарсы алыңдар.

 Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!

Карнавалдың иелерінқарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)
 Армысыздар, балалар , ата – аналар,қонақтар!

 Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: « Жаңа жыл!»
 Жаңажылдық ертеңгілігімізді бастайық.
Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Жасыл шырша»
Тәрбиеші  : Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

 Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

Аяз атамен Ақшақарды шақырайық

.Шырша шамын жағайық.!

Аяз ата:Ақша қар .Амансыңдарма Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.

Тақпақтар:                                                                                                                          1.Зара

 О, алақай , Аяз ата

Келе жатыр алыстан

Кел билейік ,үйренейік

Ол келгенше Жаңа жыл!

2.Айсана

Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем  жұлдызы

Көз тоймайды қараса

3.Мустафа

Безендіріп шыршаны

 Жыл қуантты баршаны

4.Дайана

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып

Аяз ата :

 Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді,  балалар.

Енді біздің балалардың орындауында ертегі әлеміне саяхат жасайық бізде топта көптеген орман аңдары бар .Біз сіздерді «Қолғап» ертегісіне шақырамыз.(ар жақта оқып тұрады,балалар қолғапқа кіреді)

Баяғы заманда қарт ата өзінің күшігімен орманға барады.Күшігі оның жақын досы екен.Орманды аралап үйге қайтады.Жолда   атасы    қолғабын түсіріп алады..Ол қолғапты тышқан көріп қалып жүгіріп  келеді .

Мында кім тұрады?

Ешкім жауап бермегесін тонған тышқан қолғапқа кіріп жылынады.

Жүгіріп қоян келеді

Мында кім бар? Мен тышқан ,сен кімсің?

Мен қоян ,бірге тұрайық.Екеуі бірге тұрады.

Қасқыр Мында кім бар ? деп сұрайды.

Мен пиқылдауық  тышқан,мен қоян.

Қасқыр мен де тұрайыншы..Үшеуі бірге тұрады.

Түлкі келеді ,Мен де сендермен түрайыншы дейді

Аю келіп мен де бірге тұрайыншы , орманда қыста суық.Барлық орман аңдары қолғапқа кіріп ,тар болса да бірге тұра бастайды.Оларға қолғапта жылы болады.

Ата қолы тоңып қолғабын іздей бастайды.Түсіп қалғанын көріп орманға кейін қайтады.Күшігі жүгіріп алға кетеді.Абалап үре бастайды.Қолғапқа жүгіреді.Қолғапта аңдар иттің дауысын естіп жан жаққа бытырап қаша жөнеледі.Ата келіп қолғабын алып үйге қайтады.

Балалар аңдар сияқты біздер де дос болайық.

Ал енді аяз ата мен ақша қар әнге жол берейік.(қоян кіреді)
Қоян:Амансыңдар ма, балалар! Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!Мен  орманнан  қасқырдан  қашып кеттім.

Ақша қар :Әрине, келе ғои қоян.

Балалар далада қар көп екен  қане бәріміз жинайық.

Қоян ойын ойнатады.
Ойын: «Қар жинастыру» (балалар шелекке күрекпен қар жинайды)
Аязата:Ой балалар!
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Аяз ата: Ақша қар  енді бір би билесін балалар.

Би: «Шырша  биі»

Балалар әнімізді айтып берейік

Ән «Жасыл шырша»
Қоян: Ақша қар менің қарным ашып тұр, маған сәбіз керек сендерде бар ма?

Мен білемін бір ойын:
   Қоян нені жақсы көреді?

Балалар:  Сәбізді.

Онда жинап берейік сәбізді

Ойын; «Сәбіз жинау»
Ақшақар: Жаңа жыл келеді.Жаңа жыл. Қоян жылы ,жаңа жылмын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.
Ақша қар:Шырша астындағы  қорапты таңырқап қарайды, бұл не ?

Аязата мен Ақшақар  қораптан  сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Аяз ата:Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.Жаңа қоян  жылы құтты болсын!
Жүргізуші:Қош сау болыңдар!Жаңа жыл құтты болсын!

 

Тәрбиешілер: Шалкарбаева Ж.К

Хамзина Ш.С. 24.12.2022

Просмотров: 176


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст