Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Қуант бізді, Жаңа жыл!»
атты ертеңгілік
№ 7 «Аққу» мектепалды даярлық тобы
Ертеңгілік мақсаты: балаларға бұл мерекенің дүние жүзі бойынша барлық халықтың үлкен көңілмен қарсы алатын ерекше мереке екенін ұғындыру. Жаңа әндер, тақпақтар жаттату, би үйрету.
Ертеңгілік көрнекілігі: жаңа жылдық шырша,түрлі-түсті шарлар, жылтыр жіпшелер, жаңа жылдық суреттер.
Қатысушылар: әр түрлі маскарад киімін киген балалар, Бауырсақ, Қасқыр, Түлкі, Қоян, Аю, Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл, жүргізуші.
Өтілу барысы: Музыка әуенімен қолдарына бұлғап бүлдіршіндер шығады.
Ән: Жаңа жыл
Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар?! Әдемі болып қайда шықтыңдар?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе бауырсақ?! Бізде бүгін ерекше күн, біз Жаңа жыл мерекесін тойлайын деп келдік. Бізге қонақтар келіпті. Құрметті қонақтар, Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бауырсақ, сен мұнда не істеп жүрсің?
Бауырсақ: Мені атам мен әжем Жаңа жыл мерекесіне арнап пісірген болатын. Мені суыту үшін терезеге қойған. Мен терезеде зерігіп, домала жерге түстім. Содан домалап келе жатып, сендерге жолықтым. Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер, қандай мерекені тойлағалы жатсыңдар?
Балалар: Жаңа Жыл мерекесін.
Бауырсақ: Балалар сендердің шыршаларың жанбай тұр ғой, қалай тойламақсыңдар? Қане бәріміз жағып көрейікші.
Жүргізуші: Енді не істедік балалар? Біздің дайындаған тақпақтарымыз бар еді ғой балалар. Соның тақпақтарымызды айтсақ бәлкім шырша жанып қалар?!
Тақпақтар:
Айзере
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да,
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той-маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Зейнеп
Аппақ аппақ жаплақтап
Қар жауады тынбастан
Қалың орман, қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан
Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
Нұрай
О, алақай Аяз ата,
Келе жатыр алыстан
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр
Құтты болсын, Құтты болсын
Құтты болсын жаңа жыл
Сымбат:
Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайын
Көтере алмай көп қарды
Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған.
Мақсат
Аппақ тонға орнып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.
(шырша жанбайды)
Жүргізуші: Енді қандай амал қолдансақ екен балалар?
Бауырсақ: Мен білемін, шыршаны жағу үшін Аяз атаның сыйқырлы таяғы керек. Мен орманды аралап келдім, жолды жаттап алдым. Барып Аяз атаны алып келейін!
Қоян: Мен сені жеймін.
Жүргізуші: Қоянжан, сен бауырсақты жемеші. Біздің балалар саған өз өнерлерін көрсетеді.
Ән: «Ақ қоян»
Жүргізуші: Қоян, саған біздің балалардың әні ұнады ма?
Қоян: Иә, өте өнерлі балалар екен.
Жүргізуші: Сен олай болса Жаңа жылды бізбен бірге қарсы ал.
Қасқыр: Бауырсақ, мен сені жеймін.
Жүргізуші: Қасеке, сен бауырсақты жемеші. Бүгін жаңа жыл мерекесі ашуыңды басып аяз атаны шақырайық.
Аяз ата: Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр - балалар мына менің сиқырлы таяғыммен мына әдемі шыршаны жағайық!(Шыршаны жағады)
Би «Ұлдар биі»
Тақпақтар:
Жангир
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл.
Санжар
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Кәусар
Аяз ата ақ сақалды
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп сақар тауды
Жеттің бізге таң ата
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Меруерт
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге қонды,
Аяз келді қаһарлы.
Айналаны қар жапты,
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Шоқан
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Міне сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел балалар келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Аяз ата: Жарайсыңдар мен сендерге кәмпит берейін. Ой менім қапшғым қайда жоғалтып алппын.
Бауырсақ: Мен сіздің қапшығыңызды іздеп келейін!
Жүргізуші: Бауырсақ қапшықты алып келгенше ән айтық.
Ән: «Шырша жыры»
Аю: Бауырсақ мен сені жеймін
Жүргізіші: Аю бауырсақты жемеші балалар саған би билеп береді.
Би; «Қыздар»
Тақпақтар:
Фариза
Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Орнады ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың.
Шынтас
Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып
Қарсы алғалы жаңа жылды
Ол да көптің бірі болып
Қайды қызық думан
Аяз ата сонда болды
Күндіз үйде ойнап бізбен
Балалармен бірге болды.
Аян
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса,
Көз тоймайды қараса.
Асанали
Жысыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Диляра
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем аяз атамыз
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келі тұр
Аяз ата сағынған
Алимжан
Той мереке салтанат
Думандатты ортаны
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың
Раяна
Далада қар борайды
Ақ моншаққа орайды
Мұз болып, қатады
Жып жылтыр боп жатады
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты
Рауан
Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жүр жазбай
Бірге қарсы алайық
Келді міне жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймын сіздерді.
Әрсен
Тамаша тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Мансур
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса жаусын Ақшақар.
Ойын: « Сиқылы таяқша»
Бауырсақ:Сәлеметсің бе, түлкі жан?! Неге көңілсізсің?
Түлкі: Мен сыйлық толы қоржынды тауып алдым, бірақ аша алмай отырмын.
Жүргізуші: Бұл Аяз атаның қоржыны емес пе? Бұны тек Аяз ата ғана аша алады. Сенің көңіл күйіңді көтеру үшін біздің балалар саған арнап ән айтып береді
Ән: «Жаңа жыл келді»
Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін- деп бүгінгі «Аққу» табының «Қуант бізді, Жаңа Жыл!» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!
Өткізген: Қайыркеш Н.Қ
Қалауова Г.С.
26.12.2022