АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа жылым –Армысың!» ертеңгілігі. Шарипова К.К., Кабдушева Ж.Б. мектепалды даярлық топ

27.12.2022

                                      «Жаңа жылым –Армысың!»  

Кәмпит: (ортаға билеп шығады)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Жаңа-жыл келді о, міне,

Далама, қалама, жеріме.

Шатыққа бөлеп әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.

Балалар, мен Аяз-атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз –ата сендерге  әлі келген  жоқ па?

Кәмпит: Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?

Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.

Кәмпит: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.

Балалар: Ақшақар  (3 рет қайталап айтады).

Кәмпит: Амансың ба, Ақшақар!

Ақшақар: Шыршаларың  керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қатттырақ.

Кәмпит: Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. –

Алло, ата  «Құлыншақ» тобының  балалары  шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?

Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.

Кәмпит: -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір өлең айтайық.

Әні: «Шырша жыры»

Кәмпит: -Балалар, Аяз –Ата өзі қандай?

Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.

Кәмпит: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).

Аяз ата келеді: (Құттықтау сөз)

Кәмпит: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!

                                  Қоян кіріп келеді. Жылайды.

Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған көмектесеміз. Балалар саған тақпақ айтып береді

  1.  

Жаңа жылда,балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен

  1.  

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

 

 

  1.  

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың

  1.  

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

  1.  

Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

  1.  

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды

Қоян:,Балалар сендер тақпақты күшті айтады екенсіңдер көп  рахмет

Орман ішінде  өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі мен аю қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.

Кәмпит: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкі мен  қуып шығып, үйіңді алып береміз.

Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай!

Мінезі жаман!

Кәмпит: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды  көмекке  шақырайық.

Олар билейді, оны түлкі мен аю естіп, қорқып, қашып кетеді.

Би «Ұлпалар»  (қыздар)

                                      Мерекелік  тақпақтар:

7. Айлана

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

 

8. Зере

Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да

Өзіңді сағынды.

 

 

 

9.Карим

Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз

10. Нұрдос

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын  Жаңа жыл

11.Ясмин

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқартау қарлы шың

12. Айым

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

13.Алинур

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны

Жұпар иісі аңқыды

Апамды да мәз қылды

14.Дилара

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды

15. Аружан:

Аяз ата жол салып,

Ақ боранмен алысқан

Балаларға базарлық

Алып келді алыстан.

Балалар келіңдер  әнді бастаңдар, түлкі қорқып қашып кетсін.

Ән: «Ақшақар»

Түлкі: Мен ешкімнен қорықпаймын.

Кәмпит: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?

Аяз-Ата: Қазір мен ормандағы  барлық  аңдарды  көмекке  шақырамын,

түлкі  олардан  қорқып  қашып  кетер.

Кәмпит: Ал, балалар, келіңдер, көмектесіңдер.

 Би: «Аяз аталар» (ұлдар)


 

Аю: Мен үйден шықпаймын,

Мен ешкімнен қорықпаймын.

Мына сенің достарын маған тақпақтар айтып берсін сосын мына үйді босатымын.

                                          Мерекелік тақпақтар:

16.Айғаным

Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!

17.Меруерт

Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған

18.Дария

Жаңа жылды қарсы алдың

Міңіп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым  биге дет

19.Аянат

Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле  Жаңа жыл
Бізге  Құтты жыл болсын.

20.Адия

Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.

21.Аиша

Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы әпкелер жаңа кеп

Мерекені бастаған

Аяз-Ата: Ал енді барлығымыз  бірге ойын ойнайық

Ойын: «Пима»

Шарты: 2 ойыншы 2 сыңарды бөліп алады Біреуі оң біреуі сол аяғына киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып ортаға бірінші жету керек.

Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне,

маған бір жақсы ән айтып беріңдерші.

Ән:  «Кел, жаңа жыл»

Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім.

қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым.

Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Аю: Қандай керемет маған өте қатты ұнады. Сендер өте талантысыңдар!

Мен енді қоянның уйін босатамын.Ешқашан енді қоянды ренжітпеймін.

Қоян: Балалар рахмет сендердің көмектеріңе.

                     

                   (Қоян, түлкі, аю құшақтасып қоштасады)

Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?

Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім.

Балалар маған тағы бір ән шырқап берсін, содан кейін мен сыйлықтарын таратамын.

Әні: «Қош келдің  жаңа жыл қазағыма»

Аяз-Ата: Менім сыйлықтар салынған қапшығым қайда?

Аю: Аяз- Ата біз жолда кетіп бара жатып мына сыйлықтар салыған қапшықты тауып алдық.

Қоян: Міне кейіңіз

Аяз Ата: Рахмет сендерге! Сендер болмағанда мен не істер едім!

                     

                            Аяз-ата сыйлықтар таратады.

Аяз-Ата, Ақшақар: 

Ал, балалар, біз қайтайық.

Бізді басқа балалар да күтіп отыр.

Жаңа жыл құтты болсын,

Жаңа жыл мол табыс әкелсін.

Денсаулықтарын мықты болсын,

Кәмпит: Ал, құрметті қонақтар! «Жаңа жылым –Армысың!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.


 

                                                                                       Шарипова К.К

                                                                                       Кабдушева Ж.Б.

Просмотров: 172


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст