Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Жаңа жылдың жарқырасын шамдары»
(Ертеңгілік)
№9 «Қуырмаш» ересектер тобы
Тәрбиешілер: Ахметжанова М.Ж
Каиргельдиева А.Б
(музыка әуенімен қолдарына шам ұстап балалар жүгіріп кіреді.)
1-жүргізуші: Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі
Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.
Мынау әсем шыршаға
Қош келдіңдер балалар!
Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата аналар, құрметті қонақтар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Олай болса Қош келдің жаңа жыл әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Қош келдің жаңа жыл»
(Музыка әуенімен Жолбарыс кіреді)
Жолбарыс: Жақсылыққа бағыттаған , Жаңа жылда бәрімен
Жолбарыспын ескі жыл. Көңілді әнді шырқаймын.
Жүргізуші: Жолбарыс қош келдің бізбен бірге қалып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Тақпақ: Д.Әмір, Жанайым, Рамазан, Іңкәр, Арнур, А. Адия, Мансур, Адэль, Али,Рания, Саян, Айым, Ернар.
(Балалар шыршаны айналып, ән айтады)
Жүргізуші: Ал рахмет балалар енді ән айтуға шыршаны айналып тұрайық.
Ән: «Шырша»
(Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді)
Мұз ханшайымы: Соқ, соқ боран қаттырақ
Бүкіл әлем мұзға айналсын.
Тыныштықты бұзатын
Кімдер бұлай ойнайтын.
Балаларды қаламаймын
Сарайымды былғайтын.
Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің ғана сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.
Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.
Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.
(Мұз ханшайымы кетіп қалады)
Жолбарыс:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдікі екенін білген жоқпыз гой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?
(ОХО-ХО күлген дауыстар естіліп, сахнадан санта жүгіріп кіреді)
Санта: Уа,халайық,жарандар
Айналаға қараңдар.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Жүргізуші:Армысыз, Санта .Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.
Санта: -олай болса не тұрыс, менің кішкентай көмекшілерім қане. бәріміз санта биін билейік. Менің биімді қайталап, көңілденіңдер.
Би: Санта
Санта: Керемет балалар биді жақсы билейді екенсіңдер, енді ойын ойнағыларың келе ме ? Олай болса кім жылдам ойынын ойнайық.
Ойын: «Кім жылдам?»
Жүргізуші:Ал балалар Аяз ата мен Ақшақардың келетін уақыты да боп қапты ғой. Қане бәріміз шақырайық.
Балалар: Аяз ата Ақшақар 3 рет
(Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі).
Жүргізуші:Армысың Аязата ,Армысың Ақшақар біздің ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Балалар сіздерді күтіп қалды.
Аяз ата: Ау, амансыңба ұлдарым
Амансыңба қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар: Ал,кәнекей балалар
Ән мен жырға басайық.
Той думанды жалғайық
Жаңа жылда
Шыршамызды айналып
Би билейік қалықтап.
Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар жолдан шаршаған боларсыздар демалып, біздің балалардың сіздерге арнап дайындаған өнерін тамашалаңыздар.
Тақпақ:Азамат, Зарина, М.Амир, Жасмина, К. Амир, Алим, Алина, Малик, Б. Адия, Айлин, Рашид, Хадия.
Жүргізуші: Керемет, ал енді біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. Бәріміз ортаға шығып Аяз ата әнін айтамыз.
Ән: «Аяз ата»
(Музыка ойналып мұзханшайымы келеді).
Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.
Аяз ата: О ханшайым сабыр сақтаңыз,бұл жасағаның дұрыс емес, одан да бізбен қалып жаңа жылды тойла, ән салып, би билеп,ойын ойнаймыз.
Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен ойын ойнап сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.
Санта: Керемет балалар Мұз ханшайымымен ойын ойнайық.
Ойын: «Шаңғы тебу»
Жүргізуші: Ал, Мұз ханшайымы біздің қыздарымыздың да дайындаған өнері бар. Соны тамашалайық
Би: «Ұлпа қарлар»
(Осы кезде артында қоян қатып тұрады).
Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды. Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, сарайым балалардың шуына толсын. Мен жаңа-жылды босатайын.
(Мұз ханшайымы сиқырлы таяқшасымен қоянды жібітіп, қоян секіріп билейді,қуанады)
Жүргізуші: Ал балалар жаңа жылымыз қоян жібіді, енді жаңа жылымызға арнап әнімізді айтайық.
Ән: «Қыс келді»
Жолбарыс: Мен ескі жыл есіркедім
Амандықпен жүздесейік,
Қоян жылы ізбасарым
Қоштасатын шақ жетті!
Жүргізуші: Хош сау болыңыз ескі жыл.
(Музыка әуенімен жолбарыс шығып кетеді)
Жаңа-жыл: Мен –Жаңа жылмын,
Мен –Жаңа нұрмын,
Әкелемін баршаңа
Жаңа бақыт, жаңа жыр.
Жүргізуші: Олай болса бәріміз жаңа жылымыз қоянмен бірге көңілді би билейік.
Би: «Көңілді би»
Аяз ата: Ал менің кететін уақытым да болып қалды. Басқа да балалар мені күтіп қалған болар.
Жүргізуші: Ата ештеңе ұмытқан жоқсыз ба?
(Аяз ата сыйлығын іздей бастайды).
Аяз ата: Ақшақар менің сыйлықтарым қайда? түсіп қалған ба?
Мұз ханшайымы: Мен сіздердің сыйлықтарыңызды қатырып тастағам. Бірақ қазір жаңа жылды тойлаған маған ұнап қалды. Қатырып тастағаным үшін кешірім сұраймын.
(Осы кезде қатып тұрған сыйлықтар келеді)
Жүргізуші: Олай болса сыйлықтарды жібітейік. Балалар сендердің көмектерімен жылы лептерімен мұзымызды жібітіп көрейікші.Ол үшін бәріміз үрлейік. Ата- аналар сіздер де көмектесіңіздер.
(Сюрпризный момент музыка әуенімен, Ойыншықтар жанады,Аяз ата біреуін алып шығады)
Аяз ата:Ооо міне сыйлықтарың да бәріміздің көмегімен жібіп қалды.
(Сыйлықтар таратылады)
Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші:
Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын
Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.
-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.