Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Төрлет, төрлет Жаңа жыл!»
атты ертеңгілік №6 «Балапан» ортаңғы тобы
Өткізген: Серикова А.Ж
Бексеитова Р.Г
Маша мен аю жаңа жыл кешінде.
Күні:27.12.2022ж
Кейіпкерлер: Аяз ата,Ақшақар,коян,маша мен аю.
Жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі мерекеге,
Жаңа табыс тілейікші ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
Құрметті ата – аналар, қонақтар және әріптестер Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Енді мерекеге келген №6 «Балапан» ортаңғы тобын қошеметтеп қарсы алайық.
(«Жаңа жыл» әніне балалар билеп залға келіп орындарына отырады).
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылда әр түрлі ғажайыптар болатынына сенесіңдер ме? Мүмкін бізде сол ғажайып ертегі әлеміне тап боламыз. Ендеше, қане бәріміз көзімізді жұмайық.
Барлығы көздерін жұмады.Си қырлы әуен ойнайды.
(Осы кезде музыка әуенімен залға қолында шыршасы бар аю келіп кіреді).
Аю: Жаңа жыл болса келіп қалды, міне мен шыршаны үйге алып келдім. Ал, енді безендіріп, ойыншықтар іліп, әдемілеуім керек – деп шыршаны үстелдің үстіне қойып, қораптың ішінен ойыншықтарды алып безендіре бастайды.
Осы кезде алыстан Машаның дауысы естіліп сырт жақтан қар лақтырады.
Маша: Аю, а – а – а- ю, аю сен қайдасың?
(Осы кезде Аю басын ұстап, жан – жағына қарап, қорапты қойнына қыстырып алып, тығылып залдан шығып бара жатқанда бір ойыншықты түсіріп алады).
Залға көңілді әуенмен Маша келеді.
Маша: Жан – жағына қарап: Сен қайда тығылып қалдың аю? Тығылмақ ойынын біз кеше ойнап едік қой. Тез бері шықшы – деп шыршаға көзі түседі. О, шырша, шырша! – деп айналаға қарап, жерде жатқан ойыншықты байқайды. Ой, ой, ой, бұл недеген сұмдық? Шыршаға әлі ойыншықтар ілінбеген де, безендірілмеген де. Аю Жаңа жылды қалай қарсы аламақшы? Бұл олқылықтың орнын толтыруымыз керек, -деп жерден ойыншықты алып шыршаның жоғарғы жағына ілмек болады. Бірақ бойы жетпейді де әндете шыршаны айналып жүреді.
Шырша тауда то- топ,
Шырша тауда ... (тоқтап қалып, ойланып) ол орманда не істеуі мүмкін? Ұйықтаған болар? Жоқ, жоқ олай ойламаймын.
Шырша тауда топ - топ,
Шырша тауда өсіпті.
Енді бізге қонаққа
На на на келіпті (тағыда ойланып) ол бізге қандай болып келеді? М – м түсінбеймін. Қалай келеді? Иә, жасыл болып келеді ғой. Қолындағы ойыншығына қарап:Мына ойыншық шыршаға ілінгісі келмейді. Ештеңе етпейді. Осы уақытқа дейін мына менен ешкім құтылып көрген жоқ, - деп орындықтың үстіне шығып шыршаға ойыншықты іле бергенде шырша құлайды.
Ой, ой, мен не істедім? Шырша, шыршаны құлатып алдым, - деп шошып кетеді.
Осы кезде сырт жақтан басын ұстап аю жүгіріп келеді.
Аю: Маша сен не істедің? Бәрін құрттың ғой. Ал енді біз шыршасыз жаңа жылды қалай қарсы аламыз?
Маша: Кешірші мені Аю! Жүр, орманға барып, жаңа шырша кесіп алып келейік.
Аю: Бұның қалай Маша. Ағаштарды кесуге болмайтынын білесің ғой? Біріншіден орманда менің үйім. Ал, шыршалар қайда өсетінін білесің бе?
Маша: Ал, шыршалар қайда өседі?
Аю: Орманда өседі. Сондықтан да біз шыршаны орманнан кесіп әкеле алмаймыз.
Маша: Ал, енді біз не істейміз?
Аю: Біз жаңа жылға дайын емеспіз. Шыршамыз да жоқ. Сондықтан да Жаңа жылды балабақшада қарсы алатын боламыз.
Маша: Жарайды, жарайды аю сенің айтқаның болсын, - деп қол соғып, секіріп, екеуі шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар,көрдіңдер ме , бізге Маша мен Аю бізге қонаққа келеді.Біз оларды қарсалып, оларды жылы қарсалайық. Олармен бірге әң айтып,ойын ойнайық.
Қайтадан залға бір - бірін қармен атып, ойнап Маша мен Аю келіп кіреді де, жан – жақтарына қарап, тоқтап қалады.
Маша: Аю, аю біз екеуіміз қайда келдік?
Аю: Маша біз балабақшаға келдік.
Маша: Айналамыз сондай әдемі безендірілген екен.
Аю: Иә, Маша дұрыс айтасың өте әдемі екен. Маша мында қарашы, балалар отыр екен. Олар жаңа жыл мерекесіне сай әдемі киініп, дайындалып келіпті. Қане, балалармен амандасайық.
Бірге: Сәлеметсіңдер ме балалар, ұлдар мен қыздар. Өздеріңді көріп қуанып тұрмыз.
Жүргізуші: Қане, келген қонақтар мен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Маша: Біз сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.
Жүргізуші: Балалар, сендер бұл кай мульфильмнің ертегі кейіпкерлері екенін таныдыңдар ма?
Балалар: Маша мен аю.
Жүргізуші: Балалар, дұрыс айтасыңдар. Ендеше Маша мен аю бізбен бірге мерекені қарсы алатын болады. Қош келдіңдер! Төрлетіңдер! Сендермен ортамыз толсын!
Маша: Аю қарашы мында өте керемет, балалар көп екен,керемет.
Аю: Иә, Маша дұрыс айтасың.
Жүргізуші: Ендеше сіздерге арнап балалар би билеп берсің. Тамашалайық!
Би: «Көңілді аяз аталар»
Жүргізуші: Бәрекелді тамаша би биледіңдер. Жарайсыңдар!Аю Маша сендер аяз атаны көрген жоқсыңдар ма?
Маша мен аю: Жоқ көрген жоқпыз.
Жүргізуші: Балалар, аяз ата да кешігіп жатыр. Қане, ол адаспай ортамызға келсін десек дауыстап шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, ақшақар келші, - деп шақырады.
(Осы кезде музыка әуенімен залға Аяз ата мен ақшақар келеді).
Аяз ата:
Армысыңдар, қарақтарым,
Бармысыздар, қонақтарым!?
Жаңа жылды алып келдім,
Ақ шырақты жағып келдім.
Сендерге мына балаларым,
Тәтті сыйлықтар алып келдім.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар сіздерді көріп қуанып тұрмыз. Ортамыз сізбенен толсын! Қош келдіңіздер!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Аяз ата: Мен де өздеріңді көріп қуанып тұрмын. Үлкен болып, өсіп қалыпсыңдар. Былтыр келгенімді кіп – кішкентай едіңдер.
Маша: Отырыңыз Аяз ата.
Аяз ата: Мен сендерге жалғыз келген жоқпын. Өзімен бірге тек Ақшақар қызымды емес, енді қоян жылы болғандықтан қасыма қоянды еріп келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе қоян, төрлет Жаңа жылды бізбен бірге қарсы ал. Сіздерге арнап балапандарымыз таппақ жаттап келді. Тыңдайық!
Тақпақтар: Малика,Даяна,Эмир,Нурали.
Жүргізуші:
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді, - деп балаларыңыздың орындауындағы тамаша әнді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар!
Ән: «Шырша»
Ақшақар: Қандай керемет! Жарайсыңдар!
Жүргізуші:
Әсем кештің ажары,
Әсем бимен кіреді.
Кіп-кішкентай бишілер,
Бізге билеп береді. Қыздардың орындауындағы тамаша биді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар!
Би: «Снежинки»
Қоян: Қандай керемет,жарадыңдар.
Мен сендереге бір қызықты ойын алып келдім. Ойын «Сиқырлы поровоз» деп аталады.
Барлықтарың менің артыма тұра қалыңдар, мен поровоз боламын. Ал, сендер менің вагондарым боласыңдар. Қане, аялдамаға дейін көңілді барайық. Барлықтарың дайынсыңдар ма? Кеттік.
Шарты: Музыка әуенімен Маша мен Аю балаларды шеңбер бойымен жүргізіп келіп «Шапалақ» аялдамасына келіп тоқтағанын айтады. Сол кезде барлық балалар қолдарын шапалақтайды. Музыка әуенімен тағы да жүріп «Топ - топ» аялдамасына келіп тоқтағанда барлық балалар аяқтарын топылдатады. Одан әрі музыка әуенімен жүріп, «Секіру» аялдамасына келгенде барлығы, орындарында секіреді. Тағы да музыка әуенімен жүріп келіп, «Құшақтасу» аялдамасына жеткенде балалар бір – бірін құшақтайды. Музыка әуенімен соңғы «Орнымызды табайық немесе отырайық» аялдамасына келген де балалар орындарына барып отырады.
Маша: Ой, шырша неге көңілсіз. Қане, оның көңілін көтеріп, шамдарын жағайық.Аяз ата көмектесіңіз.
Аяз ата: Қане, барлығымыз былай деп шырша шамын жағайық.
1-2-3 Шырша, шырша, жан, - деп бірнеше рет айтады.
Шырша жанбайды.
1-2-3 Шырша, шырша, жан, - деп екінші рет айтады.
Шырша шамы жарқырап жанады.
(Барлығы қуанып, қол соғады).
Аяз ата: Қанекей, ендеше ортаға шығып, шыршаны айнала шыршаға арнап ән айтайық.
Ән: «Жаңа жыл мереке»
Ақшақар: Балақайлар өте өнерлі екен. Жарайсыңдар! Құрметті ата – аналар балақайларға тағы бір қошамет көрсетіп қояйықшы. Мен енді сендермен ойын ойнағым келеді. Ойын: «Ия, жоқ» деп аталады. Мен сендерге қазір сұрақ қоямын сендер ия, жоқ деп жауап берулерің керек. Дайынсыңдар ма? Ендеше өте мұқият болыңдар!
Аяз ата көңілді ма?
Ол үлкен кісі ма?
Немересі Ақшақар ма?
Ол сендердің шоколадтарды жеп қояды ма?
Ал, шыршаның шамын жаға ала ма?
Ол сиқыршы ма?
Сендерге сыйлықтар әкеледі ме?
Маша: Аяз ата жайында бәрін біледі екенсіңдер. Қатты сағынып қалғансыңдар – ау деймін.
Аяз ата:Жарадыңдар! Менде сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Сиқырлы таяқ»
Шарты: Аяз ата мына өлең жолдарын оқып қоянға, түлкіге, аюға, қасқырға айналдырамын деп еденді таяқпен ұрғанда балалар музыка әуенімен жануарларға тән жүрістерді салу керек. Кім де кім ойынды шартына сай ойнамаса сол ойыншы ойыннан шығарылады.
Қолымдағы таяғымды 123 соғамын,
Ал балаларды қоянға айналдырамын.
Қолымдағы таяғымды 123 соғамын,
Ал балаларды түлкіге айналдырамын.
Қолымдағы таяғымды 123 соғамын,
Ал балаларды аюға айналдырамын.
Қолымдағы таяғымды 123 соғамын,
Ал балаларды қасқырға айналдырамын!
Қолымдағы таяғымды 123 соғамын,
Ал балаларды қазір мен орындарына қайтарамын!
Ақшақар: Ойын өте қызықты болды. Рақмет ата сізге.
Жүргізуші: Өте керемет! Енді қалған балалардың тақпағын тындайық.
Тақпақтар: Айдана,Көзайым,Айзере,Айлана,Астемір,Рахим.
Би: «Жаңа жыл»
Ақшақар: Бәрі керемет өтті.Сендерге бізді жақсы қарсалғандарына үлкен рақмет.Бізде осы балабақша атынан шағын сыйлығымыз бар. Сыйлықты апайларың топтарыңа барған соң таратып береді- деп сыйлықты тәрбиешіге береді. Бізді де сендер сияқты балалар күтіп отырған болар. Бізде басқа балаларды құттықтайық.
Аяз ата: Менде де сендерге арналған сыйлықтарым бар.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!
Келер жылы амандықта кездескенше күніміз жарық, түніміз тыныш болсын!
Маша мен аю: Ата біздің де жолымыз бір сияқты, бізде қайтайық. Біздің де жаңа жылға дайындалуымыз керек. Балалар өздеріңмен мерекені жақсы қарсы алдық. Сендерге ризамыз.Сау болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін! Кездескенше, сау болыңдар балақайлар, сау болыңыздар қонақтар.
Барлығы қолдарын бұлғап шығарып салады.
Жүргізуші: Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Жақсылықта жолыққанша аман болайық.