АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Мнемотехника елінде» Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет («Мнемо» технологияны қолдану әдісімен) Тәрбиеші: Бектемирова Д.С.

20.01.2023

Тақырыбы:  «Мнемотехника елінде»

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет
(«Мнемо» технологияны қолдану әдісімен)  

Мақсаты: Балдардың тілін дамытуда  іс-тәжірибемде қолданатын мнемотехнология әдісін әріптестеріме жаңа үлгіде көрсету арқылы таныстырып, іс-тәжіребие алмасу.
Міндеті: Мнемотехнология әдісінің кестесі арқылы сөйлем құрап,суреттерді пайдалану арқылы әңгіме құрастыруға және осы әдіс арқылы өлең жолдарын жаттап, баланың есте сақтау, көру қабілеттерін, саусақ моторикасын дамыту.
Дамытушылық: Жыл мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру, тіл байлығын және саусақ маторикасын дамыту, созылмалы  түрде «ү» дыбысын айту, берілген сұраққа жауап беруге және өз ойларын толық, еркін айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Табиғатқа, жан-жануарларға қамқор болуға сүйіспеншілікпен қарауға, және танымдық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Түрі: ашық көрсетілім

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, үлгі заттарды көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Үлгі суреттер, мнемокестелер, тақтайшаларға орналастырылған үлгі заттар (губка, қатты қалың материал, мақта, тіс тазалағыш талдары жуан жіптен жасалған ирелең жол. т.б.)

Ұйымдастырылған іс –әрекет барысы:
- Құрметті балалар бүгін біз мнемотехника еліне саяхатқа барамыз, сіздер баруға дайынсыздар ма?

-Саяхатқа пойыз бен барамыз.

-Пойыз қайдан жүреді?

-Темір жол вокзалынан.
- Ендеше тез жиналып  билет сатып алайық,вагондарға отырыңыздар.
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш»  дыбыстарын айтамыз.
- Міне келдік.
- Сіздердің алдарыңызда №1 тапсырма соны алдымен тақтайшаларды ұстау және басу арқылы танысамыз.
Балаларға бірнеше үлгі төртбұрышты тақтайшалар беріледі.

№1 тапсырмасы:

Жалпы сызба схемалар тақырыптағы байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Сол себепте мен схема сызбанын орнына бірнеше үлгі тақтайшаларды дайындадым.
- Әр тақтайша түрлі материалдардан дайындалған. Сондықтан қолмен ұстап саусақ пен және табанмен сезу арқылы қайсысының неге ұқсайтынын  айтып көрсетеміз.
Және ең жұмсағынан,өте қатты үлгіге дейін орналастырамыз.
- Енді қай үлгі жұмсақ мамыққа ұқсайтынын айтайық?
- Қайсы кірпіге ұқсайды ?
- Қайсы мысыққа ұқсайды?
- Ең мейірімді үлгіні көрсетейік?
- Ең мұңдысын көрсетейік?

- Енді осы үлгі тақтайшаларды пайдалана отырып, айтылған Ертегі желісі бойынша орналастырып шығу керек.

1. Бір күні мысық болыпты. (жұмсақ, үлгіні қою)

2. Мысық мамықтай жұмсақ (үлпілдек үлгіні қою)

3. Табандары да сондай нәзік (нәзік материалды қою)

4. Тырнақтары ұзын,өткір екен (соған сәйкес үлгіні қою)

5. Мысық жолмен жүріпті. (ирелең үлгіні қою)

6. Шөп үстімен жүріп келеді (шөпке ұқсас үлгіні қою)

7. Тікен шөптердің  арасымен ( өткір үлгіні қою)

8.Табандарын ластайды. Жылайды ( Қара қатты материалдан жасалған үлгіні қою).
- Дұрыс, керемет жауап, рахмет.

Тағыда тез жиналып вагондарға отырамыз.
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе  жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстарын айтамыз.
- Міне келдік, орнымызға жайғасайық

 

№2 тапсырма: Пиктограмма беріледі

Кейбір кезде рәміздік бір сызбада толық сөйлемді суретте көрсетуге болады. Егер де біз кейбір сөздерге балалардың ерекше назарын аударатын болсақ (мысалы, іс-әрекетін білдіретін сөздер), оларды жеке сызбада көрсеткен жөн.
Сол себепті мен бірнеше іс әрекет білдіретін суреттер ұсынамын.
- Алдарыңызда бірнеше суреттер көрсетілген.
- Осы суреттерді сипаттап сөйлем құраймыз.

 

1-Сурет
- Қандай бейне?  (көңілді смайлик)                            

- тағы не көңілді болады?              

Жауабы: - көңілді

Жауабы:   - күн көңілді болады                                                      

- балалар көңілді болады,                                              

 - адамдар көңілді  болады.

                                                                                        
Сөйлем құрау:                  
- Бүгін көңілді күн....
- Туған күн көңілді  өтті.т.б
 

 


 2-Сурет   (күннің көзі) 
--Қандай  бейне? 

 - қандай  күн?                                                                                                 

- тағы не жарқырайды?                       

 Жауабы:   -күн  

 -жарқыраған

 Жауабы: -свет,шам,фонарь,майшам...

Сөйлем құрау                   
-Таңертең күн жарқырап тұрды.
- Түнде жұлдыздар аспанда жарқырайды.т.б

    3-сурет     (қар жауып тұрған сурет)       

- Суреттегі бейне қандай? 

 - тағы не жауады?                                                                  

 Жауабы: - қар жауып  тұр.

 - жаңбыр, -бұршақ,
Сөйлем құрау                   
- Бүгін таңертең  қар жауды.т.б

- Енді суреттердің барлығын пайдалана отырып тақпақ жаттайық.

- Өте жақсы, рахмет

Тағыда тез жиналып вагондарға отырамыз
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе  жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстарын айтамыз
- Міне келдік, орнымызға жайғасайық.
- Сіздердің  алдарыңызда №3 тапсырма

№3 тапсырма:

Бұл тапсырмада мен сіздерге математика сабағының мнемокестесімен таныстырамын
4 саны және мнемокесте түсіндіру.  
- Алдарыңызда 4саны және жануарлар суреттері.
- Ортада қандай сан тұр?    Жауабы:  - төрт саны

- Ал жан-жағында қандай жануарларлар мен аңдар бар?   - Аю, жылқы, қоян, қой

- Енді төрт санын  пайдаланып  жануарларды  атап  отырайық.

Мысалы: -Төрт  Аю  - төрт қонжық
              - Төрт қоян – төрт көжек.
              - Төрт қой - төрт қозы
              - Төрт жылқы-  төрт құлын.т.б
- Енді төрт саны және жануарларға сөйлем құраймыз,және де төрт санын сөйлемге байланысты өзгертіп айтуға болады.

Мысалы: - Қозының төртеуі қашып кетті
              - Қоянның төртеуін аулаға әкелді
              - Біздің аулада төрт қозы  бар.т.б
              - төрт құлын жайылып жүр
Дұрыс жауап, рахмет.

Тағыда тез жиналып вагондарға отырамыз
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстарын айтамыз
- Міне келдік, орнымызға жайғасайық.
- Сіздердің алдарыңызда

 №4 тапсырма

Шығармашылық жұмыс.

Жұмбақ.

Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (Аққала)

Балалар боялған күріштен және ірімшіктен аққала жасайды.

- Жарайсыздар! Рахмет

Тағыда тез жиналып вагондарға отырамыз
- Уақыт болды, пойыз жылжыды!
- Бір бірімізге тіркесе жүре келе «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш»  дыбыстарын айтамыз

-Қорытынды:
- Міне балабақшамызға келіп те қалдық
- керемет саяхат болды

- Саяхат сіздерге ұнады ма, тапсырманы орындауға көмектескендеріңізге рахмет!

 

 

Тәрбиеші: Бектемирова Д.С

Просмотров: 559


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст