Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
№7 «Аққу» мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы:«Математикалық түсініктерін қалыптастыру»
Өтікізген: Қайыркеш Н.Қ
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Педагогикалық процесте ойын балалар іс- әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
“Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға” арналған дидактикалық ойындар жиынтығы тәрбиешілермен ата – аналарға көмек беру ретінде құрастырылады. Дидақтикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді атқарады.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылары жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау, немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеттері баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойындардың мазмұны математикалық білімдерді ұғыну, геометриялық пішіндерді айыра білу, қосу, санау, салыстыру, айырмашылығын көрсету, орналастыру, тағы басқа ұғымдарын ойын арқылы жетілдіру.
Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жиелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.
Ойын барысында баланың көңіл – күйін, зейінің, әрекеттерін бақылау, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға, талдау жасауға, үйренуің, танымдылық, шығармашалық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.