АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: « Білім еліне саяхат», тәрбиеші: Каиргельдиева Альмира Болатовна

27.01.2023

Тәрбиешілер: Каиргельдиева Альмира Болатовна                                                             

Тақырыбы: « Білім еліне саяхат»

Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту, Таным, Құрастыру, Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру.

Мақсаты: балаларда сыртқы әлеммен таныстыруды, сөйлеуді дамытуды, көркем шығармашылық бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптасуын анықтау.

Міндеті: Геометриялық пішіндер туралы ойларын бекіту: геометриялық пішіндерді ажырата білу;

-Кеңістікте, түсте, пішінде, өлшемде бағдарлай білуге ​​жаттықтыру;

-Жыл мезгілі  мен белгілерін қайталау;

- Шығармашылық қабілеттерін дамыту: түс сезімін, сәндік үлгіні ойлап табу. Топта жұмыс істеу қабілетін дамыту.

- Біріктірілген сөйлеуді, ұсақ және жалпы моториканы, есте сақтауды, зейінді, есту қабілетін, қозғалыстарды үйлестіруді дамыту; Балалардың танымдық белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, ойынға қажетті кесінділер, топшаларда жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, геометрияалық пішіндер жинағы, сурет салуға-мүсіндеуге-жапсыруға қажетті құралдар.

 Әдіс-тәсілі :Сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын ,топтық жұмыс.

Салалалық байланыс: Шығармашылық,таным,қатынас,әлеумет,денсаулық.

Ал балалар бүгінгі ұйымдасқан іс әрекетімізді көңілді ойынмен бастағым кеп тұр.

1 тапсырма:Қыс мезгілі жайлы әңгімелесу.

Ойын:  «Кім жылдам»

Доп ұстап алған балаға сұрақтар қою.

  • Қазір  жылдың қай мезгілі?
  • Қыс мезгілінде  неше ай бар?
  • Қане Қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсірейік.
  • Қыста қандай ойындар ойнауға болады?
  • -Ал балалар бір аптада неше күн бар?Қане кім атап бере алады . (Бір бала шығып, жеті жапырақшасы бар гүл арқылы атап береді).

 (Слайдтағы сурет бойынша сипаттау.)

2 тапсырма : Д/О: «Пішіндер »

-Тақтаға нұсқау бойынша әртүрлі пішіндерді орналастыру қажет.

-Пішіндердің арасынан ең үлкен пішінді тауып ал.Ол қалай аталады?(Тік төртбұрыш.) Ол қандай түсті?(Көк түсті). Тақтаның  ортасына орналастыр.

-Сары  түсті пішінді тауып, тіктөрбұрыштың оң жағына қой. Ол пішін қалай аталады?(Сопақша)

- Ең кішкентай пішінді тап. Ол қалай аталды?(Ұшбұрыш). Түсі қандай?(Күлгін). Тіктөртбұрыштың сол жағына қой.

-Шеңберді тап. Қандай түсті?Тіктөртбұрыштың астына қой.

-Қандай пішін қалып қойды? (Шаршы). Түсі қандай? (Жасыл). Жоғарыға орналастыр .

- Неше пішін койдық?

-Қане онда санайық 1,2,3,4

III тапсырма Үжымдық жұмыс

Ойын: Ұқсасын тап.

Балалар  эмблемалары бойынша үш топшаға бөлініп өз топшасындағы пішінге сәйкес ұқсас заттарды тауып бағытшаларға орналастыру қажет.

IV тапсырма  Көңілді ойын: Текше. Балалар алдымыздағы себетте текшелерді қолымызға алып, музыка әуенімен қимылдарды жасайды.

Балалар   шеңберге тұрады. Музыка әуенімен қимылдарды жасайды.

-Сергіп алдық ал енді (Тақтада бояу қылқаламның,желіммен қайшының, ермексаздың суреті тұрады)  бір бірден шығып сурет салғысы келетін бала қылқаламды таңдайды, мүсіндеумен айналысқысы келетін бала ермексазды таңдайды,жапсырқысы келген бала желімді таңдап әрқайсысы сала бойынша топшаларға бөлінеді.

V тапсырма «Шығармашылық»

-Қане суреттегі (бояу, желім, ермексаз) таңдағандары бойынша үш түрлі тұрған бұрыштардың әрқайсысына бөлініп отырады.

1.Мүсіндеу:

Ойын : Әртүрлі пішіндерді сұлбасына сәйкес,ермаксазды орналастырып мүсіндеу.

2.Сурет салу:

Ойын: Түрлі түсті пішіндердің  сұлбасына қарап қылқаламмен сәйкесінше түсін, пішінін қайталап салу.

3.Жапсыру:

Ойын: Үш түрлі тізбектелген  пішіндердің  қатарына түстеріне  сәйкесінше қарақұмық,күріш,құмды үстіне  жапсыру.

Қорытынды: Баллардың бүгінгі жасаған іс әрекеттері бойынша сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Геометриялық пішіндер туралы ойларын бекіту: геометриялық пішіндерді ажырата білу;Кеңістікте, түсте, пішінде, өлшемде бағдарлай білуге ​​жаттықтыру;

Игеруі-Қыс мезгілі мен оның  белгілерін еске түсіру;

Меңгереді: Шығармашылық қабілеттерін дамыту: түс сезімін, сәндік үлгіні ойлап табу. Топта жұмыс істеу қабілетін дамыту.Конец формы

 

Просмотров: 178


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст