Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тәрбиеші: Қайыркеш Н.Қ
30.01.2023ж.
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты: Табиғат ерекшелігіне назар аударып, көрген, білгендерін айту, балалардың тілін дамыту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанайық достарым.
Арайлап атқан күнге!
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
-Балалар орманға саяхатқа барғыларың келе ме?
-Ал ендеше бүгінгі сабағымызда орманға саяхатқа барамыз.
Кедергілерден өту үшін тапсырмаларды орныдау керек.
Міне балалар орманға да келіп жеттік.
Біз орманға саяхаттауға келдік. Орманға кіру үшін орма ережелерін жақсы білуіміз керек (балалар сурет бойынша әңгімелейді)
1.Орманда от жағуға болмайды.
2.Орманды ластауға болмайды, т.б
Ормандағы ағаштармен таныстыру.(суретпен тапсырма)
Ағаштардың адамға қандай пайдасы бар?
Тақпақтар:
Фариза
Қатар қатар көк терек
Көкке бойлап өседі
Жапырағың көкпеңбек
Сәнге бөлер көшені.
Шыңтас
Ақ қайындар, емендер
Қарағайлар теректер
Жерге көрік беретін
Ағаштар тұр кемеңгер.
Балалар сендер ағаштар туралы жақсы біледі екенсіңдер.
-Орман жан-жануарлар мекені.
Орманда қандай жануарлар мекендейді?
Балалар мынаны қараңдар, бұл сиқырлы қорапша ғой! (Ашып көру)
Ойын: Жабайы аңдар мен үй жануарларын ажырату.
Тапсырма: Орманда құстар мекендейді.(Сурет арқылы жұмыс)
Орманда қандай құстар мекендейді?
Олардың қандай пайдасы бар?
Тыйым сөздер:
1.Аққуды атпа.
2.Құстардың ұясын бұзба.
3.Құстың жұмыртқасын жарма.
4.Жалғыз ағашты кеспе.
Сергіту сәті
Дәстүрлі емес сурет салу:
Балалар біз енді бір қолымызды жаттықтырып алайық, ол үшін мына суреттерді салуымыз керек.
Қортынды:
Ойын: «Жақсылық-жамандық»
Ағашты отырғыу (жақсылық)
Орманды өртеу(жамандық)
Құстарға жем шашу(жақсылық)
Құстардың ұясын бұзу(жамандық)
Суды ластау(жамандық), т.б.
Нені білді:Орман жайлы білді, алдарына қойған мақсаттарына жетуді білді.
Қандай түсініктерді игерді: Балалардың бір бірі мен достық қарым қатынас арқылы, кез келген тапсырмаларды түсініп, дұрыс және анық орындауды, өз беттерінше жұмысты өрбітіп еңбегін бағалай біледі.
Меңгерді: Қойылған тапсырмаларды тиянақты орындауды меңгерді.