АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйымдастырылған іс әрекект Тақырыбы: «Ғажайыптар әлеміне саяхат» Өткізген: Есекеева М. Ш. 23.02.2023ж.

24.02.2023

«Ғажайып әлемге саяхат»

(Кіріктірілген ашық көрсетілім)

Өткізген: Есекеева М. Ш.

23.02.2023ж.

Ұйымдастырылған іс әрекект

Тақырыбы: «Ғажайыптар  әлеміне  саяхат»

Мақсаты: Балалар  өткен  тақырыптарды еске  түсіріп,  білімдерін  ойын арқылы жетілдіреді. Балалар өздеріне таныс дөңгелек, шаршы, ұшбұрыш сияқты геметриялық пішіндерді біледі..Заттардың пішініне,түстеріне,көлеміне қарай топтап ажыратады. Балалар ойынға  деген қызығушылығын арттырады.  Достық, татулықты еркін түсінеді. .

Қолданылатын көрнекі құралдар: Пішіндер,күнің көзі, пицца, паровоз.

Әдіс-тәсілдер: Дене шынықтыру нұсқаушысымен  ойын  ойнату (кіріктірілген)  Сұрақ жауап, көрсету, ойнату. Музыка әуені, дыбыстар.

Шаттық шеңбер!

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң,балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Тәрбиеші: Жақсы балалар,бүгінгі күнімізді мейіріммен,қуанышпен бастайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(Қыс мезгілі)

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?(ыстық,жылы, суык болады)

-Қыста не жауады? (қар жауады)

-Қыста балалар қандай ойындар ойнайды? (шанамен ойнайды,шаңғы  тебеді,аққала жасайды)

-Қыс мезгілінің айларын атайықшы? (желоқсан,қаңтар,ақпан)

-Жарайсыңдар балалар сендер қыс мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер.  Ал енді біз Ғажайып әлемге саяхатқа шығамыз. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар,саяхатқа қандай көлікпен барайық?(поезд)Ол үшін  поездға мінуіміз керек, біздің поездымыз жай поезд емес «Ғажайып поезд». Бірақ поездымызға  не жетіспейді?(дөнгелек)

1.-Мына дөнгелек заттардың арасынан поездың дөңгелегін табайыкшы.

Түрлі домалақ заттар корсетіледі.Мынау поездың дөңгелегі ме?ал мынау поездың дөңгелегі ме?-Өте жақсы.Енді біз «Ғажайып поездымызбен»баратын жерімізге тез жетеміз. Поезд күрастыру.  Музыка әуені арқылы  саяхатқа шығады.

Денешынықтыру нұсқаушысы: Сәлеметсізер бе балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Денешынықтыру нұсқаушысы: Балалар, сергіту сәтін жасайық!

Сергіту сәті:

Қолды белге қоямыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Бір отырып,бір тұрып,

Бір демалып алайық.

1.Ойын: «Дөңгелекті бер»

Мақсаты: Шеңберге тұрып  дөңгелек зат арқылы шеңбермен бір бірімізге береміз.

2.Ойын: «Баспалдақ»

 Мақсаты: Баспалдақтан бір бірінің артынын тұрып секіру.

Денешынықтыру нұсқаушысымен қоштасу. (Сау болыңыз!)

Тәрбиеші:  Ал, енді балалар ұйымдастырылған іс әрекетімізді жалғастырыамыз. Сендерге мен тапсырмалар беремін соларды дұрыстап орындауларың керек.

1 тапсырма сурет салу (күнін көзін салады) влажные салфетки,губка,тарелки,гуашь,фартук.

.-Бұл орамның пішіні

Бауырсақтын да мүсіні

Кішірейтсек біз мұны

Шығады тоқаш наны боп

Балалар ол қандай пішін?

-Енді домалақ пішінге ұксас қандай заттарды білесіндер.(доп,шар,күнін көзі)

Күнін көзі кандай түсті?(сары)

2тапсырма

-Үш бұрышы бар,үш қабырғасы бар,

Ұзындықтары әр түрлі мүмкін.

Ол не,балалар?(үшбұрыш)

-Бұл жұмбақтың шешуін жақсы таптындар.

Жарайсындар.

Пиццанын пішіні кандай?(дөнгелек)

Пиццанын кесінділері кандай пішінге ұксайды?дұрыс үшбұрыш.

Енді осы кесінділер аркылы біз пицца жинап құрастырамыз..

3тапсырма

-Төрт бұрышы да тең түскен

Осынша жақтау және тең.

Мұндай шаршы,мен білсем

Табылмас ау еш жерден?

Какпактардан резинка аркылы шаршы кұрастырамыз.

4тапсырма

Ал енді логикалық  сұрақтарға жауап беріндерші.

1)Үшбұрыштын неше бұрышы бар?

2)Дөнгелекте бұрыш болама?

3)Төртбұрыштын неше бұрышы бар?

 

Тәрбиеші: Ғажайып пойызмызға мініп  бақшамызға қайтайық.
Қорытындылау: 

Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Сендер саяхатқа қайда бардыңдар?

Біз  не салдық, не құрастырдық, не жапсырдық?

Өте жақсы балалар, бәрің жақсы қатысқандарың үшін смайлік тарату.

Бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетімізді аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық .Сау болыңыздар!

 

Просмотров: 281


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст