АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Құттықтаймын, анашым!", Өткізген: Шарипова К.К Кабдушева Ж.Б

03.03.2023

Өткізген: Шарипова К.К

Кабдушева Ж.Б

03.03.2023

Тақырыбы: Құттықтаймын, анашым!

 

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Музыка ырғағымен қол ұстасқан бір ұл, бір қыз бала орындарына келіп отырады.

 

Жүргізуші: (Аружан)

Көркейтіп “Қуаныш” бақшы ішін,

Өсіріп тәрбиелеген талай буын.

Сіздерді мерекемен құттықтаймын,

Бас иіп ізеттілік құрметпенен.

 

Құрметті де қадірлі аналар, ақ жаулықты әжелер, ару қыздар! Сәздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Өмір сыйлаған сәбилеріңіз сіздерге т ек қуаныш пен шаттық сыйласын.

 

Жүргізуші: (Амели)

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

 

Ән “Ақ дидарлы анашым”.

Жүргізуші: (Амели)

Аяулы аналар, сіздердің көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын, дендеріңіз сау болғанын тілейміз. Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

 

Диляра:

Мейірлі анам - күн нұры,

Жапырағы мол шашылған.

Сіз өмірдің бұлбұлы,

Гүлің мен ғой ашылған.

Тақпақ айтуға Әлімді шақырамын.

 

Әлім:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым!

Сегізінші Наурызбен!

Тақпақ айтуға Ханшайымды шақырамын.

 

 

 

 

 

Ханшайым:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы анашым.

Тақпақ айтуға Айымды шақырамын.

 

Айым:

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды,

Кімнің ойлап тапқанын.

 

Музыка әуенімен “Қызыл телпек” кіреді.

 

Жүргізуші: (Меруерт)

Әжесі оны жақсы көрген,

Сыйға қызыл телпек берген.

Қыз өз атын ұмытыпты,

Айтыңдаршы, оның аты кім екен ?

 

Балалардың жауабы: Қызыл телпек.

Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, балалар ? Мұнда не болып жатыр ?

Амели: Бүгін біз үлкен мереке тойлап жатырмыз. 8-наурыз - аналар мерекесі.

Қызыл телпек: Мереке болса, мен де сендерді құттықтаймын. Менің себетімде қызыл гүлдерім бар. Мен бір ойын білемін. Менімен ойнағыларың келе ме ?

Ойын “Гүл жинау”

Шарты: Ортаға екі бала шығып ортадағы құмыраға шашылған гүлдерді жинап, қыздарға сыйлайды.

 

Жүргізуші: (Айым)

Құрметті аналар, қонақтар! Сіздерге арнап сұлу қыздарымыз “Қазағымның қыздары” биін билейді.

 

Би “Қазағымның қыздары”

 

Қызыл телпек: Тамаша балалар! Қандай өнерлісіңдер.

Жүргізуші: (Айым)

Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. Кезекті тақпақ айтуға Мансурды шақырамын.

 

 

 

 

Мансур:

Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім әкелді.

Қуанышты күн енді,

Құттықтаймыз сіздерді!

Тақпақ айтуға Аянатты шақырамын.

 

Аянат:

Мамам, менің ақ мамам!

Мен өзіңнің ақ балаң.

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Тақпақ айтуға Дарияны шақырамын.

 

Дария:

Ана - көркі көгімнің,

Ана - нұры жерімнің.

Ана - бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.

Тақпақ айтуға Қасымды шақырамын.

 

Қасым:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін.

Тақпақ айтуға Аишаны шақырамын.

 

Аиша:

Бізді өсірген анашым,

Еңбегің зор екен.

Құтты болсын, анашым!

Құтты болсын мерекең! - дей отыра әнге кезек береміз. Ән “Аналардың тілегі”.

 

Ән “Аналардың тілегі”

 

Қызыл телпек: Әндерің қандай тамаша екен. Енді мен әжеме кетуім керек. Рақмет, сендерге балалар!

 

Музыка әуенімен залға қасқыр кіреді.

 

 

 

 

 

Қасқыр:

Тәтелер, қорықпаңдар!

Әжелер, шошымаңдар!

Мен ақылды, әдемі едім,

Қыз дегенді жемеуші едім.

Мен орманда тұрмаймын,

Мен бәріңді жақсы көремін.

 

Амина: Шынымен сен, Қасқыр, осылай өзгерсең, біз саған ертеңгілігімізде қалуға рұқсат етеміз. Балалар, рұқсат етеміз бе?

Қасқыр: Балалар, ертеңгіліктеріңде қалуға рұқсат еткендеріңе рақмет! Балалар сендер Қызыл телпекті көрген жоқсыңдар ма ?

Амина: Қасқыр, Қызыл телпек саған не үшін керек ?

Қасқыр: Мен Қызыл телпекті мерекемен құттықтайын деп едім. Құрметті қыздар, аналар, әжелер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Амина: Олай болса, Қасқыр, бізбен бірге балаларымыздың өнерлерін тамашала. (Қасқыр отырады).

 

Ойын “Сөз жазу”

Шарты: Ортаға екі бала шығып тақтаға сөз жазады.

 

Алихан:

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

Тақпақ айтуға Айғанымды шақырамын.

 

Айғаным:

Апам ыдыс жуады,

Мінезі оның биязды.

Ол барында тұрады,

Жайнап үйдің жиһазы.

Тақпақ айтуға Айлананы шақырамын.

 

Айлана:

Ана - өмір шырағы,

Ана - өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.

Тақпақ айтуға Ахметті шақырамын.

 

Ахмет:

Айналайын, анашым!

Әлпештеген баласын.

Еркелеткен бөбегін,

Анашым менің, анашым.

Тақпақ айтуға Ассадуллахты шақырамын.

 

Ассадуллах:

Жүре берсем қасыңда,

Әйбат анам, ай анам.

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам,

Айналайын, ақ мамам!

 

Ән “Ана туралы жыр”

 

Қасқыр: Ал, балалар, енді мен кетейін. Қызыл телпекті тауып алып, оны құттықтауым керек.

 

Би “Джентльмен”

 

Жүргізуші: (Амина)

Балалар, біз ана туралы әндер айттық, тақпақ оқыдық. Енді сол аналарымыздың анасы - әжелеріміз туралы не білеміз? Әжелер немерелерін өте жақсы көреді. Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған ғой. Сол әжелерге арналған өнерімізді көрсетейік.

 

Ән “Әже”

 

Айым:

Шашымды өріп, тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Тақпақ айтуға Ясминаны шақырамын.

 

Ясмина:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем менің өйткені,

Өте жақсы көреді.

Тақпақ айтуға Каримді шақырамын.

 

Карим:

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен.

Тақпақ айтуға Нұрдосты шақырамын.

 

Нұрдос:

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен де жақын маған.

Ол жанымда жүрсе мен де,

Батырларша батылданам.

Тақпақ айтуға Алинурды шақырамын.

 

Алинур:

Алақаны ақ самал,

Мәпелеген жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.

 

Музыка әуенімен залға Қызыл телпек пен Қасқыр кіреді.

 

Қасқыр: Балалар, мен Қызыл телпекті іздеп тауып алдым.

Қызыл телпек: Балалар, Қасқыр екеуміз әжеміздің сендерге беріп жіберген сыйлығын әкелдік. Топқа барғанда біз сендерге таратып береміз. Сау болыңыздар!

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің әнші қызымыз Меруерттің орындауында “Ана туралы жыр” әнін қабыл алыңыздар.

 

Ән “Ана туралы жыр”

 

Жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар, абзал жанды аналар, осымен біздің 8-Наурызға арналған “Құттықтаймын анашым!” атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Біздің балаларымыздың аналарына арнап өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

 

Аналарға сыйлық тарату.

Просмотров: 182


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст