Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Аналар асыл жандар шуақ боп шашылғандар!!!
Мақсаты:8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту; анаға , әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Музыка әуенімен залға кіреді.
1 жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніміз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Қымбатты аналар,әжелер,құрметті қонақтар! Бүгін 8-наурыз аналар мерекесі қош келдіңіздер.
2 жүргізуші:
Ақ қар еріп
Су көбейіп
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік
Гүл байшешек басады.
Балалар айтындарш ы бұл қай кезде болады?(Көктем мезгілінде)
Көктем келеді. (Балалар мен ата аналармен амандасады)
1.Жүргізуші:
Көктем келді шуақты
Балаларды қуантты
Алақай-ау алақай
Көктем қандай көңілді дей отыра «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Көктем»
1 Жүргізуші: Балалар қараңдаршы менің қолымда гүлдің тек түймедақпен, сабағы ал біз осы гүлдің күлтешелерін толықтыру үшін , әр күлтешенің тапсырмасын орындауымыз керек.Ал олай болса қараңдар қандай түс күлтеше. Күлгін түстің тапсырмасын орындайық.
1 тапсырма: «Ана туралы тақпақтар» (Қызыл түс.)
1 Жүргізуші:
Ақ анашым ,әппағым
Өзің жайлы тақағым
Арналады сіздерге
Бар баланың тақпағы- дей отыра сіздерге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Ана туралы 10-бала
( Али,Саян,Рамазан,АмирМ,Айлин,Іңкәр,Алина,Д.Әмір,Азамат,Малик. )
2. Жүргізуші: 2-тапсырма: (Жасыл түс.)
Би билеп,ән айтады.
Тойларында балалар.
Бағалаймыз еңбегін
Аман болсын аналар.
Би: «Джентелмен биі» Ұлдар биі.
1.Жүргізуші: 3 –тапсырма .( Ақшылт қызыл түс)
Келесі күлтеше көгілдір түс тапсырмасы.
Ойын: Гүлдерді құрастыру..
Шарты: Шарлар арқылы 8- цифрасын және гүлдер шоқтарын құрастырамыз.
Ұлдар мен қыздар командасы бөлініп .Ұлдар сегіз цифрасын құрастырады.Қыздар гүлшоқтарын құрастырады.
2.Жүргізуші: 4 тапсырма. (Көк түсті)
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Балалар тыңдаңдар-бұл кім тураалы тақпақ.
Балалар: Әже .Дұрыс айтасыңдар,ол,әрине әже.
Әже туралы Балалардың тақпақтары. (Ернар,Рания,Арнур,Адэль,К.Амир,Айлин,Зарина,Мансур,Жанайым,АлимК,Рашид,Жасмина,Хадия,Б.Адия,А.Адия. )
Ән: «Сағындым әже» қабыл алыңыздар.
2.Жүргізуші: 5 тапсырма .( Көгілдір түс)
Ойын: «Киім бүктеу»
Шарты: Картон қағаздың көмегімен киімді тез бүктеу.
1.Жүргізуші: 6-тапсырма. (Күлгін түс)
Мерекеге арналадыы бүгін билер,
Көтерілсін қанекей ,көңіл күйлер.
Алдарыңызға қазір қыздар биі
Қол соғып демеу берер көрермендер.
Би: «Қуыршақ» қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші: Алидің анасының орындауында
Ән «Әйел бақыты» қабыл алыңыздар .
2.Жүргізуші: 7-тапсырма: (Қызғылт сары түс.)
Аналармен ойын.
Ойын: Дауысынан таны.
Шартты:Балаларын еркелететін сөздер арқылы бала анасының дауысын тану керек.
Жүргізуші: « Көңілді би» қабыл алыңыздар.
Ән: «Нұрын төккен маған»
Жүргізуші:Балалар көрдіңдер ме біз тапсырманы орындай алдық, Аналар мерекесіне әдемі гүл құрастырып шықтық.Бұл жай гүл емес сыйқырлы гүл екен. Сендер тапсырманы жақсы орындап шыққан үшін аналарға арналған шоқ гүлдерге айналды.Балалар олай болса аналарымызға табыстайық. Аналарға сыйлық тарату.
Ұлдарымыздың да қыздарға дайындаған сыйлықтары бар.Соны табыстауға рұқсат етіңіздер
Қыздарға сыйлық тарату.
Қоштасу.
Тәрбиешілер: Ахметжанова.М.Ж.
Кайргельдиева.А.Б.
01.03.23ж