АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Аяулы анашым». Өткізген: Зкрина У. Е. Есекеева М. Ш.

03.03.2023

Тақырыбы: «Аяулы  анашым»

Мақсаты: Аналарға деген сүйіспеншілікті, ана еңбегін құрметтейді, ардақтай біледі. Ана жайлы тамаша сөздермен, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды  мерекемен құттықтайды, балалар мейірімділікке, ұстамдылыққа , ұстазға ата-анаға деген құрметті, ана еңбегін қадірлей  біледі.

Жүргізуші: Армысыздар   құрметті  аналар, әжелер, қонақтар! Бүгін көктемнің  алғашқы  мерекесі  8 науыз мейрамымен  құттықтаймыз!

 Жүргізуші: 

Теңейміз аналарды аппақ таңға,

Теңейміз аруларды шапағатқа,

Ана деп ән саламыз, би билейміз

Бас иіп «Ана» деген асыл затқа-деп, ортаға «Ботақан» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.

Балалар музыка әуенімен екі жақтан жүректі ұстап ортаға шығады.

( Орындарына  отырады)

Жүргізуші:  8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Балалар    ненің дауысы тыңдайықшы.

Балалар: Құстардың дауысы.

Жүргізуші: Өте жақсы олай болса бізге көктем келе жатыр қарсы алайық.

Маржан апай Көктем: 

Мен Көктеммін, Көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін

Жайнататын бар гүлді

Сайрататын бұлбұлды

Ән арнайды ел маған,

Көктем әні мен болам!

   Жүргізуші: Қош келдің,Көктем!

Көктем: Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Сізге арнап балалардың орындауында  «Көктем келді» әнін қабыл алыңыз.

Көктем: Рахмет балалар маған өте ұнады, керемет орындадыңдар.

Жүргізуші:  Ал ендігі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

  1.  

 Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,   
Ән маржанын ашайық.

2.Амина:

 Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.      
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

  1.  

 Еркелесем күлімдейті,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені   
Құлыншағым күнім дейтін

4.Айдария:

 Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап    
Ауырмашы анашым

5.Таймас:

 Әр сөзімді жаттаған,                 
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам, 
айналайын ақ анам!

6.Е.Әмірхан:

 Мен гүлдердi жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
АйтҚан сөзiн тындаймын 
Анашымды сыйлаймын

Жүргізуші: Ал қыздарым, қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Саусақтары майысып,

Би биле мына халыққа – деп қыздардың орындалуында «Қуыршақтар» биін тамашалаңыздар.

Көктеммен ойын: « Гүл сыйлау»

Шарты: Ортаға ұлдар шығып музыка әуенімен билеп тұрады, музыка тоқтаған кезде  кім бірінші  гүлді алады солар  қыздарға сыйлайды. Солай екі үш рет қайталаймыз.

Жүргізуші:  Ал енді тақпақтарға кезек берейік

7. Медина:

Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі        
Мейірімді ғой керемет

8. Н. Али
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген 

 Ауырмашы ,ай әжем
9. Ерасыл

Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін, 
Ана ғана!!!

 

 

 

10. Альфия:

 Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

11. А.Әлімхан:

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден         
Аналарға сыйлаймыз.

12. Мағжан:

Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы   

13. Зарина:

Айналайын анашым

Аялайсың бағасын

Мен үшін не керек     

Бәрін іздеп табасын.

Жүргізуші: Тобымыздың ер балаларының орындауында  «Джентльмен» биін тамашалаңыздар. 

Ән: «Анашым»  

 Жүргізуші: Кезекті  тағыда тақпақтарға береміз

14. Чингизхан

 Апам мені айым дейді
Мен мұнайсам уайым жейді
Апам мені күнім дейді           
Мен қуансам күлімдейді

15. Карим

Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам     
шаттык кетпес баладан

16. Адема

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді           
Сыйлайды оны бар адам.

17. Райяна

Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам» деп мақтанам   
Түн ұйқыңды төрт болып
«Бөпешім» деп жатпаған

18. Томириз

Апам мені айым дейді
Мен мұнайсам уайым жейді
Апам мені күнім дейді           
Мен қуансам күлімдейді

19. Н.Амирхан

 Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар 
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

Көктем: Балалар ойын ойнағыларың келеді ме?  (Иә)

Ойын:  «Кір жаю»

Шарты: Екі топшаға бөлініп жарысады.Кім қанша  орамал іледі жіпке.

Жүргізуші:  Тақпақтарымызды жалғастырайық

20. Нұралы

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі         
Маған айтып береді

21. Дария

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап   
Әдеппен басиеміз
22. Арлан

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын    

23. Аман

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген  
Балдай тәтті бал әжем

Жүргізуші:  Балалар келесі әнімізді әжемізге арнайық

Ән: «Әже»

 Жүргізуші: 

Ана десем сезім билер тым  ыстық,

Жарасады, адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Құрметті ата – аналар, барша қонақтар бүгінгі 8 – наурыз ертеңгілігіміз аяқталды.  Бастарың аман, дендерің сау болсын. Сау болыңыздар

Өткізген: Зкрина У. Е. Есекеева М. Ш.

02.03.2023ж

Просмотров: 98


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст