АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әлемнің жарығы Ана», Өткізген: Габдуллина С.М., Бектемирова Д.С.

06.03.2023

« Әлемнің жарығы Ана »

Мақсаты:

Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Ардақты әжелер, аяулы аналар, қызғалдақ қыздар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.

Музыка әуенімен ұл балалар кіреді,жарты шеңбер болып тұрады

Көктем Аруы  кіреді кұттықтау сөзі

Көктем Аруына орманан Қоя телефон шалады

Ән: Көктем келді

Тақпақтарын айтады:

Айзере

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

 

 

Данелия

Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым

 

Мустафа

Ана пана

Ана дана

Өмірге әкелетің

Ана ғана

 

Алим

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

 

Айя

Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

 

Шерхан

Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
 

 

Артем

Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
 

Жүргізуші:Онда ойын ойнайық.

Гүл Жинау

Би: Ұлдар

Ән: Айналайын Ақ Мамам

Ойын: Аналармен Шар үрлеу

Тақпақ:

Аружан

 Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
 

Амина

Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.

Раяна

Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.

Рахман

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.

Санжар

Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.

Т Амир

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегінде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын Ақ анам

Жүргізуші Би: Қыздар

Әжемен ойын :

Тақпақ әже туралы :

Науан Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
Арнұр Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Адия Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім

Ән :Әжемнің  шәйі  

Ансамбль Досмұқасан

Ойын:

Жұбынды тап

 

Тақпақ

 Малика

Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.

Аймира

Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.

Амир Ө

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегінде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын Ақ анам

Кира

Ана пана

Ана дана

Өмірге әкелетің

Ана ғана

Азиза

Анамыздың мерекесі

Келіп қалды жақындап

 Көңілін қалай тапсам деп

Ойлап жүрмін күн тұні  

Айяру

Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,

Аделия

Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.

Ясмин

Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,
Ізгі істерді жақұтты
 

 

Би :Барлық балалар

Ән Ақ Мамам

Амир Ө 

Жүргізуші .

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

 

 

 

                                                                                     Өткізген: Габдуллина С.М.

                                                                                                       Бектемирова Д.С.

                                                                                                       01.03.2023 жыл

 

Просмотров: 155


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст