АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Көп жаса, анашым!». Өткізгендер: Ергалиева К.Б., Серикбаева А.Ж.

07.03.2023

Тақырыбы: «Көп жаса, анашым!»

Мақсаты: Балаларға көктем туралы,8-наурыз  халықаралық аналар мейрамы туралы түсінік беру.Отбасындағы ананың орнын,анаға деген құрметті ұғындыру.

Көңілді әуенмен балалар шығып тұрады.

1-ші бала Мирас:Қазір бізде мереке, кешікпей ме ешкімде.

2-ші бала Ернияз:Жаңа көйлек киіп қыздар, дайын отыр, келіп қалар.

3-ші бала Мансур:Босқа тұрма сен енді безендір тез бөлмені.

4-ші бала Абдука: Айттым әне сендерге үлгермейміз біз енді.

5-ші бала Аңсар:Қыздарда бір нәлденіп, болар емес сәнденіп.

6-шы бала Даниал:Тыныш,тыныш керіспеңдер, қыздар келер  келіссеңдер.     

Бәрі:Шапалақтап қол соғып, қыздарды қарсы алайық.

(Ұлдар мен қыздар билеп,ұлдар қыздарды орындыққа отырғызады)

Жүргізуші: Құрметті ұжым, қадірлі аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Балаларыңыздың дайындаған «Көп жаса, анашым» атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

Көктемнің келуі:

Ән: «Көктем келді»

Балалардың тақпақтары: (7 бала)

Мирас: Жарқын жүзді жан анам

               Сендей болсын бар адам

               Сендеі болса бар адам

                Шаттық кетпес баладан

                Сендей болса бар кісі

                Шексіз перзент алғысы.

Ернияз: Бүгін наурыздың сегізі

                  Сұлулықтың негізі

                  Әдемі сөз адамның

                  Анаға айтар лебізі.                                                                             Абдука: Жүре берсем қасыңда,

               Әйбат анам, ай анам.

               Ботам деген даусыңнан,

              Мен мәз болып оянам

Камиль:Алақаны ақ самал,

              Мәпелеген жан ана.

              Көкте күнім батса да,

              Өзің күнсің балаңа.

Самира:Айтсақ  болды тіл алам,

               Әйбат мамам, ай мамам.

               Сені көрсем қуанам,

               Сен керексің қайдада.

Алим:   Жанымызды жайнатқан,

               Сіздерсіз ғой аналар.

               Зор денсаулық, мол бақыт,

               Тілейміз біз балалар.

Аңсар: Өмірдің қызығы,

              Өзіңсіз өтпейді.

              Мен үшін анама,

             Ешкім де жетпейді.

Би: «Қыздар биі»

Ойын: «Ананын бір күні» (4 ұл ) Музыка керек 1.Баланы уату 2.Тамақ пісіру 3.Үй жинау 4. Кір жуу

Жүргізуші: Келесі кезекті әнге береміз

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: Келесі кезекті  анамызға арналған тақпақтарына берейік .

(7 бала)

Мансур:  Тау қопарып, тасты үгіп.

                   Тұрғыздың сен не қала.

                   Саған қандай жақсылық,

                   Жасай алам мен, ана!

Аягоз: Бар өмірдің жүрегі

            Өзің алтын ордасың

            Тірлігімнің тірегі

            Уайымың болмасын.

Даяна:Үн қатасың бал тілмен

              Еркелеймін әр күн мен

              Құттықтаймын анашым

              Сегізінші наурызбен.

Айханым:                                                                                                                   Ана деген –бәйтерегі өмірдің

 Ана деген –қуанышы көңілдің

Ана деген –әрбір үйдің жылуы

Ана деген – асыл жандар болаттай

Ана деген –мөлдір жандар бұлақтар.

Даниал: Жылылықтан жаралған,

                Құшағы оның бал мекен.

                Менің айдай анамнан,

                Асқан сұлу бар ма кен?

Малика:Жер бетінің ғұмыры

                Күн нұрымын арайлы

                Біздің үйдің жылуы

               Анамыздан тарайды.

Мадина: Құтты болсын ардақты анам

             Асыл анам мерекең

             Құтты болсын теңдік алған. Қуанышты мерекең.

Би:«Ұлдар биі»

Ойын:«Кім жылдам» (Музыка ойнағанда балалар орындықты айналып билейді, музыка  тоқтағанда  тез қыздарға гүл сыйлап үлгеру керек)

Жүргізуші: Балалардың тақпақтары: (7 бала)

Сезім:Әлемге тыныштық тілеген,

           Жан ана жаныңа гүл егем.

          Балалық жүрекпен айтылған,

           Махаббат бесігі бұл өлең.

Әмір: Ана- біздің күніміз.

          Ана- біздің гүліміз,

          Ұландарды қуантып. Ұзақ өмір сүріңіз.

Әли: Шалқып- тасып әніміз,

         Жадырасын жанымыз.

         Ана, сені құттықтап,

         Әндетеміз бәріміз.

Аиша:Кір түсірмей жағама,

            Шашымды да тарайсың.

            Бақшама барарда

           Мейірлене қарайсың.

Сафия: Қанаттанса балапан

              Қалайынша ұшпайды.

             Әрбір қыз, әр балақан

             Мамасына ұқсайды.

Амира:Еркелеймін, шаттанам

           Жарқын күлкің бақ маған.

           Ақ бетіңнен сүйейін

           Келші,келші ақ мамам.

Алиса:Теңдесі жоқ панасың

              Арқа тұтар данасың

             Еңбегіңді ақтайын

             Аман болшы анашым.

Би: «Кел билейік»

Ойын: «Жіптен шеңберді өткізу» (Музыка керек)

Жүргізуші: Келесі кезекті  әжемізге арналған тақпақтарына берейік

Ернияз

Армысың әжелерім аналарым                                                                    Мейірбан аппақ көңіл даналарым

 Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

 Құттықтайды сендерді балаларың.

Дамир: Менің әжем, бұл әжем

               Айтқан сөзі, дәл әжем

                Аман балса көреді.

             Қызығымды әлі әжем.

Арлен:Сыйлық әкеп әжеме,

             Таң қалдырам бар елді.

             Өте жақсы көремін,

            Өйткені мен әжемді.

Жанали:Менің әжем, нар әжем

               Көп жасаған кәрі әжем,

              Ауырғанда мен үшін

              Әр сүйгені дәрі әжем.

Амина:Бізді өсірген апатай

             Еңбегің зор екен

             Құтты болсын апатай

             Құтты болсын мерекең.

Көрініс: «Келеешек ата-ананын бір күні»

Ән: «Әже»

Құрметті қонақтар,әріптестер осымен«Көп жаса , анашым» атты ертеңгілігіміз өз мәресәне жетті. Келгендеріңізге көп рахмет.

 

 

Өткізгендер: Ергалиева К.Б.    

                    Серикбаева АЖ

Просмотров: 1214


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст