АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қойылым: "Менің ұшқыр қиялым" № 9 «Қуырмаш» ересектер тобы Өткізген: Ахметжанова М.Ж., Каиргельдиева А.Б.

20.03.2023

Қойылым

"Менің ұшқыр қиялым"

№ 9 «Қуырмаш» ересектер тобы

 

Өткізген: Ахметжанова М.Ж

Каиргельдиева А.Б

Күні: 16.03.2023ж

 

Мақсаты: Көктемгі мереке туралы түсініктерін кеңейте отырып, наурыз мерекесі сезіне білуге, балаларды ұлттық ойындармен, ұлттық салт дәстүрмен, ұлттық тағам түрлрімен таныстыру, «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,  ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру.

Балалар дастархан басында отырады.

Жүргізуші:  Наурыз тойын тойлатқан

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын.

Ақ мол болсын!!!

 Армысыңдар құрметті қонақтар. Бүгін бізде Қуырмаш ауылында наурыз мерекесіне қош келдіңіздер. Балалар бүгін бізде наурыз мерекесі жаңа жылымыз. Сол үшін міне әжелеріміз келді. Әжелеріміз бізге мереке туралы мағлұмат айтып береді.

Әже 1 :  Балалар бүгін бізде наурыз мерекесі. Наурыз мерекесі  біздің жаңа жылымыз. Наурыз мерекесінде наурыз көже пісіріледі, шелпек, бауырсақ пісіріліп, той думан болып дастарханымыз молшылыққа жайылады. Балалар наурыз мерекесінде би билеп, әндер айтылады.

Балалар қандай мерекеге жиналдық?

Қандай ұлттық ойындар білесіңдер?

Қандай ұлттық тағамдар білесіндер?

Әже 2:  Наурыз көже туралы айтады.

Жүргізуші: Балалар осы наурыз мерекесінде  әр түрлі дәстүрлерде көрсетіледі.  Соның біреуі тұсауын кесу дәстүрін көрсетеміз.

Салт дәстүр: «Тұсау кесу»

(Музыка әуенімен Алдар көсе кіріп келеді)

Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын.

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ.

Шайтанды да алдармын.

Аааааааааааееееееооооо.

Ассалаумалейкум балалар. Қалдарын қалай? Қуырмаш ауылы осы ме екен.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Алдар көсе, Қош келдіңіз. Иә дұрыс келдіңіз. Бұл Қуырмаш ауылы. Біздің ауылда  наурыз мерекесі тойланып жатыр.Төрлетіңіз.

Алдар: Осы Қуырмаш ауылында наурыз тойланып жатқанын естіп,келіп қалдым.

Балалар наурыз мерекесі одан да қызықты қылып,о йындар ойнап неге өткезбейміз.  Мен сендерге керемет ойындар алып келдім. Ойын ойнаймыз ба?

Жүргізуші: Балалар қандай ойын ойнаймыз?

Балалар: Қыз қуу

Алдар: Ойынның шарты балалар 1 қыз және 1 бала шығады. Атқа мініп қызға жетіп алуымыз керек. Егер қызды жетіп алып қолынан ұстай алмаса. Енді қыз жігітті қуады.

Менің қолымдағы қызыл орамалды 1 қыздың алдына келіп тастаймын. Со қыз ойынға шығады. Ал көк орамалды ұлдың алдына әкеліп тастаим. Сол ұл ойынға шығады.

Ойын: Қыз қуу

Алдар: Ал енді ер балалармен арқан тартыс ойнайық. Кімнің күші көп екен.Келіңдер сынасамыз. Екі топқа бөлінеміз. Ол үшін бір бір асықтан таңдап алайық.

Ойын: Арқан тартыс.

Жүргізуші: Ал Алдар ойындар ойнап шаршап калған боларсыз.Төрлетіп демалып алыңыз.

Жүргізуші сары түсті орамалмен шығады.

Музыка әуені: Сары орамал қолында, қыздар менің соңымда, орамалды желпісем,тұрғызады орнынан.Қане қыздар келіңдер,әуенге бірге еріңдер.Мың бұралып майысып,қамажай биін билеңдер.

Би Қыздар : Көрпеше әшекейлеу.

Жүргізуші көк түсті орамалмен шығады.

Музыка әуені: Енді көк орамал қолында.Ұлдар менің соңымда. Орамалды желпісем,тұрғызады орнынан.Қане ұлдар тұрмайық.Қолға қамшы алайық.Бар өнерге салайық.

Би Ұлдар: Қамшы

Жүргізуші көк түсті орамалмен шығады.

Музыка әуені: Қызыл орамал қолында,  балақайлар соңында орамалды желпісем тұрғызады орнынан жұптасып біз тұрайық сән салтанат құрайық Мерекені тойлайық.

Ән: Наурыз

Жүргізуші: Осымен біздің бүгін Қуырмаш ауылындағы наурыз тойымыз аяқталды.Назарларыңызға рахмет.

Просмотров: 188


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст