Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы: Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Шымырлық пен шеберлік күні» шеңберінде «Ханталапай» ойынының байқауы
Қазақта асық ойынның түрлері көп. Сондай ойындардың бірі қазақтың ежелден келе жатқан Ханталапай ойыны. Бұл ойынның басты ерекшеліктерінің бірі – ойынды тек ер балалар ғана ойнайтын болған. Ойынның ережесі бойынша жеті-сегіз үміткерден қатысады. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асық өзгелерден ерекшеленіп тұруы қажет. Оның түсі не қызыл боялуы шарт. Асық ойыны күндізде, түндеде ойналады.Күндізгі асық ойыны мергендікке,түнгі асық ойыны – ептілікке баулиды екен.
Балалар біз сендермен қазір Ханталапай оынын ойнаймыз.Бұл бізде – Асық. Асық неден алынған балалар?.Қойдың жілігінен алынған дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар асықтың үстіңгі жағын қалай атаймыз? бүк, шік, алшы, тәйт Бұл асықпен сендер қазір атасыңдар иа.Бұл асықтың арасында қазір сендеде мынандай қызыл асық кездеседі.Бұл-асық сақа асық.Бұл асықты қалай атаймы?Хан асығы деп атаймыз иа балалар?Осы хан асығымен сендер асықты атасыңдар. Ал ендеше бұл ойынды бастау үшін қазір мен асықты ортаға шашып жіберем. Талапай-ау,Талапай табылды ойын Алақай! Асықтың бөліктері: Алшы – асықтың ойық қыры үстіне қарап, тік тұрғанда аталатын позицияның атауы. Асық алшысынан түсуі сәттілік, шаттық, жеңісті білдіреді. Тәйке – асықтың тегіс қыры үстіне қарап тік тұрғанда (алшыға қарама-қарсы) аталатын позицияның атауы. Тәйке түйе малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан екінші орында. Бүк – асықтың дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен түсіп жатқанда аталатын позицияның атауы. Бүк қой малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан үшінші орында. Шік – асықтың шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық жатқанда аталатын позицияның атауы. Шік ешкі малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан төртінші орында. Сұрақтар: 1.Қазақ ұлттық ойындарын ата. Көкпар,Ханталапай,Тоғызқұмалақ,Қазақша күрес т.б
2.Төрт түлікке нелер жатады?сиыр,қой,жылқы,түйе
3.Наурыз көжеге неше тағам салынады? 7
4.Қазақтың қандай салт дәстүрлерін білесің?бесік салу,тұсау кесер,сүндет той,тіл ашар т.б
5.Қазақ ұлттық ертегілерің атап бер.Алдар көсе,Алтын сақа
6.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. Қой
7.Асықтың бөліктері қалай аталады?бүк,шік,тәйкі,алшы.
8.Ұлттық тағамдарды атап бер.ет,сүт,қымыз,бауырсақ,айран,құрт.
9.Асықтардың ішіндегі қызыл асық қалай аталады?Хан асығы
10.Ханталапай ойыны балаларды неге үйретеді?ептілікке,мергендікке,алғырлыққа үйретеді
Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық асық ойыны «Ханталапай»
Мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Ханталапай ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
Қолданылатын-көрнекіліктер:Жайлау көрінісі, ойын бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш,кигіз үй,ұлттық тағамдар, сандық,алаша. Қой малының асықтары т.б.
Әдіс тәсілдер:Әңгімелесу,түсіңдіру,ойнату.
Күй «Сары жайлау» ойнап тұрады.Зал қазақтың салт-дәстүрі негізінде көркемделен.
Әкесі баласына келіп,сыйлық береді.
Әкесі: Балам,менің саған сыйлығым бар.(Планшет)
Баласы: Мен бұнымен не істеймін?
Әкесі: Ойындар ойнайсын.
Баласы: Әке мен осылармен ойнап шаршадым.Мен ауылды сағындым,ата-әжеме барғым келеді
Әкесі:Не істейсің ауылда?онда ғаламтор жоқ қой
Баласы: Маған ғаламтор керек емес.Ата- әжеме көмектесмін,достарыммен ойнаймын.
Әкесі: Мында да достарын бар емес пе?
Баласы: Олармен маған қызық емес,олар тек телефондағы ойындарды ойнайды.
Әкесі: Ендеше мен де сенмен бірге ауылға барамын.
Әкесі мен баласы ауылға келеді.
Ата-әжесі немересі мен баласың құшақ жая қарсы алып,үйге кіргізеді.
Атасы:Қош келдіңдер,төрлетіңдер! көптен бері келмеп едіңдер сағындық қой сендерді
Әжесі: Қош келдіңдер дастарханға жайғасыңдар.
Әкесі: Біздің бала ауылға келгісі келді,сіздерді сағыңдым дейді.
Атасы: Иә дұрыс қой, жиі-жиі келіп тұрыңдар.
Осы сәтте Мирастың ауылға келгенің естіп, достары жүгіріп келеді.
Мирас ауыл достарың көріп қуанады.Амандасады.Мирастың қасына достары жайғасады.
Ата: Әй кемпір ау, анау сандықтың ішіннен жинаған ескі асықтарымды алып берші.
Әжесі сандықтан асықтарды алып береді .
Ата:Балалар бұл не екенің білесіңдерме,көргендерің, естігендерің барма?Бұл-қазақтың ұлттық ойыны - асық.Асық ойындарынынң түрлері көп.Сондай ойындарыннын бірі қазақтың ежелден келе жатқан «Ханталапай» ойыны. Балам, бүгін ат терлетіп қаладан келіп қапсыңдар балаларға бұл ойынды көрсетсең қайтеді.Өзің қалаға көшіп «Ханталапай» ойынын қалай ойнайтынын ұмытып қалған жоқсын ба?
Әкесі: Әрине ата, жоқ ұмытқаным жоқ. Жүріңдер балалар жайлауға барайық.Мен сендерге «Ханталапай» ойынын көрсетейін. Ата сізде бізбен бірге жүріңіз тамашалаңыз.
Әкесі: «Ханталапай» ойының түсіндіреді. Міне балалар менің қолымда түрлі көп асықтар бар.Бұл асықтар қойдың асығы.Оны біз қойдың жілігінен алып жинаймыз.Асықтың үстіңгі жағын бүк деп атаймыз,ал астыңғы ойық жағын шік деп атамыз,ал көлденең жақтарын тәйкі және алшы деп атаймыз.Асық ойынын күндізде,түндеде ойнауға болады.Күндізгі асық ойыны мергендікке, ал түнгі асық ойыны- ептілікке баулиды.
Қазір біз сендермен «Ханталапай» ойынын ойнаймыз.
Бұл асықтың арасында қазір сендерде мынандай қызыл асық болады.Бұл асық-сақа асық.Оны біз «Хан асығы» деп атаймыз.Осы «Хан» асығымен сендер қазір асықты атасыңдар.
Ал ендеше ойынды бастау үшін қазір мен асықты шашып жіберем.
«Талапай-ау,талапай,табылды ойын Алақай!»-деп айтып, балаларға қайталап айтқызып, асықтарды ортаға шашу.Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап асықтарды таласып алады.Хан асығы қолына түскен бала,алғашқы болып,ойынды бастап, асықтарды атады.Тигізген бала асықтарды ұтып алады.Тигізе алмай қалған жағдайда ойын жүргізушінің тапсырмаларына жауап береді.Тапсырмаға бала дұрыс жауап берсе, келесі асықты атады.Егер бала тапсырма сұрағына дұрыс жауап бере алмаса,басқа балаларға жауап беруге болады.Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі.
Атасы:Жарайсыңдар балалар,епті екенсіңдер,мерген екенсіңдер,алғыр екеңсіңдер деп жеңімпаздарды марапаттайды.
Жүріңдер кемпір сендерге ет асып қойыпты, ауыз тиіп қайтыңдар.
Балалар атаға ризашылығын білдіреді.
Ата бата береді
Әкесі мен баласы ата-әжемен,достарымен қоштасып көңілді қалаға қайтады.
Өткізген: Серикбаева А.Ж.