Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем»
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Пролог: күй «Балбырауын»
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Салт-дәстүр: Шашу Наурыз №8 «Құлыншақ» мектепалды даярлық тобы
Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік
Ән «Домбырасыз сән қайда» (Меруерт 8-топ)
Балалар: Қыдыр Ата!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шақырайық!
ҚЫДЫР АТА:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!
Жүргізуші: Қыдыр ата! Ортаға жайғасыңыз бүгін біздің «Қуаныш» бөбекжайымызда үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыз!
Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.
Жүргізуші: Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Жүргізуші: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
«Көгерсін»деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Салт-дәстүр: «Сүйінші сұрау» №6 «Балапан» ортаңғы топ
Би: «Қамажай» ересектер топтары
Салт-дәстүр: «Азан шақыру» №3 «Бүлдіршін» ересек топ
Ойын: «Асық ату»
Жүргізуші: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық!
Салт-дәстүр: «Бесікке салу» №7 мд тобы
Жүргізуші: Ал балалар енді кезекті ойынға берейік
Би: «Шашу» №2 «Жұлдыз» мд тобы
Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы кішкентай баланы қырқынан қай кезде шығарады?
-жауап: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар
Ал,бізге қырқынан шығару рәсімін №9 «Қуырмаш» ересек тобы салт-дәстүрін көрсетеді.
Би: «Көктем» №3 топ бүлдіршіні Айа
Ойын : «Тақия тастамақ»
Жүргізуші: Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз
Салт-дәстүр: Тұсау-кесер № 10 «Ботақан» ортаңғы тобы
Ән: «Наурыз-көктем» №7 «Аққу» мд тобы
Салт-дәстүр: «Тіл ашар» №2 «Жұлдыз» мд тобы
Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!
Жүргізуші: Осымен «Наурыз-берекем,Наурыз-мерекем!» атты мерекеміз аяқталды.Қош сау болыңыздар!
Дайындаған музыка жетекшілері: Бейсембаева А.А.
Шурекова А.Д.