Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы: «Әке, анам және мен» отбасылық спорттық сайысы.
Мақсаты: Отбасы арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Достық пен ұйымшылдыққа және инобаттылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әнгіме, түсіндіру, сұрақ жауап ойын
Көрнекіліктер: таяқшалар, құрсаулар, әріптер, , үшбұрыш заттар, дотар, кеглілер.
Психологиялық дайындық: «Танысу шеңбері»
Дене шынықтыру нұсқаушысы сөзі: Құрметті ата-аналар, әріптестер бүлдіршіндер бүгінгі «Әке, анам және мен» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!
«Отан отбасынан басталады» деп мәтел бар. Жан-ұянын береке – бірлігі әр сәбидін, әр баламыз болашақ қадамы. Бүгін міне осы отбасы арасындағы татулықты, достықты өнерді жалғастырып жүрген отбасылар бар.
Дене шынықтыру нұсқаушысы:ата-анларға және балаларға дене қыздыру және жалпы жаттығуды жасатқызу, екі топқа бөлу, өздерін таныстырып кету,
1 топ командасы-№1 «Сүнқар» Топтың аты -Бүркіттер
Топ ұраны: Бұркіт көке самғайды,Зеңгір көкті самғайды,Әрқашанда бүркіттей, Біздің топта самғайды.
2 топ командасы-№9 «Қуырмаш» » Топтың аты –Болашақ
Топ ұраны: Болашақ тобы алға, Биіктерге самға, Достығымыз барда, Жүрегіміз тек алда.
Әділ қазылармен таныстырып кету.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сайыс бағдарламасы 10 бөлімнен тұрады
Соңы: Тыныс алу жаттығуы
1-тур «Кім жылдам»
Мақсаты:Балалардың және ата-аналардың денелерін шынықтырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру
Ойын шарты: балаларға және ата-аналарға ойын шартымен түсіндіру,әке, ана және баласы жерде отырып бір-біріне шеңберді жылдам беруді )
2-тур «Дөңгелікті тез жеткіз!»
Мақсаты: Жылдамдық ептіліктерін қадағалау
Ойын шарты: Шеңберден шеңберге таяқша ұстап жылдам секіру
3-тур «Көңілді мәре»
Мақсаты: Ата-ана,бала арасындағы бірлестікті қалыптастыру
Ойын шарты: Әке,ана өз балаларын екі қолдарына отырғызып мұнараны айналып,қайтадан алып келу
4 тур «Арқан тарту»
Мақсаты: ептілік,қимыл-қозғалыс әрекеттерін дамыту
Ойын шарты: Екі топқа бөлініп,арқанды тартады,белгіден кім асырса сол жеңіске жетеді
5- тур «Керемет сөздер тізбегін қүрау»
Мақсаты: Әріптерді тез құрастыру жылдамдықтарын арттыру
Ойын шарты:Қиылған әріптерден жылдам сөздер тізбегін жазу
6- тур «Кім мерген»
Мақсаты: Көздеу мергендіктерін анықтау
Ойын шарты: Дартц арқылы жебеге тигізеді
7-тур «Шаңырақ көтеру»
Мақсаты: Балалард және ата-аналардың жылдамдық қарым-қатынас бірестіктерін жетілдіру
Ойын шарты: Лента байланған шаңырақты ортасынан әкесі көтерсе,анасы мен баласы ленталардан ұстайды
Ойын соңында барлық қатысушылармен «Тыныс алу » жаттығуы өткізіледі.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Осымен жарысымыз өз мәресіне жетті.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сайысқа қатысқан ата-аналар,балалар сіздерге көптен-көп рахмет! Жеңістеріңіз құтты болсын! Сау болыңыздар.
Өткізген:
дене шынықтыру нұсқаушысы:Б.С.Касенова
педагог-психолог: Орымбетова К.А
тәрбиешілер:Ергалиева К.Б
Серикбаева А.Ж
Күні: 14.04.2023 ж.