Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Бірлігіміз жарасқан»
(1-мамыр бірлік күніне арналған
ата-анамен бірлесіп өткізілген сайыc)
Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан!»
Мақсаты: Ата-аналармен сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы, білімдерін байқау. Отбасы – Отанынын бір бөлшегі екендігін ұғындырып. Балаларды ынтымақпен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші:
- Жиналыппыз сәтті күні бәріміз.
Үлкен-кіші жасымыз-кәрімізде,
Төрлетіңдер қадірлі қонақтарым.
Гүлгүл жайнап мына біздің төремізге.
Отбасы – бір түбірден таралған. Адамзат баласы шыр етіп, дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуыныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата-ана, тәрбиелеуші. Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ. Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірім мен құршын қандырып ана сүиінен нәр алып, әке ұлағатымен, ана тағылымын көріп өсетін ұрпақ, елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.
-Енді кезекті ортаға сайыскер отбасыларымызды шақырамыз.
Ортаға:
Қазақ ұлты – №8 «Құлыншақ» тобы
Орыс ұлты - № 1 «Сұңқар» тобы
Татар ұлты - № 3 «Бүлдіршін» тобы ( 2 участника)
Грузия ұлтты - №7 «Аққу» тобы
Өзбек ұлты – №9 «Қуырмаш» тобы
Түрік ұлты - №10 «Ботақан» тобы
Үнді ұлты - №2 «Жұлдыз» тобы (2 участника)
(музыка әуенімен отбасы реттік нөмерімен ортаға келіп тұрады) (Ата –аналар өз орындарына жайғасады)
Жүргізуші: - Келді міне сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділ-қазы әділ баға,- деп әділ-қазыларды таныстырып өтейін.
1.Бөбекжай меңгерушісі: Омарова Бақытжамал Негметовна
2.Бөбекжай психологы: Орымбетова Құралай Абжаппаровна
3. Бөбекжай логопеді Тулегенова Бахыт Казахстановна
Жүргізуші: - Бүгінгі сайысымыздың шымылдырығын №8 «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі Сатыбалдинова Меруерт «Домбыра сазы» әнімен қарсы алайық.
Ән: «Домбыра сазы»
Жүргізуші: -Алдымен сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру (костюм) «Сұрасаң менім тегім»
2. Тағам
3. Әр елдің салты басқа
Жүргізуші: - Бәйге жарыс деген соң жарысайық,
Мәреде бәрімізде табысайық.
Бұл байқауды бастау үшін,
Алдымен әулеттермен танысайық.
Дайындаған тағамды қорғап шығып
Әр елдің салты басқа деген кезеңмен
Мәліметтер туралы айтып берейік
Қатысушы отбасыларды реттік номерлерімен сайысқа қатысуға шақырамыз:
Сайыс басталады ( по очереди вызываете)
Жүргізуші:Әділқазылар алқасын кеңесуге жіберейік
Жүргізуші: - Бүгінгі сайысымызға «Ән көңілдің- ажары « деп, әнге кезек берейік. Көңілдеріміз ажарлана түссін деп бүлдіршіндеріміз достық туралы ән шырқап береді.
Ән: «Достық жыры»
Жүргізуші: - Сайысымызды қортындылау үшін, әділ-қазыларға сөз береміз
Жүргізуші: -Құрметті ата-аналар қонақтар, балалар бүгінгі
«Бірлігіміз жарасқан» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз