Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан»
Мақсаты:
Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып, сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сценарий барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты әріптестер, балалар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен балалар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Келесі кезекті қазақ өкілдеріне берейік
№ 8 «Құлыншақ» мектепалды даярлық топ балаларының орындауында
Би: «Қазақ биі»
Ән: «Достық жыры»
Жүргізуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналады.
Келесі кезекті орыс өкілдеріне берейік:
№1 «Сұңқар» ересек топбының балаларының орындауында
Ән: «Ақпыз, қара, сарымыз»
Жүргізуші:
Көші-қонның зерделенген тарихтың,
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін дей отыра
Келесі кезекті кавказ өкілдеріне берейік:
№7 «Аққу» мектепалды даярдық тобының балаларының орындауында
Ән: «Достарым»
Би: «Мой Кавказ»
Жүргізуші:
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Келесі кезекті Өзбек өкілдеріне берейік:
№9 «Қуырмаш» ересек тобының балаларының орындауында
Би: «Өзбек биі»
Жүргізуші:
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы.
Жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, украин биін тамашалауға шақырамыз
Келесі кезекті үнді өкілдеріне берейік:
№2 «Жұлдыз» мектепалды даярлық тобының балаларының орындауында
Би: «Манит мани»
Ән: «Достарым, достарым»
Жүргізуші:
Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық !
Келесі кезекті татар өкілдеріне берейік:
№3 «Бүлдіршін» ересек тобының балаларының орындауында
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» Жүргізуші:
- Осымен, бүгінгі «Достығымыз жарасқан» атты 1 мамырға арналған фестивальді аяқтаймыз.
Сау - саламат болыңыздар!