АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әкеге қарап, ұл өсер..» спорттық сайысы Дайындаған: Дене шынықтыру нұсқаушысы: Касенова Б.С. Педагог-психолог: Орымбетова К.А Музыка жетекшісі: Бейсембаева А.А

28.04.2023

                  «Әкеге қарап, ұл өсер..» спорттық сайысы

Қатысқандар: Әкелер және балалар                                                                          Тобы :    №2 «Жұлдыз», №8 «Құлыншақ» мектепалды тобы                                                              Өткізілген күні: 27.04.2023ж                                                                                     Жүргізгендер:                                                                                         

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Касенова Б.С.                                                    Педагог-психолог:  Орымбетова К.А                                                                       Музыка жетекшісі:  Бейсембаева А.А

Мақсаты: Бала тәрбиесінде әкенің алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; бала мен әке арасына  жақсы қарым-қатынас орнату.Ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беру. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
 

Көрнекілігі: Слайд, асықтар, асықты таяқшалар және бейнеролик

«Психологиялық дайындық»  шеңбері

Музыка залы безендірілген, «Әкешім»әні ойналып тұрады.

Педагог -психолог:  Сәлеметсіздер ме, құрметті әкелер!                                         Бүгінгі ұл-ертеңгі - әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ол ертеңгі ана, ол шешесіне қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие берудегі басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы , демеуші ата-ана. Олай болса, бүгінгі бөбек жайымыздағы  әкелерлерге арналған «Әкеге қарап,ұл өсер..» тақырыбындағы спорттық сайысқа қош келдіңіздер!

 1.«Есімдер аллитерациясы»  

Мақсаты: Әкелерді бір-бірімен таныстыру.

Алдыменен бір-бірімізбен  жақын танысудан бастаймыз.Өз есіміңізді,балаң- ыздың есімін атап және сол есіміңіздің бас әріпіне байланысты бойыңыздағы  жақсы қасиетті айтып бересіз.                                                                                                             Мысалы: Есімім-Мұрат, мықтымын,Ұлым- Ақжан,ақылды!

               2. Релаксация «Бала үні...»   (аудиожазба)                                                                                          Әкелер көздерін жұмып, аудио арқылы ,баланың «Әке» туралы айтқан мына сөздерін:  «Әкенің орны бір бөлек!... Себебі: олармен өткен әрбір сәт өте  көңілді, олардың құшағы сондай ыстық,оларды құшақтай бергің келеді.Олар барлық уақытта балаларын қорғайды.Олар үлкен басын кішірейтіп,баламен балаша ойнау біледі,олар сен үшін әрдайым жаңа нәрсе үйренуге дайын немесе жаңа нәрсені үйретеді.Әкелер ғана бізді басқалардан ерекше екеніміз ді сезіндіреді. Қаншалықты қолы босамай жатса да,ол сен үшін уақыт табады Олар әрқашан бізге не керек екенін біледі. Олардың қиялы ұшқыр,әкелер қандай жағдайда да,қасымыздан табылады.Міне сол үшін де олардан ажырағымыз келмейді!» -деген сөздерін тыңдайды.

                    3. «Әкемді алақанынан танимын» жаттығуы

Музыка әуені: «Ардақты әке» әні ойнайды. Балалар бір-бірлеп келеді, көздері жұмулы әкелерінің алақандарын ұстап,таниды. Осылайша әке мен бала жұп құрайды.

Музыка жетекшісі:                                                                                                            Қазір біз «Музыканттар» отбасына айналамыз.Біздің ғажайып оркестріміз асықтармен орындалады. А.Еңсепов «Қазақ күйі»

Педагог-психолог: Мінекей сайыстың да басталар сәті келді.Алдағы «Асық ату» ойынында,асықтарыңыз алшысынан түссін! Сәттілік тілейміз!

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Бүгінгі сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін. (таныстырады)

1.«Қуаныш» бөбекжайының меңгерушісі:  Омарова Бақытжамал Ныгметовна

2.Логопед: Тулегенова Бахыт Казахстановна

3. Әдіскер: Молдагалиева  Гульжан  Бирлестиковна

Сайысты бастамай тұрып,денемізді қыздырып алайық.

                  1.«Асықты таяқша және асық қолғабы» жаттығуы

Мақсаты: денелерін тік ұстап,дұрыс жүрулерін қалыптастыру. Денелерін босаңсыту

                  2. «Асықты тез тізіп шық» ойыны

Шарты: екі топқа бөлініп, дөңгелекке асықты тізеді.

Денешынықтыру нұсқаушысы: - біз біраз жаттығып алдық,келесі ойынды «Ханталапай»ойынымен жалғастырайық.

                       3.«Ханталапай» ойыны

Жүргізуші: -Құрметті қатысушылар, асықтармен  ойын алдында тағы бір дайындық жасап алайық. (асықтарды көрсетіп, таныстыру)

  Көтерейік көңілді

«Ханталапай» ойнайық

Ұтып алып асықты

 Ойымызды шыңдайық!

- Мен сіздердің орталарыңызға асықты шашамын,одан бұрын әрқайсысыңа мынадай әшекейлі дорбаларды сыйлаймын. Себебі ұтқан асықты жинап саласыздар.

«Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай!» - деп айтып, қатысушыларға қайталап айтқызып, асықтарды ортаға шашу. Балалар жарыса, «Ханталапай» деп дауыстап асықтарды таласып алады. Хан асығы қолына түскен қатысушы алғашқы болып, ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген бала асықтарды ұтып алады. Тигізе алмай қалған қалған жағдайда, ойын жүргізушінің тапсырмаларына жауап береді. Тапсырмаға бала дұрыс жауап берсе, келесі асықты атады. Екінші тигізе алмаған қатысушы өз кезегін асығы көп келесі қатысушыға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа қатысушының жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген қатысушыға беріледі. (Қойылатын сұрақтары бойынша)

1.Қазақ ұлттық ойындарын ата.

2.Төрт түлікке нелер жатады?

3.Наурыз көжеге неше тағам салынады? (саны)

4.Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін  білесің?

5. Қазақ ұлттық ертегілерін атап бер.

6.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (қой).

7.Асық ойындарының оң жатысын қалай атайды? (бүк, шік, тәйкі, алшы)

8.Егер асық төбесімен немесе екі аяғымен тік тұрса не деп атайды? (омпы)

9. Қандай мақал білесің? (білетін мақалын айтады)

10. Ұлттық тағамдарды атап бер.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай сандарымен жетістіктеріне байланысты әкелер мен балаларды  марапаттайды.

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст