АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Ел бірлігі –ең асыл қасиет» (Ойын-сауық) №9 «Қуырмаш» ересектер тобы Тәрбиешілер: Ахметжанова М.Ж Каиргельдиева А.Б 28.04.23ж

28.04.2023

Тақырыбы: «Ел бірлігі –ең асыл қасиет»

Мақсаты:Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрет.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, , сурет салу құралдары.

Шаттық шеңбер:

Арайланған таңды сүйетін кім?

-Мен

Жарқыраған даланы сүйетін кім?

-Мен

Туған жерді сүйетін кім?

-Мен

Ата-ананы сүйетін кім?

-Мен

Еліміздің болашағы кімдер?

-Біздер.

 Тәрбиеші: Жер ана бәрімізге ортақ Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Осынау кең қазақ даласындағы көптеген ұлт өкілдері татту тәтті, ынтымақта бауырластықта өмір кешуді.

Балалардың жауабы:  қазақ

-Қазақстанда қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

Балалардың жауабы:орыс, татар, түрік, өзбек, қырғыз т.б.

-Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз. Ендеше, балалар біздің  мемелекетімізде әр түрлі ұлттар бар екен.

Бәрі тату тәтті жарқыраған күн астында өмір сүреді: Олай болса Күнің көзін шуақтармен толтырайық.

Ойын: Күн

Тақпақтар:Ернар,Рания,Алина,Айлин,Әмір.

Тәрбиеші: Балалар мен қазір мақалдың басын бастаймын , ал сендер аяқтайсыңдар.

Мақал-мәтел: 1. Отансыз адам- ормасыз бұлбұл.

2. Туған жер-алтын бесік.

3. Отан отбасынан басталады.

4. Бейбіт елде береке бар.

5. Достық болмай,тірлік болмас.

6. Отан елдің анасы,ел-ердің анасы.

7. Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

Тәрбиеші: Балалар енді 2 топшаға бөлінеміз. Жарты бала жер шары турған столға,жартысы бейбіт құсы көгершін тұрған столға барады.

Шығармашылық жұмыс: 1 топ- әртүрлі ұлттығ суреттерін жер шарына орналастырды. 2 топ- бейбіт құсы көгершінді қағаздан оригами жасады.

Ән: Достық

Қорытынды: Ал енді балалар сендерге бейбіт құсы көгершін таратылды. Әрқайсыларын жақсы тілек айтып, құстарды орналастырды.

Просмотров: 143


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст