АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас ұландар» спорттық сайысы Дайындаған: дене шынықтыру нұсқаушысы Касенова Б.С

28.04.2023

 «Жас ұландар» спорттық сайысы


Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
 Өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Күннің көзі, жалаулар, ленталар, шарлар, құрсау, тыныс алуға арналған үрлеуіштер.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Дене шынықтыру ңұсқаушысы: Бүгінгі «Көңілді мәре!» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық. («Қара жорға» әуенімен балалар ортаға шығады.)
(Гимн ойналады)
 

-Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Олар «Тұлпар» және «Қыран» топтары. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
(әділ қазылар алқасы сайланады)
 

Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіз
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.
«Көңілді сайыс!»- атты жарысымызды бастаймыз.
 

Сайыс түрлері:
1. Таныстыру
2. Күннің көзін құрау
3. Шарикті шеңберден шығармай үрлеу
І тур «Таныстыру»
«Тұлпар» тобы: Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
«Қыран» тобы: Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.
 ІІ тур «Күннің көзін құрау»
Әр команда жылдам күннің көзін құрау керек. Бірінші болған команда жеңеді.
ІІІ тур «Шарикті шеңберден шығармай үрлеу»
Балалар бір – біріне қарама-қарсы жатып, шариктерді құрсаудан шығармай үрлеу керек  

ІV тур «Кім жылдам»
Жалаушалармен музыка әуенімен жылдам сап құрау керек.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, балалар!
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Жас ұландар!» атты спорттық сайысымызды қорытындылап, әділ шешімді әділ қазылардан күтеміз.
(әділ қазылардың шешімі тыңдалады)
Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Просмотров: 112


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст