АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әрқашан күн сөнбесін» 9 Мамыр мерекесіне ұйымдастырылған іс-әрекет Дайындаған: №2 «Жұлдыз» МД тобы тәрбиеші: Омирсерикова З.М

05.05.2023

Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»

Мақсаты: Балаларды 7- мамыр «Отан қорғаушы күнімен» таныстыру. 9- мамыр «Жеңіс күні» туралы әңгімелеп ой өрістерін біріктіру.  Патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отаның сүйюге, үлкендерді сыйлауға бағыт беру.

Тәрбиеші:

-Балалар қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Осы көктем мезгілінде мерекелер өте көп аталап өтеді. Сендер білетін мерекелер олар; 8-наурыз, 22-наурыз, 12-сәуір космонавтика күні, енді келесі мерекелер олар: 7- мамыр «Отан қорғаушылар немесе Батырлар күні» және 9- мамыр «Жеңіс күні».                                                          

 -Батыр деп біз кімдерді айтамыз?                                                                                        Отан қорғайтын ер азаматтарды атаймыз. Олар ұлдар, әкелеріміз, ағаларымыз жалпы ер азаматтарды атаймыз.                                                                                                                -Оларды біз неге осылай атаймыз екен? Өйткені олар біздің Отанымызды қорғайтын азаматтар. Ер адамдар арнайы әскери қатарына барып, көптеген керекті білімдерін алады. Осы әскери қатарда оларды қару жарақтарды қалай қолдану керектігін, қандайда қиыншылықтарға төзіп, шыдамдылыққа тәрбиелейді, олар онда ауыр техникаларына отырып олар: танкілер, ұшақтар, кемелер, неше түрлі көліктерге отырып үйренеді сол себептен ер азаматтарды «Отан қорғаушылар»  деп атайды. Осы мереке  тек қана ұлдардың мерекесі болып келеді.                                                                                     Келесі басты негізгі мереке ол 9- мамыр «Жеңіс күні» бұл мерекені барлық елдерде аталып тойланады.                                                                                                 -Неге жеңіс күні деп аталады? Екенің мен сендерге түсінідіріп өтейін. Көптеген жылдар бұрын Кеңес Одағы деген ұлкен ел болған. Сол елге бізде бағынғанбыз. Мінекей көп жылдар бұрын 1941-1945 ж неміс фашистері Кеңестер Одағына жеріне шабул жасап, біздің елімізді, жерімізді тартып алғысы келді. Сөйтіп Ұлы Отан соғысы басталды. Елін, жерін, отбасын қорғаймыз деп барлық адамдар қолдарына қару алып фашистерге қарсы тұрды. Осы отты жалын қарсыластық ешкімді аяған жоқ, оның ішінде қарт аталар, әжелер, өздерін сияқты кішкентай балаларда еңбек етіп, көп қиыншылық жолдарынан өтті. Сөғыз басталысымен жыл бойы ұздіксіз фашист ұшақтары танкілері бомба лақтырып көптеген үйлерді қиратты. Ал танкілері болса қалаларға кіріп барлығын тапайттап тастады. Осы отты шайқас ешкімге оңайлықпен болған жоқ. Барлық адамдар күні-түні тамақтарын дұрыс ішпей аш жүріп еңбектенді, жұмыс істеп «Барлығы майданға-барлығы соғыс үшін» деген ұранмен аянбай еңбек етті.

Ойын «таяқшаларды анықта»  Отты майданға біздің Қазақстаннан шыққан батырлар өте көп. Қазақстан батырларының бірі-Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы –Бауыржан Момышұлы. Одан кейінгі қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры  Мәлік Ғабдуллин, М. Мәметова пулемётшы, Әлия Молдағұлова мергенші, Рақымжан Қошқарбаев ең алғашқы болып Рейхстагқа жеңіс туын тіккен орнатқан. Ресейлік И.Панфилов.,Г.К. Жуков (Маршал) т.б. Осы батыр ағаларымыздың есімдерімен адамдар балаларына есімдерін беріп атаған, ағаларымыз сияқты батыр мықты болсын деп.                                                                                                                                     Енді келесі суреттерді слайд арқылы көрейік . Балалар осы слайдта біз Ұлы Отан соғысының батырларын көріп тамашаладық, еліміз мәнгі есте сақтап барша соғыс ардагерлерін 9-мамыр мерекесі мен құттықтап оларды әрдайым марапаттап отырады. Осы ардагерлерімізді еңбегтері ешқашанда елімізде ұмытылмас етіп сақталды. Осындай батырларымызға арнап көшелердің аттары берілді, оларға арнайы ескерткіштерде орнатылды. Адамдарда балаларына осы «Батыр» аға-апалардын есімдерін қойады, солар сияқты  батыр, каһарман болсын деп. 9-мамыр күні ең алдымен ардагерлерді құттықтаудан басталады, мәңгілік от алауына гүл шоқтары қойылып тағзым етеді, сыйлықтар таратылып, концерт ұйымдастырылады, парадтарға шығады, кешкісі от шашумен аяқталады. Біздің қаламыздада мәңгілік от аланы бар, сол жерге әрдайым мерекелерде гүл шоқтарын қойып фотоға түсін, қала тұрғындары ризашылығын білдіреді. Біздер мен сіздер әрдайым ардагерлерді силап мақтан етіп жүру керекпіз. Өйткені осындай әдемі, тыныш өмір силап отырған соғыс ардагерлерінің арқасында. Ал енді бізде балалар гүл шоқтарымызды мәңгілік от аланына қойып, 1-минутты тыныштықты сақтап тағзым етейік. Мінекей балалар, осындай отты жалында өздерінің өмірлерін қиып, өмірден кеткен жауынгерлеріміз өте көп. Көбі отты майданда,  соғыс уақытында анасынан айырылып, кейбіреулері әкесінен, баласынан айырылды. Осындай ала-сапыран соғыста тек қана бірліктін арқасында, батылдықтын арқасында, патриоттық сезімнің арқасында  жеңіске жетіп біз бақытты өмір сүріп жатырмыз.                                                                                                         Сендер  балалар, Ұлы Соғыс ардагерлерін көшеде қалай тануға болады, өйткені олардын омырауларында мынадай медальдермен ордендары тағылып, түйренген. (Ордендермен, медальдер көрсетіліп, қолдарына ұстап көруге беріледі).                                                                                                                         -Мінекей балалар, сендер бүгін Ұлы Отан соғысы туралы білдіндер. 9-Мамыр жеңіс күні туралы ойларынды толықтырдындар.                                                                Ал енді еліміз, Отанымыз қандай болу керек деп ойлайсындар?  Балалар бейбітшілік құсы деп көгершіндерді атайды. Оларды да біз қорғау керекпіз.                                                    Олай болса біз қазір сіздермен бейбітшілік құсы Көгершіндерді саламыз. Балалар суреттерін салады

Тәрбиеші тақырыптық сабақты аяқтап қортынды жасайды.

-Балалар біз бүгін қандай мерекелер туралы айтып өттік? (7және 9 мамыр).

- 7-мамыр кімдердің мерекесі?(аға, әке, ұлдар)

-9- мамырда біз кімдерді құттықтаймыз? (соғыс ардагерлерін)

-Батырларға нелер орнатылған? (ескерткіштер)

-Олардың есімдерімен нелер аталған? (көшелер)

Жақсы балалар, бізде осы сабағымызды от шашу мен аяқтаймыз, сендерге көп рахмет.Сендер де әрдайым Отанымыздың адал азаматтары болыңыздар! Отанымыз тыныш болсын!- деп тілегімді білдіремін. Рахмет сендерге.

            

Просмотров: 174


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст