Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Қуаныш» бөбекжайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеуге арналған іс-шаралар белсенді өтуде, оған бөбекжай тәрбиеленушілері қатысты. Олар 1941-1945 жылдар аралығында болған оқиғалармен танысады. Бір минут үнсіздікпен қаза тапқан батырларға алғыс айтытты. Педагогтар жас ұрпаққа күннің маңыздылығын түсіндірді, ел үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу үшін батылдық туралы айтты. Ересек және мектепалды даярлық топтардың тәрбиеленушілері педагогтармен бірге халық өміріндегі осы маңызды күнді еске алып, Ұлы Отан соғысында өз өмірін қиған барлық адамдарға тағзым етіп, «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды. Тәрбиешінің, қаза тапқан жауынгерлер туралы әңгімесі, бірде-бір баланы бей-жай қалдырмады, әр баланың жанына әсер етті.
Батырларға мәңгілік естелік!