Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы: «Ертегі желісінде білім әлемі»
Мақсаты:Балаларды сюжетті желілі рөлдік ойындарды ойнату арқылы тілдерін дамыту,байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.Әр кейіпкердің рөлін шынайы салып ойнау.Кейіпкерлердің қойған тапсырмаларын орындап беру.Өмір қауыпсіздік ережелерін сақтау.Әдептілікке,сыпайы болуға ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Слайд, қиылған суреттер,ермексаз, түрлі-түсті бояулар,салфетки,желім,мамықтар,тақтайшалар.
Шаттық шеңбер:
Балалар суреттер таңдау арқылы амандасу.
Слайд арқылы суреттерден қандай ертегі екенін айту.(Бауырсақ,Шалқан,Қасқыр мен жеті лақ,Үйшекей,Қызыл телпек,Мақта қыз бен мысық) Олай болса Мақтағыз бен мысық ертегісін бастайық.
Автор:Ерте,ерте ,ертеде Мақтағыз деген қыз болыпты.Бір күні Мақтағыз үй жинап ,сыпырып жүріп мейіз тауып алады.Мысығын шақырады.Мысығым,мысығым келші.Мысығы келмейді.Мақтағыз мейізді жеп қояды. Сосын мысығы келеді.Мысық: Мені неге шақырдың айтпаймын айтпасаң онда мен сенің қатығыңды төгемін деп төгіп тастайды.Мақтағыз онда мен сенің құйрығыңды кесіп аламын деп кесіп алады.Мысық ;құйрығымды қайтар дейді.Мақтағыз қаттығымды қайтарсаң құйрығымды беремін деді.Мысық не істерін білмей отырғанда сиырды көреді. Сиырға барады сиыр,сиыр сүт берші дейді:Сиыр сен менің тапсырмаларымды орындап , маған жапырақ әкеліп берсең. Сүт беремін –дейді
1.Сиыр топшасына сұрақтар қойылады.
1.Бір жылда неше мезгіл бар?
2.Қазір жылдың қандай мезгілі?
3.Көктем мезгілінде неше ай бар? Айларын атап бер?
4.Жануарлар нешеге бөлінеді? Үй жануарларын ата?
5.Сүттен жасалатын тағамдар атап бер?
Автор:Мысық енді ағашқа барады.Ағаш,ағаш маған жапырақ берші дейді.Менің тапсырмамды орындасаң жапырақ беремін дейді.
2.Ағаш топшасының тапсырмасы:
1.Бірден онға дейін тура және кері сана.? Көп-аз,үстінде-астында,алыс –жақын,оң-сол,жуан-жіңішке,үлкен-кішкентай,ауыр-жеңіл,ұзын-қысқа,алдына-артына.
2.Бір аптада неше күн бар?Аптаның нешінші күні?
3.Бір тәулікте неше кезең бар? Таңертен,түс,кеш,түн.е 4.Геометриялық пішіндер, түстер атап бер?
5.Логикалық сұрақтар (Бағдаршамда неше түсі бар? Мысықта неше құлағы бар?Сиырда неше аяғы бар?Машинада неше дөңгелегі бар? Адамда неше қолы бар?)
3.Қыздар топшасының тапсырмасы:
Мысық: Қыздар,қыздар су беріңдерші дейді.Қыздар айтады біздің тапсырмамызды орындап сағыз әкеліп берсең су береміз дейді.
1.Су туралы не білесің?
2.Судың түсі,судың дәмі, судың түсін өзгерту.(эксперимент)
Мысық:Дүкенші,дүкенші сағыз берші.Дүкенші менің тапсырмамды орындап ,жұмыртқа әкеліп берсең ,сағыз беремін дейді.
4.Дүкенші топшаларының тапсырмасы:
1.Мамандықтарды атап және қандай жұмыс атқарады.
Мысық:Тауық,тауық маған жұмыртқа берші .Тауық сен менің тапсырмамды орындасаң мен саған жұмыртқа беремін дейді.
5.Тауықтар топшасының тапсырмасы:
Шығармашылық сурет салу,мүсіндеу.
Сурет салу:Табиғат
Мүсіндеу: Балапандар:
Жапсыру:Тауық
6.Тышқан топшасының тапсырмалары:
Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Әр-түрлі жаңғақтарды араластырып шашылады. Сол жаңғақтарды әр ыдысқа салып жинау.
Автор: тышқан жем береді мысыққа,жемді тауыққа береді тауық жұмыртқа береді,жұмыртқаны дүкеншіге береді дүкенші сағыз береді,сағызды қызқдарға береді қыздар су береді,суды ағашқа береді ағаш жапырақ береді.Жапырақты сиырға береді сиыр сүт береді .Сүтті Мақтағызға апарып береді.Мақтағыз құйрығын қайтарып береді.Сонымен екеуі дос болып қалады.Достарын шақырып көңілді би билеп береді.
Музыка : Би : «Көңілді аңдар»
Мақтақыз бен мысық ертегісінде.
Мақтақыз рөлінде ойнаған-А Адия
Мысық рөлінде ойнаған –Рания
Сиыр рөлінде ойнаған-Алина
Ағаш рөлінде ойнаған-Әмір
Қыздар рөлінде ойнаған-Жанайым,Адия Б
Дүкенші рөлінде ойнаған-Адэля
Тауық рөлінде ойнаған-Айым
Тышқан рөлінде ойнаған-Ернар
Қортынды:Балаларды мақтау,мадақтау.Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.