Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын,
қиялын дамыту, үй жануарларының дыбысын ажырата білу.
Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреттері, көрініске керекті құралдар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу.
Ролдерде : Қоян: Умутжан Егинбаевна
Автор: Маржан Шаркановна.
Шалқан: Айбарыс
Атай: Айсұлтан
Әжей: Райяна
Немере қызы: Альфия
Ит: Арлан
Мысық: Зарина
Тышқан: Али
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты
Күн сәулесін таратты
Қайырлы таң, қайырлы күн
Ертегінің барысы:
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.
Есік қағылады. Ішке қоян келеді. Балалар қоянмен амандасады.
Қоян: Мен «Ботақан» тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп естідім, жолда келе жатып, «Сиқырлы дорба» тауып алдым.
Тәрбиеші: Сиқырлы дорбаның ішін ашады. Сиқырлы дорбадан біздер оқыған ертегінің суреті шығады. Сурет бойынша ертегіні еске түсіру.«Бауырсақ» ертегісі екен.
Сергіту сәті: Теледидар арқылы
Тәрбиеші: Сурет арқылы балаларға «Шалқан» ертегісінің мазмұнымен түсіндіру.
Осы «Шалқан» ертегісін «Ботақан» ортаңғы тобының балаларының сахналағанын көріп - тамашалауды ұсынамын.
«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: - Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным, мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады. (1 - сурет)
Әже: Мен көмекке келдім.
Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.
Әже: - Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды шақырайық.
Автор: Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
Қызы: - Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
Мысық: - Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады. (2, 3 - сурет)
Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі дәмді тағамнан ауыз тиеді. Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:
Тышқан: - Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса, мені шақырыңдар. Мен шалқанды өте жақсы көремін.
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер «Шалқан» ертегісінің көрінісін қойыңдар. Сендерге қоян дән риза болды. Өзі сендерге арнап сыйлық әкеліпті. Қоян балаларға сыйлйқтарын таратады.
Тәрбиеші: Балалар бізде рахметімізді айтып,қоянды шығарып салайық. Балаларды мадақтау.