Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Мақтақыз бен мысық» ертегісі
Күні:23.05.23ж
Тәрбиешілір: Серикова А.Ж Бексеитова Р.Г.
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, өз өнеріне деген құрмет.
Балалардың еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инее ағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары.
Кейіпкерлер: Мысық- Эмир.
Мақта қыз- Жамиля
Сиыр- С.Даяна
Ағаш- Айсултан
Қыздар- Айлана,Саида,София
Тауықтар- Нурали,Айсулу,Рахим
Тышқан- Көзайым.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, қонақтармен сәлемдесейікші:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Балалар жылы лебізбен көңіл күймен апайларға амандасады.
Бір жылда неше мезгіл бар? – Төрт мезгіл. (күз, қыс, көктем, жаз).
Жылдың қазір қай мезгілі? – Көктем мезгілі
Көктем мезгілі неше айға бөлінеді? – Үш айға. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қазір қандай ай? –Мамыр айы
Көктем мергілінің ерекшеліктері қандай?
Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Баяғыда Мақта қыз болыпты.
Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді.
Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң.
Мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды.
Мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық: – Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз: – Менің қатығымды төле! –дейді.
Мысық сиырға барады. – Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
Мысық:–Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.
Мысық дүкенге барады. – Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші: – Маған жұмыртқа бер! – дейді.
Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар: –Бізге дән әкеліп берсең, бізсаған жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.
Мысық тышқанды бас салады. – Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.
Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді. Сөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
Күтілетін нәтеже: Ертегінің мазмұның түсіне отырып,рөлге бөліп ойнайды.Бір-біріне қамқор болуды,достарына көмектесіп,қолындағысын бөліп бірге жеу керектігін түсінеді.Әрбір кейіпкердің рөлін ойнап отырып,қимыл арқылы көрсете алады.
Ертегі бітірген соң балалар шығармашылық ортаға барады.