АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөбекжаймен қоштасу кеші-№8 "Құлыншақ" мектепалды даярлық тобы. Тәрбиешілер: Шарипова К.К., Кабдушева Ж.Б.

25.05.2023

Бөбекжаймен қоштасу кеші.

 

Дауыс: Толқимыз толқып тұрсыз, баршаңызда

Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда

Қол соғып, қошеметпен шақырайық

Балдырған бүлдіршін түлектері

Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді

Барлығы:     Жақсылыққа құмармыз,

                        Жақсы адам боп шығамыз

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)

Аружан:

Құрметті қонақтар армысыздар

Бәріңізде есен-аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманың

Ал, достарым, ақ жол тілеп, сөз бастағын

Амели:

Ақ тілекті ағытып бір бастайық

Қоштасатын кешімізді біз бастайық

Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз

( Екі тәрбеші ән айтып шығады)

Ән: «Тәрбиеші апай»(Меруерт,Амина.)

Казизовна-Тәрбиеші: Қымбатты ата-аналар, бөбекжай қызметкері, қонақтар, бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп,тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл де үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!!! Кәнекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметпен бір қол соғып қояйық.

Тәрбиеші: Жайнагуль.Б

 Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып, би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел  шапалақтап қарсы алады.

Вальс: «Бақшамен қоштасу»

Ән: «Бәрін білгім келеді».

Казизовна-Тәрбиеші: Мектеп ана шақырады бізді алдан

Алдымызда талай сан арман,

Қоштассақ та балабақша сенімен

Санамызда өзің берген өнегең-дей отырып балалардың орындауында өлең жолдарын қарсы алыңыздар.

Айлана  

Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз. тақпақ айтуға Мансурды   шақырамын

 

 

Мансур

Біз балауса баламыз,

Жетелеп ой санамыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Мектепке енді барамыз тақпақ айтуға Айғанымды   шақырамын

Айғаным  

Қош бол балабақшамыз

Қимай кетіп барамыз.

Бал күндерді қиялдап,

Сағынармыз әлі біз. тақпақ айтуға Нұрдосты шақырамын

Нұрдос

Оқимыз, білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз тақпақ айтуға Қасымды шақырамын

Қасым 

Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз.

Ән: «Оқуда озат боламын».

Ортаға «Дара» келеді ()

Дара: Балалар сәлеметпе! Мен сендерге ақ жол тілегім келіп, сендердің мерекелеріне құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарында ақылды,саналы білімдісіңдер, мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым, боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр, келісесіңдер ме?

Сол кезде велосипедпен Боти келеді  ()

Боти: Ой мында не болып жатыр, кеттік балалар ойнауға, не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр, кеттік.

Тәрбиеші: Жайнагуль.Б: Ау Боти, сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасын ғой, қарашы мына Дара қандайқыз  болғанын, сенде талпынуың керек емеспе?

Боти: Ой, мына Дара мұнда не істеп тұр, бар өзіңнің мектебіне,балалар менің досым болады,біз мектепке бармаймыз, аналарымыз, әжелеріміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.

Казизовна-Тәрбиеші: Қой Боти, біздің балалар мектепке әзір, бүгін бөбекжайымен қоштасып жатыр, сен анаңнан қалмай жылап бөбекжайға келмей жүргенде,біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, кәне отыршы, көресің

Дара : Апай, мен балалармен  ойын ойнап көрейінші, балалар мектепке дайын ба.

Ән: «Біз мектепке барамыз»

Ойын: «Кім жылдам сөз айтады»

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

Байбатыровна- Тәрбиеші: Ал Боти, қалай екен біздің балалар?

Боти: Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр:

«Ия,ия», «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық

  1. Мектепке біз барамыз ба?
  2. Кілең бестік аламыз ба?
  3. Айтқан тілді аламыз ба?
  4. Ақылды бала боламыз ба?
  5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
  6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
  7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
  8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
  9. Екі алғанға жылаймыз ба?
  10. Оқушы біз боламыз ба?

Боти: Ой балалар, апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой , бармаңдар мектепке не керек?

Казизовна-Тәрбиеші:

Олай болса ата-аналармен де «Ия,ия», «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.

  1. Балаңызға әрқашан  тірексіз ба?
  2. Сабақ оқып,есепке сіз жүйрік сіз ба?
  3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
  4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
  5. Сериал көріп жатасызба?
  6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
  7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
  8. Сен оқыт, мен оқыт,шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
  9. Балаңыз  үшін балаларды соғасыз ба?
  10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Ән: «Еркемай» Қыздар квартеті

Байбатыровна- Тәрбиеші:

Рахмет көп-көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «Рюкзаки»

Казизовна- Тәрбиеші: Балалар, біз мектепке не үшін барамыз?

1 Бала:  - оқып, білім алу үшін

2 Бала:  - Еліме еңбек ету үшін

3 Бала: Білімді азамат болу үшін

4 Бала: Ер жетіп, отанымды қорғау үшін

Байбатыровна- Тәрбиеші: Талаптарына нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, сендер бөбекжайдың табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.

Ән: Қыздардың орындауында «Тілашар»

Дара :

Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Боти сенде ойна.

Ойын «Тез тұратын сандар»

Шарты: Балаларға бірден 10-ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

Боти: Білгіштік сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добымнан қызық ойын екен, менде үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.

Казизовна-Тәрбиеші: Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой. Біздіңде балалардың саған дайындаған бір көріністері бар, кәне сенде отырып тамашала.

Көрініс «Портфель»

Портфельдің суреті салынған үйшік

Жүргізуші- (Амина):

Биік те емес, аласа

Бір портфель тұр жараса

Қызыққандар кіре алмай

Сыртында жүр таласа

Сонда бұны кім алған,

Ішіне оның не салған

Құлпын ашып көрейік

Нелер барын білейік

Тук, тук, тук

Кіруге бола ма?

Әлде біреу тұра ма?

Әрине ешкім тұрмайды

Тұрса үнсіз болмайды.

Әне пенал келеді

Мүмкін пенал кіреді.

 

Пенал-Меруерт:

Түсім бе, әлде өңім бе?

Жай портфель емес тегінде

Болса болар тек қана

Ертегілер елінде

Жақынырақ барайын

Ішіне көз салайын

Кім тұрады бұл жерде

Жайын біліп алайын

Тук, тук, тук

Болар ма екен кіруге?

Кім тұрарынбілуге

Жауапсыз қалды сұрағым

Онда өзім тұрамын

(Ішіне кіріп кетеді)

Жүргізуші- Амели: Енді әліппе келеді

Портфельді олда көреді.

Әліппе-Алинур:

Ашық екен есігі

Ішіне жайлап кірейін

Кімдер барын білейін

Жақсы достар болса егер

Бірге өмір сүрейін

Жүргізуші-Ханшайым:

Есікті ашып осы сәт

Пенал шықты ақылды

Әліппені өзімен

Бір тұруға шақырды

Пенал-Меруерт:

Кір әліппе бас қосайық

Бірге тұрып достасайық.

Жүргізуші- Нұрдос :

Жүгіріп дәптер келді де

Кіргісі келіп ішіне

Қарайды олда телміре

Дәптер-Дилара:

Жазу жазар болса кім

Онда менде керекпін

Кіргізіңдер мені де

Бір тұрайық демекпін

 

Жүргізуші-Амели:

Әліппеде жөн көрген

Адал досты

Қатарына дәптерді

Жедел қосты

Әліппе-Алинур:

Кел дәптерім келіңіз

Портфеліме кіріңіз

Оқушы үшін әрқашан

Керекпін деп жүріңіз

Жүргізуші-Зере:

Түрлендірген бір-бірін

Достарды күтіп алыңдар

Келіп жетті жүгіріп

Тірлі-түсті қаламдар.

Пайда болды «4»-ікте

Көп ұзамай «5»-тік те

Айтып жатты жарасып

Өз ойларын естірте.

Ясмина:

«5»-тік: Оқушының бәрі де

Мені жақсы көреді

Портфельдің дәл төрінен

Маған орын береді.

«4»-тік: Ахмет

Жақсы оқитын балалар

«4»-пен «5»-ті алады

Ұқыпты, өзі ынталы

Тәрбиелі болады.

Қызыл қалам-Аиша:

Әрине, әрине

Керексіңдер бәріңде

Көңіл сиса сиямыз

Тар болса да ұямыз

Көк қалам-Дария:

Тәртібінен сабақтан

«4», «5» алып жарыссын

Кіріңдер жақсы бағалар Оқушылар танысын.

Жүргізуші-Аиша :

Міне осылай портфельдің

Лезде іші толып кетті

Арттарынан жүгіріп

«2»-лік пен «1» де жетті

 

«2»-лік-Ассадуллах:

Портфелім мені қалдырмай

Кіргізіп ал ішіне

Жалқауларға жайлымын

Жалынбаймын үшіне

Жалқауларды жалдап алам

Аңқауларды алдап алам

Көшпей қалса сыныптан

Досым үшін менде қалам

Жүргізуші-Аружан:

Сұрланып босағадан

Пенал шықты

Ұрысып «2»-ні

Жерге тықты

Пенал-Меруерт:

Достарымыз «4» пен «5»

Кетіңдер бірге жолама!

Жүргізуші-Амели:

Кіргізбей «1» мен «2»-ні

Сарт етіп есік жабылды

Сыйқырланып портфель

 Пішіндерін өзгертіп

Иесін енді іздеді

Оқушы екен иесі

Міне өзі табылды

(оқушы қыз жүгіріп шығады)

 

Оқушы қыз-Зере:

Мен іздеген портфель

Іздеп жүрсем алыстан

Шыға келдім алдымнан

Ант беремін, уәде айтып

Жақсы оқушы боламын

Кілең бестік аламын

Тәрбиелі, үлгілі

Қазақстан азаматы боламын

 Байбатыровна- Тәрбиеші:

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз деп енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айым

Орын берген бақшадан,

Меңгеруші – жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін,

Артық өзі басқадан

Жеткіземіз біз ертең,

Болашаққа даңқынды

Меңгеруші апайым

Бақытжамал Ныметовнаға

Бар баланың алғысы.

Гүлдендірген бақшаны

Меңгеруші апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан.

 

Аянат

Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымыға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын – Гульжан Бірлестіковнаға,Жанар Айбасовнаға  көп рахмет.

 

 

Әлім

Жазу жазып үйретке

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйретке

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Кульзипа Казизовна, Жайнагуль Байбатыровнаға

Айтамыз біз мың алғыс.

 

 

Әлихан

Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған

Раушан апайға көп рахмет.

 

Ән: «Қоштасу әні»

Казизовна-Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!

Тәрбиеші: «Оркестр»

Байбатыровна-Тәрбиеші:

Тәрбиеші: Бір ата,бір ананың тірегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам.

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып құттықтау сөзді бөбекжайымыздың  меңгерушісі Бақытжамал Ныметовнаға береміз.

 

                           

 

Просмотров: 693


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст