АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош бол, бөбекжайымыз!», №7 "Аққу" мектепалды даярлық топ. Тәрбиеші: Калауова Г.С.

31.05.2023

«Қош бол, бөбекжайымыз!»

 

Фариза:

Құрметті қонақтар армысыздар!

Бәріңізде есен – аман бармысыздар? 

Таусылмайтын ағып ой арманың

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын.

Шынтас :

Ақ тілекті  ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.

Жүздерінен көркем шаттық арайлы,

Болсын солай әрбір күннің, әр айың

Жүргізуші:Ал ендеше , бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.

Балалар  «Бақшамызға мың алғыс»әнімен би билеп  шығады.

Жүргізуші:

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл – ойларың

Қуанышы бүгінгі,

Құтты болсын тойларың!

Жүргізуші:

Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып би де билеп жан салады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән. «Біз мектепке барамыз!»

Жүргізуші:

-Балалар бізге «Балабақшамен қоштасуға» қонақтар келе жатыр екен.Қарсы алайық.

Әліппе мен  Сөмке келеді.

Сөмке:Салем. Салем балалар!

Әліппе :Сәлеметсіңдерме балалар!

Жүргізуші:Ой қандай керемет,бізге қонаққа кімдер келді?

Сөмке:Мен кіммін,балалар?

Әліппе:Ал мен кіммін?

Жүргізуші:Қош келдіңдер Әліппе, сөмке!

Сөмке:балалар мен сендермен бірге мектепке баратын сөмкелерің боламын.Өзіммен бірге Әліппе досымды ерте келдім.

-Мектепке дайынсыңдар ма?

-ал ендеше мен сөмкемнің ішінен бағаларымды алайын.Сендер мектепке барғанда білімдерің бағаланатын болады.

-Мынау қандай баға? 5

5 деген баға балалар өте жақсы.Мен 5-пен оқитын балалармен дос боламын.

-Мынау ше? 4

4-те жаман баға емес,бұл да жақсы баға.

-Ал мынау ше? 3-нашарлау.

-Ал мынау ше?2- мен оқыған балалармен мен дос болмаймын.Біз мектепке барғанда қандай бағамен оқитын болдық?

-Жарайсыңдар! Сендер 5-ке дейінгі сандарды өте жақсы біледі екенсіңдер.Қазір мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Ойнайсыңдар ма? Тамаша

Ойын «Кім жылдам  орнын табады?»

Шарты:Бұл жерде 5-тен жоғарғы сандар, осы сандарды әуеннің ырғағымен билеп рет-ретімен қоюымыз керек.

Сөмке:Балалар сендер өте білімді екенсіңдер.мектепке дайын екен.

-Ал енді келесі кезекті Әліппе досыма берейін.

Әліппе:Балалар сендер білесіңдер ме Әліппеде қанша әріп бар?

Ол қанша дыбысқа бөлінеді?

Дауысты дыбыс қандай түспен белгіленеді? Дауыссыз дыбыс ше? Жарайсыңдар !

Бәрін біледі екенсіңдер,олай болса мен сендерге әріптерімді ала келдім.

Ойын: «Кім жылдам ?»

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптерді алып  тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

Сөмке олай болса сендер мектепке дайын екенсіңдер.Енді көңілдерімізді көтеру үшін билеп алайық.

Би : «Вальс»

Әліппе:Мектепке енді барыңдар

              Үлгілі бала болыңдар

            Жақсы оқып сабақты

            Тек қана бестік алыңдар

Келесі мектепте кездескенше сау болыңдар,балалар!Жолдарың ашық болсын!

2-тәрбиеші: Көріп  тұрып  түлектерді  қаншама,

Жақсы  тілек  білдірейін  баршаңа

Өрендерім  тақпақ  айтып,

Өнерлерін  салсын  бүгін  ортаға

Келесі  кезекті тағы да түлектеріміздің тақпақтарына берейік.

Тақпақтар

Асанали:Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын табамыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Шоқан:Жетелеп ой санамыз, мектепке енді барамыз.

Қощ бол, балабақшамыз,

Қимай кетіп барамыз.

Бал күндерді қилдап

Сағынармыз әлі біз.

Рауан:Алты жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата – ананы

Мектепке кетіп барамыз.

Мансұр:Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз.

Тәрбиеші:

Мерекеде  сызылтып  ән  салады

Ән  айтып  би  де  билеп  жан  салады

Бұл  ұлы  мерекеде  ән  салғанда

Бүкіл ел  шапалақтап  қарсы алады.

Ән:«Оқуда озат боламын»

Ойын: «Ия,ия», «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық

  1. Мектепке біз барамыз ба?
  2. Кілең бестік аламыз ба?
  3. Айтқан тілді аламыз ба?
  4. Ақылды бала боламыз ба?
  5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
  6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
  7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
  8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
  9. Екі алғанға жылаймыз ба?
  10. Оқушы біз боламыз ба?

Тәрбиеші: Олай болса ата-аналармен де «Ия,ия», «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.

  1. Балаңызға әрқашан  тірексіз ба?
  2. Сабақ оқып,есепке сіз жүйрік сіз ба?
  3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
  4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
  5. Сериал көріп жатасызба?
  6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
  7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
  8. Сен оқыт, мен оқыт,шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
  9. Балаңыз  үшін балаларды соғасыз ба?
  10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Би: «Жаяу»

2-тәрбиеші:

Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып,

Біріншіге барамыз, - деп енді балаларымыз  балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.

ӘН: «Тәрбиеші»

Тақпақтар:

Аян:

Гүлдендірген бақшаны,

Меңгеруші апай жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін,

Артықсыз сіз басқадан.

(Сағила Баймырзақызына) мың алгыс!( бірге )

Кәусар:

Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап.

Тобымызға жиі кеп,

Білгеніңді сұрайтын,

Ақылын да  айтатын (әдіскерлеріміз Жанар Айбасовна мен Гү.лжан Бирлесовнаға ) көп рахмет! (бірге )

Нұрай:

Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбігер

Қамқоршымыз дәрігер,

Дәрігер апайларға мың рахмет! бірге )

Раяна:

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді оқытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Қате болсақ кешірген.

Тәрбиеші апайларға Гүлнұр Сайлаубековнаға, Айтамыз біз мың алғыс! бірге )

Зейнеп:

Біз баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызған,

Басымыздан сипаған

Айнұр  апаға көп рахмет!(бірге )

Оркестр: «Балабақшамен қоштасу»

1 – тәрбиеші.

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!

Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей түлектерімізге тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қояйық. Сөз кезегін

   Балабабақша меңгерушісі: - Бақытжамал Нығметқызына береміз.

   2- тәрбиеші:
Құрметті  балалар,жарқын  жүзді  ата-аналарым.
Сіздермен  қоштасатын  сәт  келді.
Сіздерге  ақ   жол  сәт-сапар  тілеймін!!!
Ән: «Қоштасу әні»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 107


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст