Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Қош бол, балабақшамыз!
«Өтті қызық көп күндер!»
(ертеңгілік)
№2 «Жұлдыз» МД-тобы
Тәрбиешілер: Омирсерикова З. М.
Зкрина У. Е.
Мақсаты: Мерекені сезіндіру.
Білімділігі: Балалардың мектепке, білімге деген қызығушулықтарын оятып, сүйіспеншілігін, ынтасын талабын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, сыйластыққа , ұйымшылдыққа, сүйіспеншілікке,әдемілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Омирсерикова З. М.
Білгішбек: Ұлдана практикант
Жалқаубек: Зкрина У. Е.
1-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар бүгінгі «Жұлдыз» тобында өткізіліп отырған "Қош бол, балабақшам" атты мерекемізге қош келдіңіздер.
2-:
Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп отырайық,
Бүлдіршіндер түлектерді қарсы алыңыздар
Балалар екі-екіден музыка әуенімен ортаға шығып өздерін таныстырып өтеді.
-Ән: «Оқуда озат боламын»
1.Едіге: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен-аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастайын
2.Расул:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күннің әр айы.
3.Аймира:
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен күн бүгін!
4. Тамерлан:
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Едік аппақ нәресте
Көп-көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде.
5. Тамила:
Ботақаным бөбек деп,
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз,
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз
6. Аяжан:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансың
7. Әділет:
Балабақша базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақта,
Өз үйіміз сияқты.
8. Чингиз:
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Ұл-қыздарды көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп,
Би билесін шаттана.
Қыздарды көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп,
Би билесін шаттана.
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып, би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
-Ән: «Тілашар» Би: «Қазақ биі»
1-Айғаным:
Тәрбиеші, ата-ана,
Сеніммен үміт артады.
Бөбектері есейіп,
Мектепке енді барады- дей отырып ортаға балаларымыздың тақпақ айтуын жалғастырамыз.
9. Малика:
Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгі бала боламыз
Жүретіндей мақтана
Біз балауса баламыз
10.Ақнұр:
Жетелеп ойсанамыз,
Мектепке енді барамыз
Қош бол, балабақшамыз,
Қимай кетіп барамыз
Бал күндерді қиялдап
Сағынармыз әлі біз
11. Алижан:
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мен мектепке барамын,
Балабақшам қош енді.
Алты жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз
13. Идель:
Тану үшін бабаңды
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп керек адамға!
Тану үшін адамды
Тану үшін жаманды
Тану үшін заманды
Мектеп керек адамға!
14. Ева:
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
15. Ислам:
Әдепті болсаң жасыңнан
Көпті сыйлай білесің
Мейіріміне бөленіп
Бақытты өмір сүресің
Жалқау болсаң жасыңнан
Қырсық кетпес басыңнан
Айналдырып кесір де,
Шықпай қояр қасыңнан
16. Амина:
Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапті да оқимыз
Суретті де саламыз
Үлкендердей тап-таза жазамыз
Бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана
17. Асылхан:
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып өссекте
Бақшаны қимаймыз
2-жүргізуші: Келесі кезекті балалардың орындауында
-Ән: «Қош бол балабақшамыз»
Ортаға музыка әуенімен "Білгішбек" келеді.
Білгішбек: Балалар сәлеметсіңдер ме? Мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын деп айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым боласыңдар, бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?
Жалқаубек музыка әуенімен келеді.
Жалқаубек: Ой, мында не болып жатыр. Кеттік балалар, ойнауға. Не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік.
Білгішбек: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой.Қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емеспе?
Жалқаубек: Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз, әжелеріміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.
Білгішбек: Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр.Сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, кәне отыршы көресін.
Балалар қане бәріміз «ия», «жоқ» ойынын ойнап көрейікші.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
4. Таңертен ерте тұрамыз ба?
5. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
6. Айтқан тілді аламыз ба?
7. Ақылды бала боламыз ба?
8. кәмпит әпер деп сұраймыз ба?
9. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
11. Екі алғанда жылаймыз ба?
Жалқаубек:
Ендеше мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Балалар сендер барлық әріптерді тани аласыңдар ма?
Балалар: Әрине, иә.
Ойын: «Әріптерден сөз құрастыру».
Жалқаубек: Қандай керемет тағыда қандай өнерлерің бар?
Би: «»
Жалқаубек: Жарайсыңдар балалар, сендер әріптерді жақсы біледі екенсіңдер, ал математикадан қалайсындар?
Ойын: «Рет ретімен орныңды тап»
Жалқаубек: Жарайсыңдар балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер, мектепке өте жақсы дайын екенсіңдер, мен ұялып тұрмын.Мен сендер сияқты білімді болғым келеді.
1-жүргізуші:
Көп, көп, рахмет.
Балаларымыз көңілді.
Шақырамыз ортаға,
Тойымызға сән беріп,
Би билейік тамаша, -дей отырып балаларымыздың өнерін тамашалайық.
-Би: «»
2-жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.
1-жүргізуші: Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітін де ақтармыз.
Тәрбиеші апайлардан, сіздер алған ақылды,
Есімізде өмір бойы сақтармыз дей отыра балардың әнін тамашалайық!
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Би: «»
1-жүргізуші: Жадыраған жаздай жылы, жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаздар, гүлмен бірге жолдаған,
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал-дей отырып шәкірттеріміздің шын жүректен алғыстарын қабыл алыңыздар.
18. Дариға:
Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Бақытжамал Негметовнаға
мың алгыс!( бірге )
19.Аяулым: Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп,
Білгеніңді сұрайтын,
Ақылын да айтатын әдіскерлеріміз Гулжан Бірлестікқызына Жанар Айбасовнаға мың алғыс (бірге )
20.Аиша:
Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған,
Қате болсақ кешірген.
Тәрбиеші апайларға Зейнеп Мажитовнаға, Үмітжан Егинбаевна ,
Айтамыз біз мың алғыс! бірге )
21. Алихан:
Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған,
Басымыздан сипаған
Райхан Залеловнаға мың алғыс (бірге )
22. Медина:
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
Наталия Николаевнаға
(бәрі бірге мың алғыс)
23. Томирис:
Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді,
Асем Айбасовнаға мың алғыс! бірге )
24. Азиза:
Тәтті тамақ пісірген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы апайларға
Алғыс айтып барамыз (бәрі бірге аспазшы апайларға мың алғыс)
25. Айзере:
Жаттығулар жасатып,
Шынықтырар біздерді
Денемізді тік ұстап
Мықты болып өстік біз.
Ботагөз Сейілбековнаға (бәрі бірге мың алғыс)
Балалар:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
1-жүргізуші:
Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын.
Ұмытылмай балабақша вальсі,
Көңілде мәңгі сақталсын.
Би: "Қоштасу вальсі"
2-жүргізуші:
Сән салтанат жасайық
Күй сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойға
Әнмен шашу шашайық-деп, «Сау бол балақшамыз» әнін қабыл алыңыздар.
Барлығы бірге:
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тартық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош-сау бол!
Ән: "Сау бол балақшамыз"
1-жүргізуші:
Қош, балалар, сәт сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар.
Жақсы оқып әрқашан,
Тек -"5 тікті" алыңдар.
Келесі сөз кезегін « Қуаныш бөбекжайының» меңгерушісі Сағила Баймырзақызына сөз беріледі
(Балабақша түлектеріне диплом табыстау)
2-жүргізуші: Құтты болсын тойларың,
Сәтті болсын жолдарың.
Айналайын гүлдерім,
Ақшуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Біз сіздерге тілейміз,
Сәтті сапар ақ жолды!
Келесі сөз кезегі ата-аналарға берілсін.
1-жүргізуші: Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін ортаға салды. Балабақша түлектерінің қадамына гүл бітсін деген игі тілекпен мерекемізді аяқтаймыз.