Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы:«Ертегі еліне саяхат»
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Көркем әдебиет,қарапайым математика,құрастыру
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтап, геометриялық пішіндермен жұмыс жасай білу.
Міндеттері:
Білімділік: сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: ертегі желісі бойынша ой — өрісін, зейінін, байқампаздығын, танымдық құзыреттілігін дамыту.
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, бірлікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: санамақ, үйшік, сандар, пішін, геометриялық пішіндер, қасқыр, ешкі, лақ, орман, тәулік.
Қажетті көрнекілік құралдар: Қасқыр мен жеті лақ ертегі кейіпкерлері, геометриялық пішіндер, орман бейнесі, пойыз, санамақтар. Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, алтын күн,
Қайырлы таң, жер ана.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, қонақтар!
Ұйымдастыру-іздестіру
Бәріміз экранға назар аударайықшы. Қандай ертегінің кейіпкерлерін көріп тұрмыз. Дұрыс айтасыңдар. Қасқыр мен жеті лақ ертегісі. Ендеше бүгінгі іс-әрекетімізді ертегі желісі бойынша жүргізетін боламыз.
Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты.Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
— Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым — лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», — деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:
— Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, қабына салып әкетеді. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Ешкі лақтарын қанша шақырса да, лақтарын таба алмайды. Ең кіші лағы пештің ішіне тығылып қалып, қасырдан құтылады. Анасын көре сала, кіші лағы жүгіре бастайды. Анасына болған жағдайды айтып береді. Ешкі алты лағынан осылай айырылып қалады.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз ешкіге көмек бере аламыз ба? Қасқырдан лақтарды құтқару үшін әр лақтың артында жасырылған тапсырманы орындауымыз керек.
-Осылайша лақтарды құтқарамыз.
-Балалар, бірге лақтарды қасқырдан құтқаруға келіседі.
1-тапсырма
(Үй құстары,үй жануарлары)
Үй құстары:қаз,үйрек, тауық,әтеш,балапан.
Үй жануарлары: жылқы,сиыр,түйе,қой,ешкі,ит, мысық.
Барысы: шашылған үй құстары мен үй жануарларын ажыратты.Тапсырманы дұрыс орындап,атадыңдар.
2-тапсырма
Тура және кері санап,көршілерін тап. «Көп», «Аз» ұғымы бойынша салыстыру
Барысы: Сандарды тура және кері санап, көршілерін тапты. Балаларды екі топқа бөліп, тиін мен қоянға жемістерді жинауға көмектесеміз. Қимылды ойынның соңында тиін мен қоянның жемістерін санаймыз.
3-тапсырма
(Логикалық есептер).
Қалтамды болды 3 алма,
Біреуін бердім Асанға.
Қалды менде неше алма.
(2)
Екі мысықтың неше құйрығы бар?
(2)
Ағаштың басында екі торғай отыр еді. Бір торғай пыр етіп ұшып кетті. Ағаштың басында неше торғай қалды?
(1)
Екі аюда неше көз бар?
(4)
Сергіту сәті:
4-тапсырма
«Бір аптада неше күн бар?»
Апта күндерін атаймыз.
Дүйсенбі,
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Бір жылда неше жыл мезгіл бар? (Төрт) Атаймыз
Көктем,Жаз,Күз,Қыс.
5-тапсырма
«Аспанда,жерде,жердің астында не бар?»
1. Аспанда: күн,бұлт, жұлдыз,ай
2. Жерде: тау,тас,құм,топырақ,көл,ағаш,гүл.
3. Жер астында: су,газ, мұнай,алтын,күміс,көмір.
6-тапсырма
(Үйді құрастыру )
Балалар дайын пішіндерден үйді құрастырады.
Міне, барлық лақтарды құтқардық. Енді санайықшы неше лақ болды?
6 (алты) лақ болды. Керемет балалар!
Тобымызға лақтардың енесі келіп, ризашылығын білдіріп рахмет айтты Рефлексивті-түзетушілік
Қорыту
-Бүгінгі іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
-Жарайсыңдар, балалар, сендер лақтарды құтқардыңдар.
Қоштасу шеңбері
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!