«Менің елімнің рәміздері». Тәрбиешілер: Каиргельдиева А.Б., Ахметжанова М.Ж.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.06.2023

Тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері»

Мақсаты: : Білімділігі: Балаларға ҚР-ның рәміздерімен таныстыру елтаңба,ту,әнұран туралы түсінік қалыптастыру.Туған ел, Отан туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы:Сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету берілген сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Тәрбиелігі:Отан сүйгіштікке баулу,елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы: Әнұран орындау.(оң қолдарын кеуде тұсына қойып орындайды.

 Балаларға  туған жеріміз, отанымыз туралы сұрақтар қою.

-Балалар бүгін қандай күн?

-Біз қай Республикада тұрамыз?

-Біздің елбасымыз кім?

-Елордамыз қай қала?

-Біздің ұлтымыз қандай?

-Қай тілде сөйлейміз?

-Біздің елде қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Рәміздерге нелер жатады?

Әңгімелесу:

(рәміздер туралы сурет арқылы түсіндіріп көрсету)

Балалардың жауабы:

Ойын: «Белгісін ата»

Шарты: Тақтада берілген рәміздердің әрқайсысының ерекшелігін суретке қарап сипаттаап беру керек.

Шығармашылық жұмыс: 1 «Бәйтерек»,2 «Ою өрнек».

1 топ Жапсыру : Бәйтеректің макетіне түстеріне сәйкес күріш,ұарақұмық,бидайды жапсырып «шекейлейді.

2 топ Сурет салу: Шыныда тұрған оюдың макетіне ою өрнекті түске сәйкес ішін бояп, макеттегі картон қағазын алып тастайды.

Тәрбиеші: Балалар енді 2 топшаға бөлінеміз.

Ұжымдық жұмыс: 1 топ- әртүрлі мемлекеттердің рәміздерінің арасынан Қазақстан мемлекетінің рәміздерін суреттерін тауып ( ту , елтаңба, ән ұран) ватманға орналастырып, құрастырады. 2 топ-  күн сәулелерін орналастырып күнді әшекейледі.

Тәрбиеші: Ал балалар біздің денсаулығымыз қаншалықты мықты, күшіміз қаншалықты көп екенін тексеріп көрейк. Ол үшін қазір бәріміз бірге ойын ойнаймыз.

Ойын: «Кім күшті»

Шарты: Әр балаға шар беріледі, музыка әуені қосылғанда шарды үрлей бастау керек,  жылдам және үлкен шар үрлеу қажет.

Ұжымдық жұмыспен қорытынды:. Көк түсті шарларды үрлеп, жылы лебіздерін айтып тақтаны әсемдеу. Жасаған жқмыстары үшін  балаларды мадақтап,аяқтадық.

Просмотров: 945


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу