Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Қастерлейік балалар, бабалардың мұрасын....»
Ұлтымыздың болашығы – бала, оның тәрбиесі мен тағдыры ұрпақ келешегі. Олар заман талабына сай әдіс-тәсілдермен тәрбиеленуі тиіс. Десек те, жаңа әдістермен қоса ұлттық мүддені де сәби санасына сіңірген жөн, деп санаймыз.
Сондықтан, «Керегеміз – ағаш, Ұранымыз – Алаш» – дей, отырып «Қаныш» бөбекжайының бүлдіршіндеріне арнап, бүгінгі күні трендке айналған қазағымыздың «Киіз үйі» құрылып, ауламызға сән беріп, жаңғыртылып отыр.
Бөбекжайдың тәрбиешілері балаларды ойната отырып, көшпелі өмір салтын ұстанған бабаларымыздың киіз үйді баспана еткенін, тұнған тарихы мен тағылымы туралы мәліметтер береді. Киіз үй ішіндегі түрлі өрнектерді таныстыру арқылы, бабалардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеу, эстетикалық талғамдарының дамуына тәрбиелейді. Шаңырағы биік, керегесі кең үйдің ішінде «Әжемнің ертегісі», мақал-мәтелдер, түрлі жұмбақтар айтылып, өлең, тақпақтарды жаттауда, балалардың қабылдауына, зейінін қалыптастыруда өте ыңғайлы екені байқалды. Айналасындағы жасыл шөптермен көгалдандырылған керемет аулада, балалар ұлттық ойын «Ханталапай», дамыту ойындары , жазғы сауықтыру шараларына қатысып, сана-сезімдерін сергітумен қатар, көңіл-күйлері көтерілді.
Балалар біздің болашағымыз!
Сондықтан жаңа қызықты бастама қарсаңында өмір кешудеміз!