АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КӨРМЕ «КҮЗ – СЫЙЫ»

12.10.2023

 

 

       11.10.2023 ж. «Қуаныш» бөбекжайында «Күз сыйы» атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті.

Бұл іс-шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды бөбекжайдағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Балаларға тәрбиешілер күз мезгілі бай екендігі туралы түсіндірді, өз жұмыстарында қандай табиғи материалды қолдануға болатындығы туралы әңгімелер жүргізілді. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан қиялдап, ерекше әдемі, ерекше қызықты қолөнер жасады.

       Табиғи материалдармен жұмыс шығармашылық қиялды қажет етеді. Ата-аналар балаларымен бірге күлкілі ойыншықтар, сүйікті ертегілеріндегі сүйкімді кейіпкерлерін нағыз өнер туындысы деп атауға болатын туындылар жасап әкелді. Ешқандай жұмыс қайталанбайды. Бірнеше бірдей жұмыстар болса да, олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар, әрқайсысы басқаларына ұқсамайды. Балалардың ата-аналарының балабақша өміріне белсенді қатысуы, олардың үйдегі бірлескен шығармашылық қарым-қатынасы, барлық отбасы мүшелерін біріктіреді, бір-біріне жақын адамдар бір-бірін жақсы көретін, түсінетін және бағалайтын отбасында жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Баласымен шағармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!
 

Просмотров: 490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст