Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
25 Қазан - Қазақстанда Республика күні, мемлекеттік мереке.
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
Осыған орай біздің балабақшада салтанатты құттықтау іс шарасы өткізілді. Ұжымның атынан Балабақша меңгерушісі, Бақытжамал Нығыметовна құттықтап, сәйкесінше, балабақшаға қосқан үлестері мен сіңірген еңбектері үшін тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілері не де құттықтау грамоталары табысталды.