АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын күз" 8 "Құлыншақ" тобы

02.11.2023

"Алтын күз" сценарий балабақшада ересек тобы

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

                          Жасымыз бен кәріміз.

                           Қырдан кепті қыдырып,

                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

 

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

 

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

 

Адема:Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң   

Той жасайды халқымыз,

 

Кира:Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей,

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей

 

Қайсар:Жапырақтар жамырап,

сайға барып бекінді,    

Анасынан ажырап,

қалған бала секілді.

 

Кәусәр:Жатыр дала жалтылдап,

жаз шуағы мол құйды,

Күн астында алтын дән,

тербеледі толқиды   

 

7.Көктемде егін егетін,

күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала,

астық толы айнала.

 

(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)

 

Ән: «Күз келгенде»

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,

                               Өмірге көп қосқаным,

                               Күз сыйлығын алыңдар

                               Сыйлығына қаныңдар.

                               Молшылыққа кенеліп,

                              Шаттық әнге салыңдар.

 

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі. 

 

Алихан:Жердің сәні егін

Ердің сәні білім

 

Аймара:Егіндікті күз суар.

Күз суарсаң, жүз суар

 

 Аделя:Арпа, бидай ас екен

Алтын күміс тас екен

 

 Айдана:Не ексен соны орасың

 

Қайсар: Жері байдың – елі бай.

 

Жүргізуші:Ұлдарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Саңырауқұлақ»

Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде –  «Күзгі бақша»  телеарнасының , Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар  бар екенің, соны шақырады.

-          Сәлеметсізбе, Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!

Қызанақ - кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

1 –Өрік

2 – Алмұрт

3 – Қияр

4 – Жүзім

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: —- Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.

Ән: «Күз тамаша»

Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.

Айдана:Соңғы шуақ төгіліп,

 салқынданып тұр аймақ,

Ақ сәулеге шомылып,

жапырақтар жүр ойнап.   

 

Камиль:Жел тынымсыз гуілдеп,

болып кетті тым бұзық.  

Шуылдайды тал терек,

Жапырағын жұлғызып.

 

Аделя:Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

 

Аружан: Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз келді, дән пісті

Айтамыз алғысты

Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше  эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының кориспонденті –Қоянды шақырайық!

-          Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?

Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.

Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

 

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге  алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

ОЙЫН «Жаңғақтар мен жемістерді себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен жемістерді аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

 

Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.

 

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

 

Би: «Қолшатыр»

Кезегімізді  өлең шумақтарына берейік.

 

Аймара:Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгілді

Біздің өмір таң шуақ,

біздің өмір көңілді   

 

Алихан:Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып,

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсініп.

 

 3.Ой, балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Құлап жапырақтар солыпты.

Ел егінін орыпты,

 

Ән: «Қызыл-сары жапырақ»

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

Просмотров: 917


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст