АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күз береке-молшылық!», "Сұңқар" ортаңғы топ

03.11.2023

«Күз береке-молшылық!»

№1«Сұңқар»ортаңғы тобы

Тәрбиешілер: Ескендирова А.Н

Темиртас Н.М

 Өткізілген күні:31.10.2023ж

                                                                                                                                                                                                                                                        

Күз- береке,молшылық!

Музыка залына балалар музыка әуенімен , қолдарына жапырақ ұстап кіріп,орындарына отрады.

Тәрбиеші:Құттықтау сөзі:

Құрметті қонақтар!

Балабақша ұжымы,балалар!

Сіздерді келіп жеткен күз мезгіліндегі «Күз-береке,молшылық!»-деп аталатын 1-Сұңқар ортаңғы тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Күз жақсы көңіл-күй,молшылық,береке әкелсін баршаңызға!

Ән: «Кап-кап,тук-тук»

Мерекемізді тақпақтармен жалғастырамыз

1.Әмір

Күзім-ау,күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Жауғаның қызық-ау

2.Медина

Келді міне,күз

Айнала сары түс

Керемет Әсеи күз.

3.Ару

Жеміс-жидек пісті

Қамбаға астық түсті

4.А.Диас

Бұлттар басып аспанды

Нөсер жаңбыр жауады

Ағаштағы жапырақ,

Сарғайып желмен ұшады.

5.Томирис

Алтын сары,қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

6.Зара

Денең мұздап тоңады

Айтыңдаршы балалар!

Бұл қай кезде болады

Тәрбиеші:Балалар бізге қонақ келе жатқан секілді

(Музыка әуенімен күз ханшайымы келіп,кіреді,балаларды қуантады)

Күз ханшайымы:Балалар! Мен жай келмедім сендерге ойын ала келдім

Ойын: «Көкеніс пен жемістерді құрастыру»

Ойынның шарты: бала шығып,құрастырып,көкеніс-жемістердің атын атап береді.

Осы кезде,таласып,мен күштімін мен күштімін деп,таласып, күнмен бұлт кіреді.

Күз ханшайымы:Күн және бұлт

Сіздер таласпаңыздар

Бізге күнде керек өйткені күн жылуы көп нәрсеге жылу сыйлайды.

Бұлтта керек жаңбыр жауып,су береді.

Қане,татуласу үшін сіздерге балалар

Ән: «Қолшатыр» -айтып береді

Тақпақтарды жалғастырамыз.

7.Айжан

Күз келді.күз келді

Жапырақ жауды іздерді

Күз келді,күз келді

Қуантып біздерді

8.Х.Амина

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерді жинауға

Шақырады біздерді

9.Дарын

Алақай,алақай!Күз келді

Қуантып біздерді

10.Дарина

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі

11.С.Диас

О алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

12.Ансар

Күз келді бақшаға

Қуанды бар бала

13.Санжар

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Күн-бізде құр қол келмедік

Бұлт екеумізойын ала келдік

Ойын: «Күн мен Жаңбыр»

Ойынның шарты:Музыка әуенімен балалар бейлейді:Күн дегенде

Жаңбыр дегенде:қолшатыр астына жасырынады.

Би: «Көңілді күн!»-ұлдар

Ойын: «Күз ханшайымын жасайық!»

Ойынның шарты:Дайын қыздың суретіне жапырақтарды жабыстырады

Би: «Жапырақтар-қыздар»

Күз ханшайымы әкелген жемістерді таратады.

Күз ханшайымы: Осымен шағын ертеңгілігіміз аяқталды.

Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет!

Просмотров: 1003


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст