Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Алтын Күз!».
№5 «Қарлығаш» М/Д тобы
(Зал мерекеге сай безендіріліп, балалар жас ерекшелігіне сай киінген. Залға тәрбиеші мен екі тәрбиеленуші кіреді)
Сезім: Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық
Асадуллах: Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық береке
Алтын күз мереке!
Сезім: Олай болса, №5 «Қарлығаш» тобының балаларын қарсы алайық.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме қонақтар, ата – аналар және балабақша ұжымы! №5 «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының «Алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Балалардың орындауында «Алтын күз келді» әнін қабыл алыңыздыр.
Хор ән:«Алтын күз келді».
(Көңілді әуенмен Сайқымазақ билеп келеді).
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы.
Сайқымазақ: Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қайың терек басынан, сарғыш тартып жапырақ.
Жерге түсіп шашылып, жел үрлесе қалтырап.
Кейі желге ілесіп, ұшып кетіп барады.
Айтыңдаршы балаларым, бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз мезгілінде болады.
Сайқымазақ: Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Енді сендерге бірнеше сұрақ қоямын.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз мезгілінде неше ай болады?
3. Ай аттарын атап беріңдерші.
4. Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдер.
(Балалар сұрақтарға жауап береді).
Тәрбиеші: Сайқымазақ, көрдіңізбе біздің балаларымыз қандай білімді? Енді кезекті балалардың тақпақтарына береміз.
Даяна
Қойны толы тәтті нан
Тәттісі көп не түрлі
Жайдары күз,жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Жігер
Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Астық дала-сәулеті
Астық Отан –дәулеті
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Айзада
Сезілген соң күз лебі
Құстар қайта бастады
Тырналардың тізбегі
Солдаттардай саптағы
Сап-сарығып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
Айханым
Мерейлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңыңда
Шомыламыз нұрға біз
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Күз келеді жар салып.
Күзгі суық басталды
Ернияз
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейінші жараса.
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
(Көңілді әуенмен Күз ханшайымы келеді).
Күз хашайымы:Алтын түске боялған,
Тау мен қырқа, дала күз.
Келді міне ортаңа,
Менің атым – Алтын күз!
- Сәлеметсіңдерме балалар!
Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Қош келдіңіз, төрлетіңіз!
Күз ханшайымы: Балалар сендер көп тақпақтар біледі деп естідім.Қане тағыда кім маған тақпақтарын айтып береді.
Тәрбиеші: Олай болса кезекті тақпақтарға береміз
Арсен
Күз келіпті тамаша,
Айдын далаға қараса.
Сарғайған көп жапырақ,
Сан жетпейді санаса
Арлен
Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп
Жанали
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Көбейді құт – береке
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Самира
Алақай, алақай
Шаттанды балақай.
Береке- алтын күз,
Мереке- алтын күз.
Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме,
Күз дейтін мереке.
Самира
Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын, сары күз.
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күнім елжіреп.
Күз мезгілі тамаша,
Келді міне еліме.
Тәрбиеші: Келесі кезекті биге береміз
Би: «Күзгі вальс» қыздар биі
Асадуллах: Күз ханшайымы, сізді неге «Күз жомарт»дейді?
Күз ханшайымы: Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларға толтырдым. Сол себепті мені «Күз жомарт» дейді.
Тәрбиеші: Олай болса балалар, Күз ханшайымына «Күз тамаша» әнін орындап берейік.
Хор ән: «Күз тамаша».
Күз ханшайымы: Мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Жемістер мен көкөністерді жинау».
Шарты: балалар екі топқа бөлініп, жемістер мен көкөністерді ажыратып, кедергілерден өту арқылы себеттерге салуы керек.
Сезім: Келесі кезекті алтын күзге арналған тақпақтарға береміз.
Мадина
Өрік ,шие ,балы бар
Қарбыз ,қауын көбейді
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді
Бұлт ағады аулаққа
Күз келіпті аймаққа
Жаздай піскен жаңғақта
Шашылады жан-жаққа
Мирас
Сары алтындай сары күз,
Қамбадағы дәніміз.
Шелек, шелек балымыз,
Ағыл-тегіл дәніміз.
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән қоймайды.
Алтын астық айнала
Далам менің бай дала.
Мансур
Күзде жаңбыр жауады
Суық жел соғып тұрады
Жапырақтар сарғаяды
Күзде салқын болады.
Мол астықты біз жинап
Күзде молшылылық болады
Али
Шашу шашты жапырақ.
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Абдумуссаввир
Күз келіпті тамаша,
Айдын далаға қараса.
Сарғайған көп жапырақ,
Сан жетпейді санаса
Мен мұндалап шақырады,
Алтын аймақ –атырап.
Ағаштардан жауып тұр.
Қызыл,сары жапырақ.
Аңсар
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астықайнала.
Асадуллах: Келесі кезекті балалардың биіне береміз.
Би: «Ковбой».ұлдар биі
Сезім: Күз ханшайымы неге сізді «Қоңыр күз» дейді.
Күз ханшайымы:Көктемде ұшып келген құстар, туған жерін қимай, қоңыр әнге салып жылы жаққа қайта бастайды. Сондықтан мені «Қоңыр күз» дейді.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы олай болса балалар сізге қоңыр күз туралы тақпақтар айтып береді.
Дамир
Жел соққаны соншама,
Жапырақты ұшырды.
Күзгі жаңбыр жауады,
Суық енді болады.
Даниал
Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Судырап түседі.
Үстінде егін жай
Салқын жел соғады.
Гүл жапырақ шөптерде
Қурап, қурап солады.
Әмір
Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі.
Астық- жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Сафия
Алтын ,сары ,қызыл ,көк
Алуан –алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Ой алақай тамаша
Тәрбиеші: Жаңбыр, жаңбыр жауа бер,
Қорықпаймыз біз сізден.
Қолымызда қолшатыр,
Кел әндетші бізбенен –балалардың орындауында «Жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Жау,жау жаңбыр».
Сайқымазақ:Балалар менде сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын:«Өз жұбыңды тап».
Шарты: Әр балаға сурет беремін, сутертте жарты жеміс немесе жарты көкөніс берілген. Әуенмен билеп жүресіңдер, әуен тоқтаған кезде екінші жартыңызды тауып тез қасына тұрасыңдар.Ойын осылай жалғаса береді.
Тәрбиеші: Ал енді, құрметті қонақтар балаларымыздың «Алма» ертегісінің сахналауын тамашалаңыздар.
Сезім:
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Ән: «Күзім».
Асадуллах:
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен,
Алдым соны түсініп.
Тәрбиеші:Келесі кезекті балалардың билеріне береміз,қарсы алыңыздар.
Би: «Тунак биі».
Күз ханшайымы: Балалар өкінішті, бірақ мен сендермен қоштасуым керек. Енді шанасын сүйреткен қыс атаны күтесіңдер. Сау болыңдар, балалар!
Сайқымазақ:Менде басқа балабақшаларға баруым керек еді. Сау болыңдар балалар, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен ертеңгілік аяқталды.
Өткізген:ЕргалиеваК.Б.
Серикбаева А.Ж
Күні: 02.11.2023ж